Реферат тақырыбы: Туристік формальдылықтың мәні және классификациясы Дисциплина: Туристік формальдылықтар Қабылдаушы аға оқытушы магистр: Ондасинова А. А. Тапсырушы: Төребек Ж. А. Мамандығы және тобы: Туризм және сервис 201



бет3/3
Дата15.11.2023
өлшемі28,09 Kb.
#123129
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
zhenisshakh

Кедендік бақылау
Кедендік бақылау кедендік қызметпен жүзеге асырылады. Тауардың кедендік бағасы растайтын құжаттармен анықталады. Сонымен қатар, өз тауарының кедендік бағасын туристтің өзі анықтағаны дұрыс.
Тауардың кедендік бағасын анықтауда келесі факторлар ескеріледі:

  • тауардың сапасы;

  • тауардың жасалған уақыты;

  • және т.б. факторлар.

Тауарларды кеденнен өткізуде сандық (мөлшерлік) шектеулер енгізілген. Яғни сол мөлшерден аспаған жағдайда кеденге ақша төленбейді.
Шекара арқылы кеденнен мына көлік түрлерін өткізуге болады:

  • жеңіл автокөліктер;

  • басқа да моторлы транспорттық құралдар;

  • фургон-автокөліктер;

  • жарыс автокөліктері.

Автокөліктерді өткізу барысында мыналарды ескеру қажет:

  • кеден алым-салығын төлеу;

  • кеден декларациясына автокөлікті тіркеу;

  • басқа да кедендік құжаттарды даярлау.

Мына заттарды алып кіру мен шығаруда арнайы шектеулер қарастырылған: бағалы ескі монеталар, металл монеталар, өнер туындылары, мәдениет ескерткіштері, антиквариат және т.б. бағалы заттар.

6

Валюталық бақылау


Шетелге алып кіру және шығару сомасы белгіленген лимиттен асып кетуге рұқсат етілмейді және ол асып кеткен сомадағы ақша тәркіленеді. Көптеген шетелдерде түристер үшін ешқандай шектеулер қойылмаған. Яғни бұл елдерде өз шекарасынан ұлттық немесе шетел валютасын алып кіруге не шығаруға ешқандай шектеулер жоқ. (Австрия, Бельгия, Дания, Германия, Англия, Португалия, Швейцария,АҚШ,Канада,Австралия,Жапония).
ТМД елдерінің барлығы дерлік өз территорияларынан ұлттық валютаны алып кіру мен шығаруға тыйым салынған. Балтық елдері мен Қырғызстаннан басқа елдер.
Туристердің көбісі ақшаларын дұрыс есептеулері үшін жол чектерін және пластикалық карталарды қолданғандары дұрыс.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралақ төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол фирмада және қолма-қол емес формада болады. Оның элементтері орталық банк және коммерциялық банктер.
Дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде құрылып, 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатысқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.
Аймақтық валюта жүйесі – дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде батыс Европаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған «Жалпы нарық» одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды.

7


Қорытынды
Туристік кәсіпорындар мекемелері қазіргі таңда дамып келеді: туристік агенстволар, туристік бюролар, экскурсия бюролары, басқа да туристерге қызмет көрсететін мекемелер.
Міне, осылардың барлығы тікелей халыққа қызмет көрсететіні белгілі. Туризм сөзінің өзі халықаралық сөзімен синонимдес, яғни шетелге шығу.
Туристік мекемелер туристерді шетелге жіберумен айналысатын болғандықтан, олармен тығыз қарым-қатынаста болады.Ол елдерге жіберу үшін заңды түрде құжаттардың барлығы дұрыс рәсімделуі қажет. Сонымен қатар, паспорт, виза мұқияттылықпен тексеріліп жазылады.
Әуежайда да кездесетін кедергілерден, яғни кедендік бақылаудан өту барысындағы ережелерді өз клиенттеріне түсіндіруі керек. Сапар шегетін еліндегі қолданылатын валютаны да және қандай сомада алып шығуға болатындығы жайлы хабардар етуі керек.
Қорыта келе, осы жоғарыдағы қажеттіліктердің барлығын туристік кәсіпорын қызметкері білуі міндетті болып табылады.

8


Қолданылған әдебиеттер
1. Чеботарь Ю.М. Туристический бизнес. Москва 1998 г.
2. Гуляев В.Г. Организация туристической деятельности. М... 1997 г.
3. Сенин В.С. Введение в туризм. М,. 1995 г.
4. Грибалев Н.П., Игнатьева И.Г. С-Пб., 1999 г.
5. Папирян Г.А. Маркетинг в туризме –М.
6. Котлер Ф. Боуен Дж. Мейкенз Дж. Менеджмент организаций.
7. А.Я. Кибинова –М. ИНФРА –м, 200-296 стр.
8. М.А. Жукова Индустрия туризма.
9. Жолдасбеков А.А., Естанова А.Б. Организация и управления.
10. Менеджмент туризма : учебник для студентов.-М. РИАТ, 1998 г.

9

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет