Реферат
Тақырып : Инклюзивті білім беру жағдайында ЕБҚ оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мәні, рөлі, түрлері, қағидалары.
Орындаған:Шакенова Н
Тексерген:Жубатырова Б.Т
Кіріспе
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау маңызды рөл атқарады. Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір тұтас әрекеттерінің барысында әрбір баланың білім беру-тәрбие үдерісінде өз мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қолдау балаға көмек (немесе қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады [18].
Бағалау қызметінде психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетудің екі бағытын көрсетуге болады: өзекті – балада осыған дейін пайда болған қиындықтарды шешуге бағытталған; перспективалы – оқуда болуы мүмкін ауытқуларды ескеру және алдын алуға бағытталған.
Екі бағыт та педагогикалық үдеріске қолдау қызметінің барлық мамандарының бірлескен күш-жігерінің арқасында іске асырылуы мүмкін. Олардың қызметінде өзара байланысты және оларды ескеру қажет міндетті үш компонент бар:
Бала дамуының диагностикасы (психикалық, тұлғалық, әлеуметтік);
Түзету-дамыту бағыттылығының жеке және топтық сабақтарының бағдарламаларын іске асыру;
Білім беру ортасын баланы оқыту мен дамыту және бағалау жүйесі арқылы оның даму деңгейін бағалауға қоятын талаптары көзқарасы тұрғысынан талдау [19].
Оқушылардың бұл санатын психологиялық-педагогикалық қолдаудың нысаны оқу жетістіктерін критериалды бағалау үдерісі болып табылады. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау түрлі мамандардың (пән мұғалімінің, психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың, әлеуметтік педагогтың), мектеп дәрігерінің, басқа мұғалімдер мен ата-аналардың өзара тығыз әрекетін білдіреді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды психологиялық-педагогикалық қолдау төмендегілерге бағытталуы тиіс:
Баланың денсаулығын және дене күшін қолдау: бала өмірінің денсаулық-сақтау түзімін ұйымдастыру, оларды жеке таңдалған қимылдық белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру;
Балалардың зерде дамуын қолдау: әрбір баланың танымдық ерекшелігін анықтау және дамыту, оқу әрекетінің табысты болуы үшін жағдай тудыру;
Баланы қарым-қатынас саласында қолдау: балаларға гуманистік өзара әрекеттенуіне жағдай тудыру, балалардың қолы бос кезіндегі әрекеттерде жеке қабілеттерін байқатуларын қолдау, тәртіп түрін саналы түрде таңдауына көмектесу;
Баланың жанұясын қолдау: жанұялық қатынасты зерттеу, олардың үйлесімді болуына көмек көрсету.
Баға және бағалау – мұғалімдер үшін шексіз талқылауға дайын тақырып, себебі мектептегі баға бұл тек оқушы еңбегінің нәтижесі ғана емес, онда педагогтың жеке қасиеттері, көңіл-күйі, мінезі, оның оқушыға қарым-қатынасы, мұғалімнің жұмыс істеу мәнері жинақталған. Оқушы еңбегін бағалаусыз ешқандай меңгеру процесі жүзеге асырыла алмайды. Бағалау оқушыларға, олардың пәнге, мұғалімге, мектепке және жалпы айналадағы әлемге деген қарым-қатынасына үлкен әсерін тигізеді.
Педагогикалық диагностика – оқыту процесінің жағдайын және оның нәтижелерін зерделеу, соның негізінде оқыту мен бағалау процестерінің сапасын арттыру мақсатында оларға түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін ерекше әрекет түрі. Диагностикалауға бақылау, тексеру, бағалау, мәліметтер жинақтау, оларды зерделеу жатады; оларға қол жеткізу әдістері арқылы нәтижелерді қарастырады, дидактикалық процестің үрдісі мен динамикасын анықтайды.
Қарастырылып отырған санаттағы балалар қосылатын оқу процесі білім беру нәтижелерін дәйекті бағалауға мүмкіндік беретін деңгейлік мақсатты тұжырымдау негізінде құрылуы тиіс.
Бұл жағдайда білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін баланың жеке ерекшеліктерін, оның «академиялық» және «өмірлік» құзыреттерін есепке ала отырып бағалау ұсынылады. Күтілетін нәтижелерді сипаттау, әдетте, білім берудің келесі компоненттерінің өзара әрекеттестігін көрсетеді: бала нені білуі және істей алуы тиіс, алынған білім мен біліктердің қайсысын тәжірибеде қолдануы тиіс және қолдана алады, бала оларды қаншалықты белсенді, еркін және шығармашыл қолданады.
Тұлғалық-әрекеттік тәсіл білім беру процесінің негізіне салынған, оның қағидалары мен әдістері инклюзивті білім беруде де жақсы жұмыс істейді. Егер тұлғалық тәсіл тұлғаның толыққанды дамуы мен ашылуына арналған жағдайлар жасауды қарастырса, әрекеттік тәсіл мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда балалар мен ересектердің біріккен әрекетін білдіреді.
Осыған байланысты, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін белгілі бір компонент бойынша бағалау тиімсіз болғандықтан, бағалаудың арнайы шкаласын қолдану маңызды. Дәстүрлі бағалау шкалаларын мұндай егжей-тегжейлі бөлу білім беру бағдарламасын меңгерудегі баланың болмашы, ең аз табыстарын тіркеуге және күтілетін нәтиже мен жеткен нәтиже арасындағы қатынасты барынша дәл бағалауға мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың технологиялық жүйесін әзірлеумен әртүрлі ұйымдар мен ғылыми зертханалар айналысады. Берілген санаттағы оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың психологиялық-педагогикалық негізін дамыту мысалы, Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мектепте арнайы білім беру зертханасында әзірленген қазіргі таңда еліміздің арнайы мектептерінің тәжірибесіне енгізіліп жатқан оқу пәні аясында оқу процесін жобалау технологиясы болып табылады
Берілген жағдайдағы жобалау – бұл жоспарланған білім беру нәтижесіне алып келетін мұғалім мен оқушы әрекетінің негізгі ерекшеліктерін ұсыну міндетін қоятын педагогикалық процесті сипаттау тәсілі. Дәл осы мәнде, жоба – барлық компоненттерінің мазмұнын ашатын педагогикалық процестің болжалған моделі болып табылады .
Мақсаттар;
Оқыту мазмұны;
Педагог әрекеті;
Оқушылар әрекеті;
Педагогикалық диагностика;
Жетістіктерді бағалау.
Оқыту процесін жобалау кезеңдеп жүзеге асырылады: алдымен оқу курсы деңгейінде, содан соң оқу тақырыбы деңгейінде және соңында сабақ деңгейінде.
Пән бойынша оқу процесін жоспарлаудағы шешуші сәт мақсат қою немесе оқу бағдарламасының әр тарауына оқу мақсатын анықтап алу. Бұл этапта жоспарын шағын оқу мақсаттарына айналдыру арқылы, мұғалім бағдарламаның мазмұнымен жұмыс жасайды. Технологиялық тәсілдерді қолдануда мақсатты операционалдық тұжырымдау әдісі қолданылады, яғни оқушының алуы тиіс білім-білік дағдылары атап көрсетіледі(оқушының сырттай іс-әрекеті арқылы бағаланады). Мақсатты осылай тұжырымдау нақты, диагностикалауға қолайлы, нәтижені бағалау тәсілі түсінікті.
Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту процесінде бірдей оқу нәтижесін алу мүмкіндігі жоқтығына байланысты, мақсаттар оқу материалдарын меңгеру деңгейіне қарай тұжырымдалып отырады. Бұл оқу процесінде оқушыға жеке және саралап оқыту тәсілін қолдануға мұмкіндік береді.
Деңгейлеп оқытуда Б. Блум таксономиясының оқу мақсаттарын негізге алуға болады. Білім беруге ерекше қажеттілігі бар балалар үшін алғашқы үш деңгейін алуға болады: «тану», «түсіну», «қолдану». Бұл деңгейлер П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясының негізінде алынған әдістемелік тәсілдермен сәйкестендіріледі [24]. Бұл теорияға сәйкес жаңа ұғымды енгізудің алғашқы этапында (жаңа тақырыпты өту), орындалатын оқу әрекеттерін дауыстап егжей-тегжейлі түсіндіруге бағытталған пән бойынша оқу-тәжірибелік іс-әрекет желісі құрылады. Оқушылар сабақта мұғалімнің демонстрациялаған оқу әрекеттерін қайталау арқылы жұмыс жасайды. Бұл этапта өтілген ұғымдар, терминдер, жаңа сөздер оқушының енжар сөздігіне енгізіледі. П.Я. Гальперин теориясына сәйкес, келесі этаптарда ауызша пәндік оқыту әрекеті қысқартылып, сырттай сөйлеу біртіндеп іштей ойлануға ауыстырылады. Бұл этапта ұғымдар, терминдер, жаңа сөздер оқушының өзіндік белсенді оқу әрекеті арқылы бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |