Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
С.Сейфулин атындағы Агро-техникалық университет
Жер ресурстарын басқару кафедрасы
Реферат Тақырыбы: Ювенильный ревматоидный артрит
Орындаған: 21-20 Сайранова Эльвира
Тексерген: Байгашева А.С
Астана 2023
Ревматоидтық артрит – көбінесе шеттік (синовиялық) буындардың симетриялық эрозиялық-деструциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы. Ревматоидтық артрит көптен белгілі ауру болғанымен оның клиникалық көрінісіне алғаш толық суреттеме берген Гарро (1863 ж).
Ревматоидтық артриттің даму себептері белгісіз, дегенмен оның дамуында келесі факторлар әсер етеді:
Ген ерекшеліктері. Ревматоидық артритке шалдыққандардың қандас туыстарында осы дерт 4 есе жиі кездеседі.
Инфекциялық агенттер.
Клиникалық көрінісі
Клиникалық көрінісінен ревматоидтық артрит екіге бөлінеді. Біріншісі – буындық түрі, ревматоидтық артритпен ауырғандардың 80%-да кездеседі. Оның басты белгісі – буындардың қабынуы мен деформациясы. Екіншісі – буын – висцеральды түрі. Бұл түрінде буынмен бірге түрлі ағзалар зақымданады.
Көбінесе ревматоидтық артрит баяу басталады. Бірақ, кейде оның бастамасы биік қызбадан, буындардың бірден қатаң сіресуінен, ісініп ауырсуынан жіті басталады. Ревматоидтық артрит басталған кезінде ең алдымен өзінің "сүйікті" буындарын зақымдайды: алақан-саусақ, проксимальды флангааралық, кейіндеу – табан-бақай және тілерсек буындарын. Бұл ауруға буындардың симметриялы зақымдануы тән.
Жүре бара патологиялық процесс меңдеп, көптеген буындарға таралады. Бірақ ревматоидтық артрит тиіспейтін буындар да бар: омыртқа жотасының бел және кеуде бөлігінің, дистальды саусақаралық. Бұл ерекшелік ревматоидтық артритті өзге артриттерден айыруға көмектеседі.
Диагноз осы ауруға тән клиникалық, рентгендік және лабораториялық белгілерге негізделеді. Ең негізгі клиникалық белгілері: алақан саусақтық, проксимальды фалангааралық және табан бақайлық буындардың симетриялы қабынуы, буындардың таңертенгілік сіресуі, жаңа буындардың біртіндеп зақымдануы, теріастылық ревматоидтық түйіндер.
Диагнозды қоюға диагностикалық критерийлерді пайдаланады. Ревматоидтық артриттің диагностикалық критерийлері:
әйелдердің жиілеу шалдығуы.
инфекцияға тікелей байланысының жоқтығы.
буындардың ауырсынуы, ісінуі, салицилаттардың әсер етпеуі.
қимылсыз жағдайдан кейін, ертеңгілікте буындардың ең болмағанда 1 сағат сіресуі.
бір "ұстаған" буындардан айырылмастан өрістеп дамуы және 3-6 айдың ішінде 1-2 буынды қосып зақымдауы.
басым ұсақ буындарды симметриялы зақымдауы.
буындардың қайтымсыз деформациялануы.
бір биіктеген ЭТЖ-ның оңайлықпен төмендемеуі.
буын маңындағы теріастылық түйіндер болуы.
РФ болуы.
рентгенограммадағы өзгерістер: остеопороз, шеміршектің бұзылып жойылуынан буын жегінің тарылуы, сүйекте – буын бетінің кетіктенуі.