2) Жазба деректер мен ескерткіштердің түрлері Деректерді пайда болу тегіне, сырткы ерекшелiктерiне карай үлкен типтiк топтар класына, оньщ iшiнде шағын топтарға бөлуге болады:
заттай деректер — археологиялык ескерткiштерден бастап казiргi машиналар мен техникаға дейiн;
көркем сүрет деректері — сурет өнерінің, жалпы өнер саласының барлык туындылары;
сөздiк деректер — күнделiктi сөйлеу мәнерiнен бастап халыктың ауызша шығармашылық ескерткiштерi толығымен;
жазба деректер — этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы сан алуан болып келетiн жазба ескерткiштерiнiң бәрi;
дыбысты деректер – сөзсiз немесе сөзбен бiрге орындалатын (саз, әуен, ән т.б.);
салттық деректер — тұрмыста, мiнез-құлықта қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғvрыптар.
ХХ ғасыр ақпарат дәуірі боп саналады. Ғаламдасу мен ұлттық дамудың үйлесімді жарасымын талап етіп отырған жаңа технологиялар ғасыры алдымызға тың жобалармен жұмыс істеу міндетін қойып отыр. Жаңа дәуірдің келуімен тарихи деректердің жаңа түрі пайда болды. Ол – электрондық деректер. Электрондық деректер дәстүрлі деректерден (яғни қағаз жүзіндегі деректерден) шамамен кинофотофоноқұжаттар сияқты ерекшеленеді.
Тарихи деректерді жеке электрондық деректер ретінде орналастыруға мамандандырылған web-сайттың сипаттау кестесі қордың авторы, мерзімі, материалдың тақырыбы бойынша қордың сипаты, қордың түрі, ақпараттың түрі, қысқаша мәлімет, Интернет жүйесіндегі орны сияқты позицияларды құрайды. Қор сипатын материал тақырыбы бойынша белгілеу монотематикалық және политематикалық сайттарды бөліп көрсетуді ұсынады. Қорлардың түрі (ғылыми, ғылыми-көпшілік, ойын-сауық) берілген қордың сенімділік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды, өйткені бүгінгі таңда Интернет жүйесіндегі тарихи мәселе бойынша арнаулы сайттардың көбі әуесқойлық болып келеді, ал кәсіби ғылыми сайттармен салыстырғанда олармен жұмыс істеу тыңғылықты деректанулық сынды талап етеді. Сайттағы ақпараттар түрінің (тақырыптық, графикалық, аудио-, бейнеақпараттық) көрсетілуі әр ақпарат түрінің деректанулық талдау әдістерін, зерттеу және білім тәжірибесінде олардың қолдану мүмкіндіктерін белгілейді. Сайттағы қысқаша мәлімет сайтта берілген материалдарды алғашқы тақырыптық жіктеуді, олардың ерекшелігін көрсетуді қамтуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген Интернет қорларын тарихи дерек ретінде сипаттау кестесі түзету мен нақтылауды қажет етеді.
Тарихи өлкетану жалпы өлкетанудың бір саласы ретінде өзіндік тарихи пән болып табылады. Ол сондықтан екі ерекшелікке ие: 1) тарихи оқиғаларды жекешелей қарайды және 2) өзіндік жеке сала болып табылады. Бұл тарихи -өлкетану саласындағы әр түрлі бағыттар бойынша бөлінеді: танушылық, қайта қараушылық, бағалы-бағыттылығы, коммуникативтік. Туған өлкені зерттеу ерекше қанағаттандырлық алатын, қоғамдық ой-пікірді қалыптастыратын сала болып табылады. Жергілікті материалдар негізінде тарихи өлкетанудың тәрбиелік маңызы бар. Басты тәрбиелік дерек ретінде және оның механизмі ретінде жергілікті дәстүр болып табылады. Яғни ол әр түрлі себептермен зерттеушінің қызығушылығын туғызады. Өлкенің тарихы – бұл өте күрделі өлкетанушылық жұмысты талап етеді, жұмыстың көптігімен, уақыт кезеңінде де өте күрделі болып келеді. Өлкетануды зерттеудің негізі жергілікті жердің тарихы болып табылады. Ғылыми пән ретінде өлкетану өзінің зерттеу объектісі бар – табиғат, халық, экономика, тарих, өлкенің өнері. Негізгі дерек ретінде «өлкенің библиографиясы», «баспа деректері», «статистикалық мәліметтер», «тарихи ескерткіштер» және т.б Деректер әр түрліі материалдық, жазба, ауызша болып бөлінеді. Өлкетанушы-мұғалімнің міндеті: 1. не іздеу керек. 2. қалай іздеу керек. 3. қалай қағазға түсіру керек.
Өлкетану жұмыс ұйымдастыру мәселесі бойынша мемлекеттік, қоғамдық және мектептік болып бөлінеді. Өлкетанудың негізінде қажеттілік және білуге құштарлық болып табылады. Өлкетану негізі тарихи зерттеумен байланысты. Өлкетанудың бастаулары халықтық өлкетануға қатысты қалыптасқа. Олар өлкенің білгірлері болып табылады. Мысалы, өлкенің алғашқы деректері ауызша тарихи деректермен тікелей байланысты.
ХҮІІІ ғ. өлкеге Ресей тарапынан бірнеше академиялық экспедициялар ұйымдастыруға байланысты бірнеше мәрте әр түрлі деңгейлерде зерттеулер жүргізіле бастады. Орыс дерекетрімен қатар өлкенің тарихына қатысты шығыс деректері;Ғ парсы, араб тіліндегі тарихи жазбалардың мазмұны өте құнды. Өлкетану мәселесінде Ш.Уәлихановтың еңбегі зор.