Реферат Тақырыбы: Ювенильный ревматоидный артрит Орындаған: 21-20 Сайранова Эльвира Тексерген: Байгашева А. С астана 2023



бет1/3
Дата12.05.2023
өлшемі23,38 Kb.
#92224
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Документ (4)


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
С.Сейфулин атындағы Агро-техникалық университет
Жер ресурстарын басқару кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Ювенильный ревматоидный артрит
Орындаған: 21-20 Сайранова Эльвира
Тексерген: Байгашева А.С
Астана 2023


Ревматоидтық артрит – көбінесе шеттік (синовиялық) буындардың симетриялық эрозиялық-деструциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы. Ревматоидтық артрит көптен белгілі ауру болғанымен оның клиникалық көрінісіне алғаш толық суреттеме берген Гарро (1863 ж).
Ревматоидтық артриттің даму себептері белгісіз, дегенмен оның дамуында келесі факторлар әсер етеді:

  • Ген ерекшеліктері. Ревматоидық артритке шалдыққандардың қандас туыстарында осы дерт 4 есе жиі кездеседі.

  • Инфекциялық агенттер.

Клиникалық көрінісі


Клиникалық көрінісінен ревматоидтық артрит екіге бөлінеді. Біріншісі – буындық түрі, ревматоидтық артритпен ауырғандардың 80%-да кездеседі. Оның басты белгісі – буындардың қабынуы мен деформациясы. Екіншісі – буын – висцеральды түрі. Бұл түрінде буынмен бірге түрлі ағзалар зақымданады.
Көбінесе ревматоидтық артрит баяу басталады. Бірақ, кейде оның бастамасы биік қызбадан, буындардың бірден қатаң сіресуінен, ісініп ауырсуынан жіті басталады. Ревматоидтық артрит басталған кезінде ең алдымен өзінің "сүйікті" буындарын зақымдайды: алақан-саусақ, проксимальды флангааралық, кейіндеу – табан-бақай және тілерсек буындарын. Бұл ауруға буындардың симметриялы зақымдануы тән.
Жүре бара патологиялық процесс меңдеп, көптеген буындарға таралады. Бірақ ревматоидтық артрит тиіспейтін буындар да бар: омыртқа жотасының бел және кеуде бөлігінің, дистальды саусақаралық. Бұл ерекшелік ревматоидтық артритті өзге артриттерден айыруға көмектеседі.
Диагноз осы ауруға тән клиникалық, рентгендік және лабораториялық белгілерге негізделеді. Ең негізгі клиникалық белгілері: алақан саусақтық, проксимальды фалангааралық және табан бақайлық буындардың симетриялы қабынуы, буындардың таңертенгілік сіресуі, жаңа буындардың біртіндеп зақымдануы, теріастылық ревматоидтық түйіндер.
Диагнозды қоюға диагностикалық критерийлерді пайдаланады.
Ревматоидтық артриттің диагностикалық критерийлері:

  • әйелдердің жиілеу шалдығуы.

  • инфекцияға тікелей байланысының жоқтығы.

  • буындардың ауырсынуы, ісінуі, салицилаттардың әсер етпеуі.

  • қимылсыз жағдайдан кейін, ертеңгілікте буындардың ең болмағанда 1 сағат сіресуі.

  • бір "ұстаған" буындардан айырылмастан өрістеп дамуы және 3-6 айдың ішінде 1-2 буынды қосып зақымдауы.

  • басым ұсақ буындарды симметриялы зақымдауы.

  • буындардың қайтымсыз деформациялануы.

  • бір биіктеген ЭТЖ-ның оңайлықпен төмендемеуі.

  • буын маңындағы теріастылық түйіндер болуы.

  • РФ болуы.

  • рентгенограммадағы өзгерістер: остеопорозшеміршектің бұзылып жойылуынан буын жегінің тарылуы, сүйекте – буын бетінің кетіктенуі.

Емі.


Ем жобасын түзгенде ревматоидтық артриттің түрін, активтілік дәрежесін, науқастың жасын, ілеспелі ауруларын ескереді.
Ревматоидтық артрит кезіндегі ем бағдарламасы:

  • тез әсерлі қабынуға қарсы дәрмектер.

  • базистік дәрмектер.

  • иммундық жүйені реттейтін дәрмектер мен шаралар.

  • жергілікті ем және дәрмектерді буын ішіне енгізу.

  • физиотерапия.

  • емдік дене шынықтыру, массаж, еңбекпен емдеу.

  • санаторлық — курорттық ем.

  • реабилитация.

  • диспансерлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет