1.2. Бастауыш сыныптарда сауат аштырудың әдіс-тәсілдері
“Әліппе” – көп деңгейлі, дамыта оқытылатын, ұлттық ерекшелігі бар, дәстүрлі мектепке арналған төл оқулық.
Тіл пәнінің жаңа мазмұны мен дамытушы қасиеті сауат ашу кезеңінен басталады. Оқу мазмұны мен бағдарламасы дамыта оқыту мақсатын көздейді. Дамыта оқыту оқушылармен шығармашылық түрде жұмыс жасауға үйретеді, әр оқушыны ізденіске жетелейді.
Дамыта оқытудың түпкі мақсаты – пәнді оқытудың тиімді әдістерін, түрлерін таңдап пайдалануға негізделеді. Осы орайда әліппе, ана тілі, қазақ тілі оқулықтары көп деңгейлі, дамыта оқылатын жаңа білім мазмұны мен ұлттық ерекшелігі бар дәстүрлі мектеп деңгейіне арналған төл оқулықтарымыз жаңа болып табылады.
“Әліппе” оқулығы Ш.Әуелбаевтың жетекшілігімен ғылыми қызметкер Р.Ізғұтынова, Ә.Наурызбаева және А.Құлажановалар жазып, 1997 жылы “Атамұра” корпорациясынан басылып шықты.[6]
“Әліппеде” психология, педагогика, лингвистика ғылымы пәндерін басшылыққа алады.
“Әліппені” оқыту мынандай кезеңдерден тұрады.
1 кезең: “Әліппеге” дейінгі кезең – 2 апта, 14 сағат.
2 кезең: Сауат ашу кезеңі – 98 сағат.
Оқу материалдары осы кезеңдердің ерекшелігіне қарай орналасқан.
“Әліппенің” алғашқы беті Елбасымыз – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың арнау сөзімен ашылған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының рәміздері – Елтаңбамыз, Көкбайрағымыз орын алған. Олар егемендігімізді, ұлттық тәуелсіздігімізді дәріптеп, жеткіншектерді елді сүюге үйретеді.
Бұл рәміздерді әрбір оқушы танып, біліп, қадірлеп, қастерлеуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |