БӨЖ Ағзаның ноцицепциялық және антиноципцециялық жүйелері
Орындаған: Агибай Нұрай
Тобы В-ЖМҚА-01-22
Қабылдаған Абдиев. К. К
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ауырсынудың түрлері, көрінісі, биологиялық маңызы.
Ноцицепциялық рецепция.
Ағзаның антиноцицепциялық жүйесі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ауырсынудың түрлері,көрінісі,биологиялық маңызы
Ауырсыну-организмнің ішкі немесе сыртқы зақымдағыш тітіркендіргішке,оны жою мақсатындағы жүйелік жауабы.Оған рефлекстік,эмоционалдық және психикалық компоненттер кіреді.
Организм тіршілігі үшін ауырсыну түйсігінің маңызы өте зор болып табылады.Ауырсыну сезімі әдетте тін зақымданғанда пайда болады.Ол өте күшті және зиянды тітіркендіргіштердің қауіптілігін хабарлайды
Ауыратын әсерлер әртүрлі түйсіктерді қалыптастырады.Қазіргі кезде ауырсыну түйсіктерінің көптеген түрлері қарастырылады.Ауырсыну түйсіктері сапасына қарай,қарқыны бойынша,мерзіміне байланысты,орналасуы бойынша болып жіктелінеді,
Ауырсыну кезінде қозғалыстық,эмоциялық,және вегетативтік көріністер байқалады.Яғни,үрей,қорқу,лоқсу,жүрек соғысының өзгерістері сияқты әсерлер көрініс табады.
Ауырсынудың түрлері,көрінісі,биологиялық маңызы
Дене ауырсынуынының пайда болуына байланысты,3 санатқа жіктеледі:
1. Сыртқы әсерлерден туатын ауырсыну.Ол теріде болады,қысқа мерзімді,орналысымы оңай анықталады.Жүйке зақымданбайды,және зақымданулар болмайды
2.Ішкі үдерістер әсерінен болатын ауырсыну.Мұның мерзімін,орналысымын,себептерін,ауырсынуын жою өте қиын болып табылады.Жүйке бұл кезеңде де зақымданбайды
3.Жүйке зақымданғанда туатын аурырсынулар.Бұлар негізінен ішкі ауырсынуларға ұқсас болып келеді.Жүйке зақымданады,оның шеткі және орталық өткізгіш жолдары бұзылады.
Ауырсынудың түрлері,көрінісі,биологиялық маңызы
Дене ауырсынуы 3 түрге жіктеледі:
а) бастапқы немесе бірінші ауырсыну (жылдам, шанышпалы, өткір);
б) соңғы немесе екінші ауырсыну (баяу, шыдатпайтын, ашытатын), ол біріншден 0,5-1 с кейін басталады, орналасымы белгісіз, жүрек-тамыр, тынысалу жүйелері езгереді;
в) созылмалы ауырсыну,ұзаққа созылады, көптеген ауруларда байқалады, сезім, мінез қалыптары өзгереді.
Психогендік ауырсыну рухани немесе әлеуметтік жағдайлардан туады. Ол себепсіз басталады, кісінің көңіл-күйіне байланысты. Науқастың(пациент) ауырсынуы, анықталған белгілеріне сәйкес келмейді, түнгі мезгілде, ұйықтағанда, антидепресант қолданғанда жоғалып кетеді.