Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу тәртібі
11. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу төмендегілерге сәйкес жүзеге асырылады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне.
12. Республикалық денсаулық сақтау ұйымы жұмыс органының қарауына қағаз жеткізгіште және электрондық форматта мынадай құжаттарды енгізеді:
1) пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) бұрынғы мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізілген зерттеулердің (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) және консультациялардың нәтижелерін қамтитын республикалық денсаулық сақтау ұйымы ұсынған пациенттің ауру тарихынан үзінді;
3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы.
13. Жұмыс органы республикалық денсаулық сақтау ұйымынан пациентті шетелге емдеуге жіберу туралы қорытынды келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде деректерді жұмыс органының сайтында орналастырылған "күту парағы" ақпараттық жүйесіне енгізеді.
14. Жұмыс органы жыл қорытындысы бойынша шетелдік медициналық ұйымдарға тәжірибе, емдеу тиімділігі, елдер бөлінісінде емдеудің неғұрлым оңтайлы құнына және нозологиялар бойынша талдау жүргізеді.
Жұмыс органы жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу үшін шетелдік медициналық ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) келісу және бекіту үшін комиссияға жібереді.
15. Жұмыс органы 1 (бір) күнтізбелік жылға Тізбеге сәйкес шетелдік медициналық ұйыммен нозология бойынша бағалар прейскурантымен бекітілген стратегиялық әріптестік туралы келісім жасасады.
16. Азаматтарды шетелге емделуге жіберу туралы қорытынды шығару үшін жұмыс органы:
1) республикалық денсаулық сақтау ұйымы ұсынған осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулар тізбесіне және (немесе) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкестігін қарайды;
2) азаматтарды шетелге емделуге жіберу үшін республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысын алған күннен бастап пациентті емдеу тізбесіне, бағдарламасына және оны көрсету мерзіміне арналған шығыстардың калькуляциясын (бұдан әрі – баға ұсынысы) шетелдік медициналық ұйымдардан сұратады;
3) шетелдік клиникаға жіберілетін пациенттерді емдеу бағдарламасын пысықтау үшін шетелде емдеуді ұсынған бейінді республикалық денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлерін тартады және олармен электрондық пошта, телефон және басқа да қолжетімді байланыс құралдары арқылы шетелдік медициналық ұйым ұсынған емдеу бағдарламасын келіседі;
4) шетелдік медициналық ұйымдардың мамандары пациенттің жай-күйі туралы қосымша ақпарат сұрау салған жағдайда, сұрау түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шетелдік медициналық ұйымдармен телемедициналық консультациялар ұйымдастырады.
Осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру нәтижелері бойынша жұмыс органы комиссияға 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымынан алған пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жіберу туралы қорытындыны, сондай-ақ осы Қағиданың 5 және (немесе) 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жіберу туралы жұмыс органының ұсынымын, осы Қағиданың 12-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.
17. Комиссия қызметіне басшылықты комиссияның отырыстарында төрағалық ететін комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары жүзеге асырады.
Комиссияның ұйымдастыру қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Комиссия хатшысының функцияларын уәкілетті органның маманы орындайды.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды. Комиссияның құрамын уәкілетті орган уәкілетті органның өкілдері, жұмыс органының мамандары, бейінді мамандықтар дәрігерлері, түрлі аурулар кезінде азаматтарға көмек көрсету жөніндегі өз қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатарынан қалыптастырады.
Комиссия мүшелері оның қызметіне ауыстыру құқығынсыз қатысады. Комиссияның кезекті отырысын комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары белгілейді.
Комиссия хатшысы комиссия отырысына дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын Комиссия мүшелеріне пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы шетелдік клиникалар ұсынған емдеу бағдарламасын электрондық пошта арқылы жібереді.
Комиссия отырысы күндіз, сондай-ақ онлайн бейнеконференцбайланыс арқылы (комиссия мүшесі әртүрлі өңірлерде болған жағдайда) өткізіледі.
Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Комиссияның шешімі комиссия отырысына қатысушылардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның шешімі электрондық нысанда хаттамамен ресімделеді және Комиссияның барлық мүшелері электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе қолдардың түпнұсқаларымен қағаз жеткізгіште қол қояды.
18. Комиссия шешім қабылдайды:
1) пациентті шетелге емделуге жіберу туралы;
2) шетелге емделуге жіберуден бас тарту туралы;
3) негіздей отырып, пациенттің құжаттарын қарау мерзімдерін ұзарту туралы;
4) шетелдік мамандарды тарта отырып, мастер класс шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда шетелге емделуге үміткер пациентті емдеуді жүргізу туралы;
5) шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда мастер класс шеңберінде емделуге жіберуден бас тарту туралы;
6) жұмыс органының шетелдік клиникаларға емделуге ақы төлеу міндеттемесі туралы кепілдік хатын беруі туралы;
7) емдеу бағдарламасын өзгертумен емдеуді жалғастыру және емделуші емделуде болған кезеңде шарт сомасын ұлғайту қажеттілігі туралы;
8) комиссияның ерте қабылданған шешімінің күшін жою туралы;
9) Тізбені келісу және бекіту туралы.
19. Жұмыс органы Комиссияның пациентті шет елге емделуге жіберу туралы хаттамалық шешімі негізінде шетелдік медициналық ұйыммен Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық қызметтер көрсетуге немесе отандық медициналық ұйымдарда мастер класс шеңберінде емделуге бюджет қаражаты есебінен шетелдік мамандарды тарта отырып, комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде шарт жасасады.
Қорытынды
Қорытындылай келе,бұл бұйрықтардың мақсаты медициналық көмектерді қолжетімді ету,халықтың әл ауқатын жоғарылатуға көмектеседі