3)Археологиялық деректердің өлкетануда атқаратын рөлі
АРХЕОЛОГИЯ (грек-ескі, ілім)-тарих ғылымының көне дәуір мен ортағасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Басты зерттеу объектісі алғашқы қауымнан, ерте заман мен ерте ғасырдан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар т.б.
Адамдар қолымен жасалған осы аталған заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады. Осылай пайда болған төбелердің биіктігі кейде ондаған метрге жеткен (18 м).
Археология термині б.з.б. ІҮ ғ-да көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада Қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. ХҮ-ХҮІ ғ-да Италияда ежелгі суәлет өнерінің мұраларын іздеуге, ХҮІІІ-ХІХ ғ-да Қосөзен бойында көне мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. Қазақстан мен Орта Азияда археологиялық зерттеулер 19 ғ-дың 70-жылдарында бастау алды және олар В.В.Радлов, Н.В.Веселовский, П.И.Лерх, В.В.Бартольд есімдерімен байланысты.
Республикада археология ғылымының қалыптасуында академик М.Е.Массон, профессорлар С.П.Толстов, А.И.Бернштам, М.П.Грязнов, С.С.Черников, Ә.Марғұлан, Е.И.Агеева, К.А.Ақышев, Х.Алпысбаев, К.М.Байпаков т.б. сынды ғалымдардың ролі орасан зор.
Археологиялық ескерткіштердің түрлері:
1. Мекен-жай орындарына ашық типті тұрақ – Қараүңгір (тас дәуіріне жататын ескерткіш б.э.д. У1-У мын жылдыққа жатады, Қаратөбе, Қызылсу тас бұйымдар тұрағы, Ш.Әулиханов атындағы палеолиттік тұрағы, Қаратау жотасындағы жартас суреттер, Тамғалы тас-жартас суреттер (Жетісу),,жартас аспалар мен үнгірлер, селение, ескі қаланың орны, тұрақ-жай мен көшіп-қонған жерлер) сақ заманындағы тұрмыстық заттар жатады;
2. Жерлеу орындарына – мола салу тәсілеріне қарай бірнеше топқа – қорған, опырық молалар, дольмендер, мазарлар;
3. Әулиелік орындар –бұларға – ритуалдық қызмет атқаратын барлық құрылыстар мен орындар – храмдар, құрбандық шалатын, дұға қылатын орындар жеке бір идолдар, киелі саналатын тоғайлар, бұлақтар, тастар, үңгір және жартас живопистері т.б. кіреді.
Заттық ескерткіштер дегеніміз-еңбек құралдары және сол құралдар арқылы жасалған тұрмыстық заттар: киім, әшекей бұйымдар, жеке және қоғамдық өнер, архитектуралық құрылыстар, тиындар, бейнелеу өнері және т.б. Заттық ескерткіштермен аххеолог-мамандар айналысады. Олар көне қалаларды, қорғандарды қазып, реставрация жұмыстарын жүргізеді де, оладың хронологиясын анықтап, классификациялайды, сонан соң оны зерттеп, жасалынған жұмыстардың нәтижесі бойынша есеп беріп, мақала жариялайды. Бұл жағдай да археологтар өз тұжырымдарында барлық дереккөздерін (заттық, жазба) пайдаланатын тарихшы болып саналады. Археология тарихтың ғылым ретіндегі уақыт пен екңістіктегі түсінігін анағұрлым кеңейтті. Адамзаттың ежелгі замандағы тарихи дамуы жайында мәліметтер археологиялық мәліметтер негізінде бізге жетіп отыр.
Адам қоғамының ұзақ тарихи кезеңі тек археология көмегімен ғана зерттелінеді. Ол алғашқы қауымдық құрылыс пен орта ғасырлық тарих жайындағы жазбаша мәліметтерді айтарлықтай толықтырып, толық мәнін ашып береді. Жазба таптық кезеңде пайда болды және оны тек ақсүйектер ғана меңгерді. Егер жазба деректер автордың сол белгілі кезеңдегі оқиғаға жеке және тенденциялық сипатта болуын көрсетсе, заттық ескерткіштер сол дәуірдегі адамзаттың тұрмыстық хал-ахуалын объективті түрде айқындап отырды. Мұнда ескерткіштер сол кезеңнің таптық бөлінісі туралы, олардың материалдық жағдайлары жайында барынша көрнекі түрде бейнеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |