Реферат Тақырыбы: Ювенильный ревматоидный артрит Орындаған: 21-20 Сайранова Эльвира Тексерген: Байгашева А. С астана 2023



бет2/3
Дата12.05.2023
өлшемі23,38 Kb.
#92224
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Документ (4)

Базистік дәрмектер.


Базистік дәрмектер ревматоидтық артриттің өрістеуін бөгейді. Базистік дәрмектердің қатарына жататындар:

  • алтын дәрмектері.

  • цитостатиктер.

  • Д-пеницилламин.

  • аминохинолин туындылары.

  • сульфаниламидтер.

  • циклоспорин және тенидап, цитокиндерге және лимфоциттік антигендерге моноклондық антиденелер.

  • метациклин.

Физиотерапия.


Ревматоидтық артриттің емінде физиотерапияға көп мән берілуі тиіс. Ең жиі қолданатын әдістер: парафиннің, бишофиттің аппликациялары, түрлі дәрмектерді буынға фонофорез немесе электрофорез әдісімен енгізу т.б.

Хирургиялық ем.


Оның түрлері: Бұзылған буынды протезге ауыстыру, бұл ем ірі буындардың жарамсыздығында қолданылады.Ұсақ буындарға синовэктомия, артродез және артропластика жасалады. Иммундық қабынудың көзін алып тастау мақсатымен моноолигоартритте синовэктомия ертелеу жасалынуы тиіс.

Этиологиясы


Ревматоидтық артриттің даму себептері белгісіз, дегенмен оның дамуында келесі факторларға мән берілуде.
1. Ген ерекшеліктері. Ревматоидтық артритке шалдыққандардың қандас туыстарында осы дерт 4 есе жиі кездеседі. Бұл НІА жүйесінің антигендік кұрылымының ерекшелігінен болуы мүмкін, науқастардың HLA жүйесінде DR1, DR4, DRW4, DW14 — антигендері жиі анықталады.
2. Инфекциялық агенттер. Соңғы кезде иммундық жасушалардың (В-лимфоциттердің) зақымдануына алып келетін кейбір вирустарға -ретровирусқа, герпес, қызамық вирусына, цитомегаловирусқа, әсіресе Эпстайн-Барр вирусына және микоплазмаға, стрептококтарға көп мән беріледі. Эпстайн-Барр вирусының ревматоидтық артриттің дамуына қатысу мүмкіндігін дәлелдейтін мәліметтер анықталған:
а) ревматоидтық артритпен ауыратындардың 80%-да Эпстайн-Барр вирусына антиденелер титрінің биіктігі;
б) аталмыш вирустың ревматоидтық фактордың түзілуіне септігін тигізу мүмкіндігі;
в) осы вирустың ревматоидтық артритпен ауыратын науқастардың В-лимфоциттерінде жиі табылуы;
г) вирустың кейбір компоненттерінің DW4, DW14, DR молекуласындағы b- тізбектің бір бөлшегіне ұқсастығы.
Белгісіз бір ген кемістігі Эпстайн-Бар вирусының организмде ұзақ сақталуына септігін тигізеді-міс. Вирустың организмде ұзақ тіршілік етуінен Т-жасушалардың супрессорлық қасиеті төмендейді және В-лимфоциттерде иммуноглобулиндердің түзілуі бұзылады. Бірақ бұл мәліметтерге қарамастан, вирустардың ревматоидтық артриті тікелей дамытуы дәлелденбеген. Дегенмен, инфекция көп жағдайларда, ревматоидтық артриттің дамуына түрткі болады. Ревматоидтық артриттің дамуы иммундық жүйенің туа кемістігінен, әсіресе Т-супрессорлар функциясының тапшылығынан болуы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет