Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Адамның шыққан тегі жөнінде мәселе ерте кездерден бастап-ақ жұрттың назарында. Ол туралы көптеген болжам, ой пікірлер айтылады. Қазіргі кезде адамның шығу тегін, дамуын және қазіргі кезге дейінгі қалыптасуын зерттейтін антропология ғылымында көптеген ғылыми құнды мәліметтер жинақталды. Осындай құнды мәліметтер бізге адамның шығу тегі жайлы түрлі маңызды мәліметтер береді. Және мен осындай ғылыми құнды мәліметтерді пайдалана отыра сіздермен адамның шығу тарихы жайлы сан алуан қызықтармен бөліскім келеді. Зерттеу мақсаты: Адамның жануарлардан шыққандығына дәлелдемелер келтіре отырып, алғашқы адамдардың пайды болуын, еңбек құралдарының жетілуін, сонымен қатар салыстырмалы-анатомиялық және палентологиялық ерекшеліктерін сипаттау. Зерттеу міндеттері:
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар көп. Сондықтан да адамның жануарлардан шыққандығын салыстырмалы-анатомиялық және палентологиялық тұрғыда дәлелдемелер келтіру арқылы жүреді. Онда алғашқы адамдардың пайда болуы және еңбек құралдарының жетілуі кезеңдері айтылады.