3.Фонематикалық жинақтауды тексеруге бағытталған тапсырмалар.
1-тапсырма. Берілген дыбыстардан сөз құрау. Б.А.Л дыбыстарынан қандай сөз шығады?
2-тапсырма. Сөздің басындағы дауысты дыбысты ата.
Алма. орман, ыдыс.
3-тапсырма. Сөз басындағы дауыссыз дыбысты ата.
Қалам, гүл, кітап,сағат
4-тапсырма.Берілген буындардан сөз құра. Ба, ла, пан, Қа, ла.
5-тапсырма. Тапсырма: Сөздегі дауысты дыбысты тап. Қас
Зияты зақымдалған баяу дамыған балалар, әдетте сөздің дыбыстық жағын жетік меңгеріп, дұрыс сөйлей алмайды. Олардың басым көпшілігі жеке дыбыстарды («с», «з», «ш», «ж», «р», «л», «к», «г») дұрыс айта алғанымен, сөз ішінде дыбыстарды алмастырып қиналады. Әсіресе, үяң, үнді дыбыстарды ажыратқанда, айтқанда қиналады.
Арнайы мектептің бірінші сыныбына келген оқушылар дыбыстық талдау жасауды, сөзді дыбысқа талдауды мүлдем білмейді.
Сауат ашу (оқу мен жазу) дыбыстық талдау-жинақтау әдісі арқылы жүргізілетіні баршаға мәлім. Сондықтан әліппеге дейінгі кезеңнің басты бір талабы - балалардың дыбыс есту қабілетін дамытып, тіліміздегі түрлі дыбыстарды ажырата білуге, дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Жалпы біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты бойынша белгілі бір анықтама алу үшін зияты зақымдалған (арнайы мектеп оқушылары) балаларды сауат ашуға дайындығы, яғни фонематикалық түсінігін, анықтау үшін яғни арнайы эксперимент жүргізіледі.
Анықтаушы және бақылау эксперимент №7 арнайы (түзету) мектеп - интернатында жүргізілді. Экспериментке дайындық сыныптағы 10 оқушы, 1 сыныптағы 12 оқушы қатысты.
Барлық оқушылардың жауаптары қағазға түсіріліп отырды. Берілген барлық тапсырмалар бойынша оқушылардың орындаған тапсырмалары төмендегі кестелерде % - көрсеткішпен көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |