Реферат Тақырыбы: Қуат балансы. Күрделі тұрақты ток тізбектерін талдау. Орындаған : Садуллаев А. Д



бет1/3
Дата24.05.2023
өлшемі266,72 Kb.
#96590
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Реферат Та ырыбы уат балансы. К рделі т ра ты ток тізбектерін



Инженерлік пәндер кафедрасы


Реферат

Тақырыбы: Қуат балансы. Күрделі тұрақты ток тізбектерін талдау.


Орындаған: Садуллаев А.Д.
Тобы : ФӨТҚА-03-21
Қабылдаған:Қырғызбай А.К.

Шымкент 2022


ЖОСПАРЫ:

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

Қуаттың түрлері
Күрделі тұрақты ток
Кирхгоф заңдарын тікелей қолдану әдісі

  • Қорытынды

  • Пайдаланған әдебиеттер



Кіріспе
Өндіріс қуатының балансы — жабдықтарды немесе еңбек құралдарының түрлерін пайдалану дәрежесіне және ұдайы өндірістің ерекшелігіне байланысты қуаттардың өзгеруін сипаттайтын арнаулы баланс. Өндіріс қуатының есепті және жоспарлы балансы жасалады. Өндіріс қуаттары кәсіпорындар және салалар бойынша есептеледі. Қуат көлемі жаңа жаңа техниканы енгізуге, өнімнің номенклатурасы мен ассортиментінің және жұмыс режимінің өзгеруіне байланысты дүркін-дүркән қайта есептелініп отырады
Өндіріс қуаты - белгілі бір уақыт өлшемі ішінде барынша көп сапалы өнім шығаруы. Социалистік елдерде өндіріс қуаты жоспармен белгіленетін номенклатурамен және сандық арақатынаспен анықталады. Мұнда өндіріс жабдығын, алаңын, озат технологияны және еңбекті ұйымдастыруды неғұрлым толық пайдалану ескеріледі. Кәсіпорынның өндіріс қуатын есептеу жоспарда қабылданғанөнімдерді өлшеу бірліктері арқылы іске асырылады.

Негізгі бөлім
Қуат - уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама.
1.Сәулеленетін энергияның мөлшері немесе уақыт бірлігінде орындалатын кез келген жұмыс, өлшем бірлігі ватт.
2. Жүйенің өнім шығаруға, яғни оның уақыт бірлігіі ще белгілі бір жұмыс көлемін орындау қабілеттілігін анықтайтын сипаттама. 
3. Белгілі бір қасиеттерге ие, кодалау теориясындағы көрсеткіш берілген жиында N элементтер санын сипаттайды. М символдарынан N разрядты бірыңғай коданың қуаты N = т".
Қуаттың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі – Ватт (Вт). Вт=Дж/с. Қуаттың еселі өлшемдері:1 кВт=103Вт, 1 МВт=106Вт техникада кеңінен қолданылады; сонымен қатар Қуат бірлігі ретінде ат күші (а. к.) де қолданылады, 1 а.к.=735,5Вт.

Тізбектегі қорек көзіннің қуаты деп басқа түрлі энергияның электр энергиясына түрлендіру жылдамдылығын айтамыз.



Қабылдағыштардың қуаты – электр энергиясын басқа түлі энергияға түрлендіру жылдамдығы деп есептеуге келеді.




Кез келген электр тізбекте энергиялардың балансы – қуаттар балансы арқылы зерттеледі.
Орта қуат

Бірқалыпты жұмыс істейтін жүйе үшін қуат: N=А/t өрнегі бойынша есептеледі, мұндағы А – t уақыт ішінде істелетін жұмыс, жалпы жағдайда лездік қуат – 


N=dAdt ,dA – элементар уақыт бірлігі (dt) ішіндегі элементар жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет