4)Ш.Уалихановтың өлкетанушылық қызметі
Шоқан Уәлихановтың ғылыми экспедициясы Сібір казактар әскеріне қызметке қабылданғанда басталды. Ол 6-шы атты әскер полкына офицері ретінде бекітіліп, Сібір жеке корпусының командирі әрі Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Густав Гасфорттың (Гасфорд, Гасфордт) адъюданты болып тағайындалады. Сонымен қатар оған өлкенің Бас басқармасында ерекше тапсырмалар жөніндегі офицер қызметі жүктеледі.
1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады.
1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты.
Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды.
Кадет корпусын бітіріп, 1853 жылы Б.Сібір г-г кеңсесінде қызметке қалдырылады.
Бір жылдан кейін Б.Сібір мен Қазақстанның солтүстік - шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.
1854 - Костылецкий ұстазының өтініші бойынша Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. Ол Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырымен таныс еді. Жас ғалым әйгілі профессор Березин бастырып шығарған "Тоқтамыс ханның жарлығы мен басқа да хан жарлықтары туралы еңбектерге тыңғылықты талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің бірі еді.
Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, оның қорытындысында Шығыс Түркістанның өткені мен бүгіні туралы зерттеулер жазады.
Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады.
1856 жылы полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады.(шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865)"Көкетай ханның ертегісі"қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген.
Шоқанның зерттеушілік қабылеті корпуста оқып жүргенде оянған. Жазғы демалыс уақытында ол ел ішіндегі аңыз әңгімелерді, халық жырлары мен поэмаларын жазып алумен шұғылданған. Мысалы, Шоқанның алғашқы жазып алған шығармаларының ішінде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры болған. 1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шоқан көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.Н.Березинмен танысады. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Шоқанның сабақтан тыс уақытта көп оқып, зерттеген еңбектерінің бір саласы сол кезеңдегі саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектер болған. Мұның өзі оған қатты әсер қалдырады. Ол саяхатшы болуды, соның ішінде Орта Азияны аралап, зерттеуді мақсат етеді. 1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Осыдан кейін ол «Тәңір (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектерді жазады. 1856 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы да қырғыз елінде болады. Осы сапарлар барысында «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазып шығады. Бұл еңбектер жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпымен тұтасып, аса жоғары бағаланған туындылар болып есептеледі. Шоқанның демократтық, ағартушылық көзқарасын анықтауда бұл еңбектердің үлкен маңызы бар. Оларды Шоқан қоғам өмірінің дамуы мен келешегіне салынған жол деп біледі. Сонымен қатар оны өз халқының құндылығымен, тіршілігімен байланыстыра дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |