Реферат Тақырып : Қорықтар мен саябақтар Орындаған: бопә-11 Жумаева Ә. Тексерген: Ерболат Б. Е. Орал 2023 Жоспар



бет4/9
Дата16.10.2023
өлшемі0,72 Mb.
#116212
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қорықтар

Көкшетау саябағы.
Ол 1996 жылы ұйымдастырылған.Ауданы 182,1 мың га. Мұнда өсімдіктің 700 түрі, жан-жануардың 305 түрі, Қазақстанның барлық флорасы мен фаунасының 30%-на жуығы бар, сонымен бірге геологиялық, археологиялық, тарих және мәдениет ескерткіштері (бұған неолит дәуірінің Ботай мекені де кіреді), мемлекеттік қорғауда. Ұлттық саябақ аумағы жағынан үш аралас филиалға: Зеренді аймақтық бөлімшесі (орталығы - красный кордон кенті), Арықбалық АБ (Горный кенті), Шалқар АБ (Лобанов кенті) және Дубравский ұдайы өндіріс учаскесіне (Мостовой кордоны) бөлінген. Аумақтың 10%-н ірі Шалқар, Имантау, Зеренді көлдерінің жағаларына орналасқан келушілерге, туристерге қызмет көрсететін демалыс аймақтар алады. Ұлттық саябақта: "Шалқар" және "Зеренді" санаторийлерінде стационарлық (емдеу-сауықтыру), яхтада, атпен серуендеуге, спорттың тау-шаңғы түрлері, "Тұрпан", "Имантау", "Зеленый мыс", "Дубрава" демалыс базаларында қысқамерзімдік (маусымдық) демалыс тұрлері ұйымдастырылған

2.Қорықшалар
Қорықшалардың ерекшелігі – мұнда табиғат нысандарының тек жеке бөліктерін шаруашылыққа шектеп,белгілі бір мерзімде және қорғауға алынған нысандарға зиян келтірмейтін мөлшерде ғана пайдалануға рұқсат етіледі.Қазақстанда қазіргі уақытта жалпы көлемі 4600 мың га болатын 80 қорықша бар.Олар қорғалатын нысандарына байланысты геологиялық,ботаникалық,хайуанаттар қорықшалары т.б. деп бөлінеді.
Геологиялық қорықшалар ерекше ,сирек кездесетін геологиялық түзілістер мен жер бедерінің пішіндері бар ландшафтыларды қамтиды.
Ботаникалық қорықшалар өсімдік жамылғысының ерекшелігіне қарай әр зонаның ландшафтыларында орналасқан.
Хайуанаттар қорықшалары жабайы жануарлармен құстардың мигрциясының жолдарында орналасқан табиғат кешендерін қамтиды,мұнда фаунаны толығымен қорғау қолға алынған.
Алматы мемлекеттік қорықшасы.
Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан,көлемі – 724 мың га.Іле Алатауының 2000-4000 м биіктіктегі шығыс бөлігін алып жатыр.Мұнда субапльпілік және альпілік шалғынды орта және биік таулы ландшафтылар басым,шыршалы ормандарды қамтиды.Жануарлар дүниесінен:сілеусін,қоңыр аю,қасқыр,түлкі,елік,арқар,таутекелер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет