Реферат Тақырып : Қорықтар мен саябақтар Орындаған: бопә-11 Жумаева Ә. Тексерген: Ерболат Б. Е. Орал 2023 Жоспар



бет1/9
Дата16.10.2023
өлшемі0,72 Mb.
#116212
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қорықтар


М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті
Педагогика факультеті
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы

Реферат


Тақырып: Қорықтар мен саябақтар
Орындаған: БОПӘ-11 Жумаева Ә.
Тексерген: Ерболат Б.Е.

Орал 2023

Жоспар

Кіріспе...........................................................................................3


1.Қазақстан ұлттық саябақтары..................................................5
2.Қорықшалар...............................................................................9
3.Қорықтар...................................................................................11
Қорытынды..................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................17

Кіріспе
Салыстырмалы түрде ғылыми-техникалық процесс қоршаған ортаны бұзып, ластаған сайын қорықтар мен табиғи саябақтар маңызы арта түсуде. Туризм индустриясын құрудағы басты мәселелердің бірі, туристік қызығушылықты арттыратын ұлттық саябақтар торын ұйымдастыру. Оның мақсаты - бұл территориялардағы табиғатты қорғау, бұзылған ландшафты қалпына келтіру және нәтижесінде бұл территорияларды табыс табу көзі болатын, ұйымдастырылған кіру территориясына айналдыру.


1998 жылы республикада 887 мың гектар жерді алып жатқан 9 қорық, 580 мың гектар көлемдегі 4 табиғи ұлттық саябақтар есепке алынған. Ал, қазақстандағы ерекше қорғаудағы территориялар саны ел территотиясының 0,5 пайызын құрайды. Бұл ТМД елдерімен салыстырғанда әрине, аз.
Аталған ерекше табиғи территориялардың ішіне Шығыс Қазақстан обылсының еншісіне кіретіндері мыналар: қорықтар – Батыс Алтай, Марқакөл, Алакөл; ұлттық парктер - Катон-Қарағай; мемлекеттік табиғи резерв - Семей орманы; қорықшалар - Төменгі Тургусински, Тарбағатай, Қаратан құмы, Алет, Солдат шатқалы, Үржар және тағы басқалары. 
9 қорықтың бірі - екі реликті шағала және "Тоқты" қорықшалары базасы негізінде 1998 жылы Алакөл қорығы ұйымдастырылды. Бұғанға дейінгі аумағы 12,5 мың гектар болатын "Тоқты" және алма ағаштарынан тұратын 32 мың гектар "Лепсі" қорықшалары болған. 
Алакөл табиғи қорығы - 1998 жылы 21сәуірде Алматы және Шығыс Қазақстан обылыстары территориясында (Үржар ауданы) 20 мың гектар жерде орын алған. Бүгінгі күні жұмыс атқарып отырған 10 қорықтың ең кішісі. Барлық қорық көлемі сегіз аймаққа бөлінген. Қорық территориясында 270 өсімдік түрі есептелген. Алакөл көлінде 156 балдыр түрі болса, жануарлар әлемінің 290 түрі бар: 315 құс, 21 сүтқоректілер - жәндіктер,жыртқыштар, кеміргіштер кездеседі. Осылардың ішінде сүткоректілердің түрлері кең тарған. 
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
Қорықтардың табиғи ұлттық парктерден айырмашылығы;табиғи парктерде кіріп серуендеуге мүмкіндік бар.Ал қорықтарда оған тыйым салынған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет