«Астана медициналық университеті» КеАҚ
Оңалту бөлімі, спорттық медицина және дене шынықтыру
Реферат
Тақырып: «Дене қасиеттерін
дамыту»
Орындаған:Жұмабай Мерей
Факультет:Педиатрия
Тобы:112
Қабылдаған: Калин Аскар Муратович
Нур-Султан
2022
Кіріспе
Дене қасиеттерін дамытуға бағытталған қатаң шектелген жаттығулар
әдістері әр түрлі формадағы жүктеме мен тынығудың түрлерін ұштастыру
мүмкіндігіне байланысты қолданылады
. Жүктеме дегеніміз – дене
тәрбиесі жаттығуларымен адам ағзасына әр түрлі көлемде әсер ету.
Жүктеменің шамасы оның қарқындылығы мен көлеміне
байланысты.
Жүктеменің көлемі – орындалған дене қуаты
жұмысының саны (мысалы, 10 минөттық жүгіру, жаттығуды қайталау
саны т.б.).
Жүктеме қарқындылығы - ол белгілі бір уақытта дене тәрбиесі
жаттығуларын қарқынды, тездете орындау. Жүктеменің ішкі және
сыртқы қарқынды көрсеткіштері болады. Сыртқы көрсеткіш – қозғалыс
жылдамдығы (жүгіру, шаңғы жарысы, суда жүзу т.с.с.), спорт
ойындарындағы ойын қарқыны т.б. Қарқындылықтың ішкі көрсеткіштері –
жүректің соғу жиілігі, белгілі бір уақытта күш жұмсау өлшемі. Адам
ағзасына әсер ету көлеміне байланысты жүктеме:
- кіші (жүректің минөтына 130 ретке дейін соғуы);
- орта (жүректің минөтына 131-155 рет соғуы);
- үлкен (жүректің минөтына 156-175 рет соғуы);
- жоғары (жүректің минөтына 176-190 рет соғуы);
- өте жоғары (жүректің минөтына 190-нан көп рет соғуы) болып бөлінеді.
Дене мәдениеті мен спорт бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын
таңдаудың әдістемелік
негіздері оқытып, үйрету үдерісінің жалпы және
арнайы міндеттерін шешумен байланысты. Бұл қандай да бір спорт түрінің
ерекшелігіне байланысты оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыру және жүзеге
асыруға дифференциалды жолмен шешу қажеттілігімен байланысты.
Дене мәдениеті мен спорттықбілім жүйесінің мақсаты барлық
жастағы азамаматтардың оқып, үйренуге, өндірістік
еңбекке және
шығармашылық қызметке дене даярлығын қамтамасыз етуге жағдай
жасаудан тұрады. Бұл мақсат дене мәдениеті мен спорттың қазіргі заманғы
даму сатысында жетілдірудің жалпы және
арнайы міндеттерін шешумен
жүзеге асады.
Негізгі бөлім
Спортшының жаттығуларды орындау, жұмыс істеу қарқынына байланысты
жүктеме бірқалыпты және ауыспалы болып келеді. Бірқалыпты жүктеме –
ол спортшының белгілі бір уақытта
жаттығуды орындаудағы
қарқындылығының өзгеруі (ол жоғары немесе төмен болып өзгеруі мүмкін).
Жүктеме әрқашан да тынығумен кезектесіп отыру керек.