Туристік формальдылықтар
Туризм сферасында туристік формальдылықтар – бұл міндетті заң аясында бекітілген іс-әрекеттер. Бұл туристік саяхатты жасаумен, құжаттарды даярлаумен және шекарадан өту іс-әрекеттерімен байланысты.
Туризмде туристік формальдылықтарды бірнеше классификацияға бөлуімізге болады:
төлқұжаттар (паспорт) мен визалар;
кедендік бақылау;
валюталық бақылау және валютаны айырбастау реті;
санитарлық бақылау;
туристерді әлеуметтік және экологиялық қорғау және т.б.
Кейбір туристік формальдықтар туристерге ғана қатысты, мысалы, шетелдік паспорт алу, кеден бақылаунан өту, прививка жасау және т.б. Басқалары турфирмаларға жатады, яғни халықаралық турбизнеспен айналасу үшін барлық құжаттарды жинау, яғни туристік іс-әрекетпен айналасу үшін лицензия алу, туристік өнімге сертификат алу және т.б. Шетелдік паспорт – азаматтықты куәландыратын құжат.
3
Төлқұжат (паспорт) даярлау
Шетелге саяхатқа шығу үшін әрбір азаматтың шетелдік төлқұжаты болуы керек. Бұл құжат арқылы елімізден тыс елдерге еркін барып-келуге болады. Бұл құжатты алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына келесідей құжаттарды тапсыру керек:
бекітілген нүсқадағы арыз (2 дана);
3x4 формасындағы сурет (4 дана);
төлемақы төленгені туралы түбіртек;
төлқұжатты толтыру үшін бланкіге төленетін сома.
Арызды компьютерде қатесіз теріп тапсырған дұрыс. Егер құжатқа жеті жасқа дейінгі балалар жазылатын болса, олардың туу туралы куәліктерінің көшірмесін тапсырған дұрыс.
Төлқұжатта азаматтың жынысы, жасы, туылған жері, тұрғылықты жері және азаматтығы жайлы жазылады. Туристтің төлқұжатының жарамдылық мерзімі елге қайтып оралғанға дейін жетуі керек. Сондай-ақ төлқұжатта (паспортта) техникалық ақаулар болмауы керек., яғни суретінің жыртылуы, жазуының көрінбеуі, беттерінің жыртылуы және т.б. Төлқұжатты тексеру барысында жоғарыда аталған ақауларға түристік фирма жауап бермейді.
1963 жылғы Рим конференциясының шешімі бойынша халықаралық туризм мен саяхатқа келесідей ұсыныстар енгізілген:
төлқұжат қызметінің орталықтануы;
төлқұжаттарды даярлау мерзімінің қысқартылуы;
шетелге шектеусіз саяхат жасаушыларға 5 жылдық мерзімді енгізу;
барлық елдердің төлқұжатын халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартына сәйкестендіріп жасау; яғни бұл компьютерлік тексеру кезінде мүмкіндіктерді қамтамсыз етеді.
4
Виза
Кез келген елге кіру үшін міндетті түрде виза қажет. Виза (латын тілінде «visa» - көру , қарап шығу) – бұл шетелдік үкіметтің сол елден кіріп-шығуға арнайы рұқсаттамасы. Виза – оның егесіне сол елде уақытша тұруға рұқсат етіледі. Виза төлқұжатқа қойылуы мүмкін немесе арнайы құжатта көрсетіледі.(мысалы, топтық туристік виза).
Виза – туысқандарға қыдырып барғанда, немесе олардың шақыртуы бойынша және іскерлік мақсатқа да жасалады.
Визалар, сондай-ақ көпреттік және бірреттік, жеке және топтық, студенттік, шығу, транзиттікжәне шенген болып бөлінеді. Визаны алу үшін визалық анкета толтырылады, 3х4 формадағы сурет, елшілік кеңеске ақша төленеді, мысалы Англия, АҚШ –қа бару үшін виза аштырарда елшілік кеңеске арыз берушіні шақыртады.
Визалық анкеталардың бланкілері әр елде әртүрлі.Мазмұны да саяхат мақсаты мен ұзақтығына байланысты. Кейбір елдерде елге визасыз кіруге рұқсат етілген: Болгария, Венгрия, Куба, Моңғолия, Македония, Польша, Словения, Хорватия, Чехия, Югославия.
Ал мына елдерде визаны елге келгеннен соңм алуға болады: Мальта, Мысыр, Ливан, Непал, Намибия, Сирия және т.б. елдерде.
1995 жылы 26 наурыздан бастап, Еуропаның 7 мемлекетінде Шенгендік келісім күшіне енді. Бұл елдер: Бельгия, Португалия, Германия, Австрия, Испания, Франция, Нидерланды.
Шенген визасының 2 түрі бар:
бірыңғай шенген визасы, 3 айға дейін осы 7 ел территориясында кедергісіз жүруге болады;
ұлттық шенген визасы, 3 айдан жоғары мерзімге беріледі.
Шенген визасы қарапайым виза сияқты топтық болмайды.
5
Достарыңызбен бөлісу: |