Реферат тақырыбы: Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау. Диплом жұмысының көлемі: 60 бет



бет1/20
Дата04.11.2023
өлшемі166,62 Kb.
#121849
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
зияты зақымдалған


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау
5В010500 «Дефектология» мамандығы бойынша


Уәлитханова Шынар


Алматы, 2016ж
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау.
Диплом жұмысының көлемі: 60 бет
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 68
Кестелер саны: 3
Суреттер: 3
Бітіру жұмысының мазмұнын сипаттайтын негізгі сөздер – зияты зақымдалған балалар,тіл дамыту, сауат ашу, қабылдау, психикалық ерекшеліктері, фонематикалық қабылдауы, дыбыстық талдау-жинақтау әдісі, дыбыс есту қабілеті, дағдысын қалыптастыру жұмыстары және т.б.
Зерттеу мақсаты: Зияты зақымдалған балаларды сауат ашуға дайындаудың ерекшеліктерін зерттеу, анықтау.
Зерттеу нысаны: Арнайы мектептегі бірінші сыныптардағы оқу үрдісі.
Зерттеу пәні: Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбы бойынша зияты зақымдалған балаларды сауат ашуға дайындау ерекшеліктері туралы арнайы әдебиеттерге шолу.
2. Анықтаушы эксперимент барысында зияты зақымдалған оқушылардың фонематикалық есту қабілетінің ерекшеліктерін зерттеу.
3. Мұғалімдерге әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, арнайы мектеп оқушыларының сауат ашуға дайындаудың ерекшеліктері айқындалса, сол ерекшеліктеріне қарай сауат ашу әдістемесін тәжірибелік жұмыс барысында қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері: Арнайы психологиялық және педагогикалық үрдіс теориясы зияты зақымдалған тұлғаның дамуындағы ақыл-ойы мен іс-әрекетінің бірлігі, сауат ашу кезеңі туралы ілімдер және белгілі ғалым-дефектологтардың, әдіскерлердің, өзекті мұғалімдердің көзқарастары.
Зерттеу әдістері: Жалпы және арнайы педагогикалық, психологиялық, методикалық әдебиеттерге талдау; мұғалімдердің іс-тәжірибесін бақылау; педагогикалық эксперимент жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет