Реферат тақырыбы: Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау. Диплом жұмысының көлемі: 60 бет


Көру түйсігі мен кеңістікті бағдарлау қабілетін анықтау



бет16/25
Дата31.12.2021
өлшемі166,62 Kb.
#21215
түріРеферат
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
ziyaty-zaymdalan-oushylardy-sauat-ashu-kezene-dayyndau (1)

2.6. Көру түйсігі мен кеңістікті бағдарлау қабілетін анықтау

Арнайы мектептің бірінші сыныбына келген оқушылардың көру түйсігін дамыту бағдарламаның басты міндеттерінің бірі болып есептеледі. Өйткені, көру түйсігі негізінде балалар ұқсас әріп белгілерін (с-о, п-т, ш-п) ажырата білуге, оқуға, жазуға үйренеді. Аталған жұмыс түрі мынандай бағытта жүргізіледі:



  1. Заттардың ұқсастықтарын, ерекшеліктерін табуға дағдыландыру.

  2. Бірден көріп, дұрыс қабылдауға үйрету.

  1. Бүтінді бөлшектерге бөліп, бөлшектерден бүтін зат кұрастыруға үйрету.

  2. Солдан оңға қарай жылжи отырып, бір жолдан екінші жолға көшуге дағдыландыру.

5. Көру қабілетін күшейту.

Осы бағытта жүргізілетін жұмыс алдымен балаларды негізгі түр-түспен (ақ, қара, қызыл, көк, жасыл, сары) таныстырудан, ажырата білуден басталады. Зияты зақымдалған балалардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, көру түйсігі мен кеңістікті бағдарлау қабілетін қалыптастыруда, түрлі әдістемелік тәсілдермен бірге, ойын элементтері кең пайдаланылады. Солардың кейбір түрлерін қарастырайық:


а) Суретті ойындар:

Балаларға таныс суреттерді (жеміс, киімдер, ыдыстар, т.б.)іріктеу жұмысы әр алуан ойын түрінде жүргізіледі.

1.Берілген үлгі бойынша суретті табу (тақтада үлкен сурет, ал балаларда сондай кіші суреттер).

2.Мұғалімнің айтуы бойынша суретті табу.

З.Ұқсас суреттердің пішінімен бірдей суретерді табу. Мысалы, көйлектердің тек гүлдерін іріктеу.

4.Үлгі бойынша,үлгісіз, мұғалімнің айтуы бойынша,ойға сақтап суреттерді орын ретін өзгертпей тауып, айтып шығу. Сурет саны бірте-бірте көбейтіледі.

5.Мұғалім заттың атын атамай, ол туралы не жұмбақ, немесе затты сипаттайтын әңгіме, тақпақ айтады. Сол бойынша балалар затты тауып көрсетеді.
ә) Таяқшалармен, қағаз жолақшалармен, геометриялық фигуралармен жүргізілетін ойындар:

Мұндай ойындар әр түрлі мақсатпен жүргізіледі. Әріп-белгілерді сапалы меңгеру үшін қолданылатын ойын түрлері:

1.Үлгі бойынша үстел, орындық, баспалдақ сияқты заттарды құрастыру (конструирование).

2.Үлгі бойынша, мүғалімнің айтуымен геометриялық фигуралар тұрғызу.

З.Үлгі бойынша ұқсас фигуралар құрастыру.

Арнайы мектеп балаларының көпшілігі дәптер бетін, дәптер жолдарын бағдарлауға қиналады. Осы жағдайда әліппеге дейінгі кезеңде төмендегідей жаттығуларды әрдайым пайдаланған жөн.

1. Мұғалім балалардан тақтадағы суреттерді жақсылап қарап, есіне сақтап алуын өтінеді. Сол суретті окушылар дәптер бетінен шықпай жолақша, таяқшалардан құрастыру қажет.

2.Үлгі бойынша, мұғалімнің айтуы бойынша геометриялық фигураларды дәптер бетіне орналастыру. Мысалы: дәптердің жоғарғы оң жақ бұрышына шеңберді қой, төменгі сол жақ бұрышына үшбұрыш қой, ортасына төртбұрышты қой, т.б. геометриялық фигуралардың орнына суреттер, әр түсті жолақша, таяқшаларды пайдалануға болады.

З. Солдан оңға қарай жылжи отырып, бір жолдан екінші жолға көшуге жаттықтыратын тапсырмалар:

а) Балаларға таныс сурет, фигуралар бірнеше қатарға қойылады.


Оқушы көрсететін таяқшамен солдан оңға қарай көрсетіп суреттерді атап
шығуы керек.

ә) Сынып тақтасына бірнеше суреттерқойылады. Тақтаға шақырылған оқушы суреттердің сыңарын тауып, олардың астына солдан оңға қарай орналастырып, атап шығады.

б) Әр түсті таяқшалардан қағаз жолақшаларынан үлгі бойыншақорған
тұрғызу.

в) Тақтаға екі қатар торкөз сызылады. Бірінші қатар торкөзге


жануарлар суреті қойылады. Екінші қатар торкөзге солардың балаларын
тауып,солданоңға қарай орналастырыпанықтап айтып шығуы керек.

б) Бөлінген суреттерді қ ұ растыру

Тақтаға балаларға жақсы таныс заттардың үлгісі қойылады (үй, машина, балық, т.б.). Балалар заттың атын, бөлшектерін атап шығады да (шатыр, қабырға, терезе), сол ретпен құрастыруға жаттығады.

Екіге, үшке, төртке берілген суреттер екі данадан болуы керек.

Ертегі, әңгімелердің мазмұны бойынша макет жасау ойыны балалардың солдан оңғақарай жылжитын қимыл дағдыларын жетілдіруге зор көмегін тигізеді. Ол ойынды былай жүргізуге болады.

Мұғалім ертегінің мазмұнын айтады («Шалқан», «Жеті лақ», т.б.). Балалар мұғаліммен бірге үстел үстінде ертегі кейіпкерлерін солдан оңға қарай қойып отырады да, соңынан тағы да сол ретпен көрсетіп атап шығады

Арнайы мектеп оқушыларының арасында заттарды керісінше қоятын, ретін сақтап айта алмайтын (атағанда, кейбір заттарды тастап кетеді), бірден затты тани алмайтын, ұқсас суреттерді (фигураларды) ажырата алмайтындар кездеседі. Ондай балалармен жекеше, қосымша сабақ түрлерін жүргізу керек.

Аталған кемшіліктерді жетілдіру «Не өзгерді?», «Несі ұқсас?», «Бұл суретте не жетіспейді?», «Суретші нені ұмытты?», т.б. ойын түрлері көп септігін тигізеді. [57-63]

Жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жаттығулардың түрлері:

1.Жобаны немесе үлгіні көшіру.

2.Нұсқаны көшіру.

З. Нүктелердің арасын қосу.

4. Түсті бояумен және түзу сызықтармен әр бағытта шегінен шығармай шимайлау.

Осындай жаттығу жұмыстардың дайындығынан өткеннен кейін балаға дәптер беріледі. Жазу кезінде партада қалай отыруды, дәптерді қалай пайдалануды, оны күтіп ұстау жолын балаларға алдын ала түсіндіріп айту қажет.

Дәптерді пайдаланудың алғашқы жаттығу жолы - өрнектеп сурет салу. Өрнектеп сурет салу жолының күрделілігіне қарай жүйеленіп былай көрсетіледі:


  1. Түзу, көлбеу. Сынық сызықтармен көмкерілген тігістің, жолдың жиегін және тағы басқа да заттардың ернеуін, өрнегін салу.

  1. Қисық сызықтарды салу.

  2. Әріптердің пішініне ұқсаған заттарды салу.

  3. Таныс заттардың суретін салу.

  4. Геометриялық нұсқалардан ою-өрнектер салу.

  5. Иректі шимай сызықтардан көмкерме салу.

Келесі жүргізілетін жаттығулар енді тікелей әріптердің таңбаларын жазбаша үйретуге бағытталады.

  1. Тікесінен тұрған түзу таяқшалар.

  2. Төменгі ұшы иілген түзу таяқшалар.

  3. Жоғарғы ұшы иілген түзу таяқшалар.

  4. Екіұшы екі жағына қарай иілген түзу таяқшалар

  5. Тұзақ.

  6. Жарты шеңбер.

  7. Толық шеңбер.

  8. Бас әріптің ұсқыны.

  9. Әріптердің нұсқалары.

Жазылған әрбір элемент жаттығуларының тәсілдері төмендегідей болады:

  1. Үлгіні кестеде көрсету, оны қарап шығу, талдау, көрсеткішпен біріктіру.

  1. Жазылған элементті және оны мұғалімнің тақтаға жазғанын түсіндіру.

  2. Оқушылардың элементті ауада жазуы

  1. Оқушылардың элементті дайын үлгі бойынша және өздігінен тақтаға жазуы.

  1. Мұғалімнің дәптерге дайындаған үлгісін қарап шығу

  2. Элементті дәптерге нұсқа бойынша жазу.

  3. Өздігінен жазу. [64-68]






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет