Kazakhstan International Linguistic College
Реферат
Тақырыбы:
Томирис патшайым
Орындаған: АІ 21-1,1 курс студенті Қайсар Дария
Пән мұғалімі: Ерлан Құрмашұлы
Нұр-Сұлтан, 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ...........................................................................................................3
1.1 Жалпы мәлімет...........................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ...............................................................................................4
2.1 Массагеттердің патшайымы – Томирис..........................................4
2.2 Томирис патшайымның ерліктері............................................................5
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................6
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................7
Кіріспе
Тағдырлы тарихымызда елін, жерін қорғаған даңқты батыр қыздарымыздың аз болмағанын білеміз. Халқы үшін барлығынан бас тартқан қайраткер сақ патшайымдары Тұмар мен Зарина (Сара), Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан қайсар Әлия мен Мәншүктей қыздарымыз – ерлігі және ақыл-парасатымен ерекшеленген тарихи тұлғалар. Өз елінің жаудан аман қалуына, елі мен жерін сақтап қалу жолында барлығын құрбан қылған атақты сақ патшайымы Тұмардың (Томирис) ерлігі мен қаһармандығы жайында талай аңыз-әңгімелер бар.
Осы күнге дейін ол жайында көптеген аңыз-әңгімелер айтылып келеді. Онда оның сұлулығы мен қайсарлығы, елі үшін еткен ерлігі жан-жақты бейнеленеді. Оған қоса патшайым жайында жазушылар том-том кітаптар жазса, режиссерлер көптеген фильмдер түсіруде. Тіпті балет те қойылды. Сонымен, Томирис деген кім?
Тұмар (Томирис) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
3
Достарыңызбен бөлісу: |