Реферат тақырыбы: Зат есімнің категориялары: сандылық категориясы Орындаған: Дүйсен Адэль Қабылдаған: Қасым. Б



бет2/2
Дата07.10.2023
өлшемі62,8 Kb.
#113358
түріРеферат
1   2
Сандылық категориясы – өте абстракты грамматикалық категория. Бұл категория заттың сандық белгісі туралы жалпы ұғымға негізделген, бірақ ол заттың нақтылы сан мағынасымен бір емес. Нақтылы сандық мағына сан атауларынан тұратын лексикалық мағынаны білдіреді. Мысалы, екі, бес, отыз, қырық екі т.б. Осыған байланысты да, Н.Оралбаева кейбір ғалымдар қолданатын «сан-мөлшер» терминінің орнына осы «сандылық» терминін қолданады.
Сандылық категориясы – жекешелік пен көптік мағыналардың қарама-қарсылығына құрылған жалпы грамматикалық категория. Сандылық категория тұлғасындағы сөз грамматикалық мағынаны білдіреді. Бұл категорияның жекеше не көптік мағынасын білдіретін тілдік бірліктері (көрсеткіштері) бар, олар: жекешелік мағынаны білдіретін нөлдік жалғау және көптік мағынаны білдіретін көптік жалғау. Сөйлемде нөлдік және көптік жалғаумен қолданылған зат есім сөздер сандылық тұлғасындағы сөздер болып саналады. Мысалы, Мағжанның өлеңдерін аса құнттап жарыққа шығаратын Мағжаншылдар да бар. Сандылық грамматикалық категориясының жалпы грамматикалық мағынасы жекелік және көптік мағыналардан құралады. Бұл – заттың сандық сипатына қатысты мағына, бірақ ол заттың сан есім сөздер білдіретін нақтылы санынан басқаша. Мысалы, он кітап дегенде кітаптардың нақты саны айтылған (10). Мұнда кітаптың жалғыз емес, көп екенін байқауға болады, бірақ бұл қолданыста көңіл, назар оның нақты санын көрсетуге аударылған. өйткені нақты санның көптік мәні сандылық категориясының көптік мәнінен мүлдем басқа. Сондай-ақ, категорияның жекелік мәні де бір, жалғыз деген ұғыммен тең емес.
Сонымен, сандылық категория екі мағыналық құрамды категория, бұл екі құрамның өзіндік көрсеткіштері бар, олар – нөлдік жалғау және көптік жалғау. Категорияның жекелік мәнді білдіретін нөлдік жалғауы деп жекелік мәнді білдіретін қосымшаның жоқтығын білдіретін нөлдік белгі аталады. өйткені тілдік бірліктердің бәрі екі жақты құбылыс: 1) тілдік бірліктің сыртқы көрінісі, 2) мағынасы. Демек, мағына бар жерде оны білдіретін көрсеткіш те бар. Ғылымда бұл нөлдік морфема (немесе нөлдік жалғау) деп аталады. Зат есімнің сандылық категориясының ішкі бір түрі осы нөлдік жалғау арқылы берілуі болып табылады. Сандылық категориясының грамматикалық мағынасының екінші түрі – көптік мағына. Көптік мағына – жалпы грамматикалық мағына, оның көрсеткіші көптік жалғауы болып табылады. Олай болса, сандылық категориясы – тіл білімінің грамматикалық категория боп танылу үшін, оның ең кемі екі сөзтұлғасы болуы керек деген шартына сай категория.
Көптік жалғау санауға келетін зат атауларының қайсысы болса да таңдамай жалғана береді де, ол сөздерге көптік мағына үстейді. Бұл қасиет жалпы есімдердің бәріне тән болғанымен, жалқы есімдерге тән емес. өйткені олардың бойында жекелік мән бар. Алайда кісі есімдерінің көптік жалғауларды қабылдайтын кездері де болады. бірақ мұндай жағдайда көптік жалғауы сол атты кісінің көптігін емес, оның қасында басқа да кісілер бар екендігін, яғни жинақтық мәнді білдіреді. Мысалы, Абайлар келді. Демек, көптік жалғауы қолданыста түрлі реңкке ие болуы мүмкін.Тілде көптік мағынаның нөлдік жалғауы арқылы берілуі де кездеседі. Олар – санауға келмейтін зат атаулары. Мысалы, бидай, шаш, сақал, құм, қант жауын, қар, қымыз, сүт, су т.б. осындай сөздер көптік жалғауын қажет етпей-ақ көптік мәнде қолданылады. Кейде осындай сөздердің стильдік қолданыста көптік жалғауын қабылдайтын кездері де болады. Мысалы, Талай шаштар ағарар. Осындай стильдік мақсатта бірыңғай мүшелердің біреуіне ғана көптік жалғанады.
Демек,сандылық категориясы жекешелік пен көптік мағыналардың қарама-қарсылығынан құрылған грамматикалық категория болып табылады.
Қорыта айтқанда,зат есімнің сандылық категориясы дегеніміз – жекешелік пен көптік мағыналардың қарама-қарсылығына құрылған жалпы грамматикалық категория. Сандылық категория тұлғасындағы сөз грамматикалық мағынаны білдіреді. Бұл категорияның жекеше не көптік мағынасын білдіретін тілдік бірліктері (көрсеткіштері) бар, олар: жекешелік мағынаны білдіретін нөлдік жалғау және көптік мағынаны білдіретін көптік жалғау. Сондай ақ, зат есім грамматикалық категорияларға бай сөз табына жататындықтан, заттардың санын дәл атау қажет емес жағдайлардың көптеп кездесетіні баршамызға аян жағдайлар. Алайда осындай жағдайларда тіліміздегі осы бір ерекше тұсын білдіру мақсатында біз жоғарыда атап өткен арнайы категориялар қолданылады. Оған жекелік, көптік,сандылық категориялары жататыны, жекелік-көптік мағыналарының зат есімге қатыстығы жайлы сөз еттік. Зат есімнің көптік мағынасы жекелік мағынаның зат есімнің лексикалық мағынасымен бірге түбір сөзде берілетіні, зат есімнің түбір сөзінде жекелік мағынаның бары, соны білдіретін қосымшаның жоқтығы, нөлдік форма арқылы беріле алатындығы да оның бір ерекшелігі болып табылады.


IV.Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. -А., 1991.
2.Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. -А., 2007.
3.Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -А., 1972.
4.Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. -А., 1998.
5.Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. –А., 1992.
6.Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. -А., 1986.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет