Реферат тақырып: «Ғылымның қоғамдық сананың басқа формаларымен байланысы»



бет4/5
Дата06.01.2022
өлшемі40,2 Kb.
#14833
түріРеферат
1   2   3   4   5
көркем әдебиет

  • музыка

  • мүсін

  • кескіндеме

  • театр

  • кино

  • би

  • сәулет өнері, т.б. түрлері бар.

    • Адамзатпен бірге пайда болған өнер салалары ғасырлар бойы дамып, өз жанрларын жетілдіре түсті. Өнердің дамуы тікелей қоғамда болатын құбылыстарға байланысты өзгеріп, жетіліп отырды. Ол әрдайым шығармашылық табыстарымен бағаланады.

    • Өнер арқылы берілген эстетикалық тәрбие адамды ұдайы сұлулық пен әдемілікті дұрыс ұғынуға жетелеп, сезім байлығын қалыптастырады.

    • Қазақстандағы өнер түрлері де ерте кезде-ақ пайда болып, қазіргі  таңда адамның жан азығы мен рухани байлығы іспеттес. Адамдар өмір сүре бастағаннан-ақ өнердің алғашқы нышаны қалыптасқан. Сондықтан да қазақ өнерін әлем өнерінің құрамдас бөлігі ретінде оқып - тануға міндеттіміз.

    • Адам баласының рухани өміріне елеулі түрде нәр берген, мәдени өмірді қалыптастыруға орасан зор үлес қосқан ең көне дүниетанымның бірі болып табылатын өнер мен оның сипаты және тарихи кезеңдеріне қазіргі заман биігінен баға беру мәселесі бүгінгі таңда мәдениеттанушы ғалымдардың назарын аударып отыр.

    • Әлем елдеріндегі әрбір ұлт өкілдері өздерінің төл өнерін, мәдениетін, эстетикалық ойлау тарихтарын зерттеп, адамзат руханиятына белгілі деңгейде үлестерін қосып келеді. Осы орайда, ерекше атап өтетін бір жайт бар. Жалпы өнер, эстетика ғылымын тануда зерттеудің негізгі ұстанымы - тарих-философиялық әдістеме болуға тиіс. Тек осы әдістеменің арқасында ғана сан түрлі схемалықтан, модельдеуден, эстетиканың схоластикалық түсіндірулерінен аулақ тұрудың мүмкіндігі туады. Сонымен қатар өнер, көркемдік сана, көркем образ, туынды жасау тәсіл, өнердің мазмұны, формасы, шығармашылық секілді эстетика ғылымының ұғымдарын, категорияларын ретімен, мәніне сай зерделеп тануға қадам жасалады. Онымен де шектелмей тарихи қалыптасудың кезеңдерін анықтауға әдістемелік негіз салады.

    • Адам баласының рухани өміріне елеулі түрде нәр берген, мәдени өмірді қалыптастыруға орасан зор үлес қосқан ең көне дүниетанымның бірі болып табылатын өнер мен оның сипаты және тарихи кезеңдеріне қазіргі заман биігінен баға беру мәселесі бүгінгі таңда мәдениеттанушы ғалымдардың назарын аударып отыр.

    • Әлем елдеріндегі әрбір ұлт өкілдері өздерінің төл өнерін, мәдениетін, эстетикалық ойлау тарихтарын зерттеп, адамзат руханиятына белгілі деңгейде үлестерін қосып келеді. Осы орайда, ерекше атап өтетін бір жайт бар. Жалпы өнер, эстетика ғылымын тануда зерттеудің негізгі ұстанымы - тарих-философиялық әдістеме болуға тиіс. Тек осы әдістеменің арқасында ғана сан түрлі схемалықтан, модельдеуден, эстетиканың схоластикалық түсіндірулерінен аулақ тұрудың мүмкіндігі туады. Сонымен қатар өнер, көркемдік сана, көркем образ, туынды жасау тәсіл, өнердің мазмұны, формасы, шығармашылық секілді эстетика ғылымының ұғымдарын, категорияларын ретімен, мәніне сай зерделеп тануға қадам жасалады. Онымен де шектелмей тарихи қалыптасудың кезеңдерін анықтауға әдістемелік негіз салады.

    • Өнер деген ұғымның өзі сан салалы, мазмұны терең әрі сипаты жағынан арнасы кең болып келеді.  Аталмыш ұғым күнделікті өмір мен кәсіби мамандықтың аясында қолданылатын айырмашылықтарына қарамастан өнер туындысы ретінде де, күнделікті өмірдегі оқиғалар немесе табиғат көріністерін айшықтағанның өзінде адамды сезім әлеміне жетелемек. Осы бір айырықша үрдіске алғаш рет неміс ағартушысы А. Баумгартен назар аударған. Ол ХҮІІІ ғасырдың ортасында ғылыми зерттеу саласына эстетика деген терминді енгізгендігімен тарихта белгілі ғалым.

    • Өнер саласы әлемге кең тараған ғылыми нысандардың бірі әрі ол өзінің түп тамырын ежелгі мифологиядан бастайды. Адам қолымен жасалған немесе табиғи өнімді сезіну арқылы көңіл толқып тебіренуді аңғарған, оған талдау жасап, пайымдай бастаған сәттен өнертанудың алғышарты негіз алса керек.  Осылайша айнала әлем туралы пайымдау мен дүниетаным пайда болған.

    • Өнер туындысының сипаттары мен оған сай келетін көңіл тебіренісінің өсуін эстетика ғылымының іргелі категориясы болып табылатын әсемдік жайындағы ұғымға телуге деген талпыныс жасалып келді. Таңғажайып, трагедиялық, комедиялық немесе батырлық сынды ұғымдар көркемдік категориялармен салыстырылудың нәтижесінде өзіндік мән мазмұнын табады. Жалпы, дүниені сезіну  арқылы танудың  әртүрлі типтері оны бір жағынан ғана айшықтауы мүмкін. Олай болса, өнерді ғылымның бірегей құрылымы десек, оның іргетасы көркемдік жайындағы категория болмақ. Егер имандылықты, игілікті істі этика қарастырса, шындықты табу ғылымның іргелі категориясы екені анық. Ал, эстетиканың категориясы этика мен діни мазмұнды бірдей өн бойына сіңіретіндігімен ерекшеленеді.

    • Адамның ойда сақтау қабілеті көңіл толқыту сәттерді түрлендіре түседі. Көркемдік пайымды тудыратын механизмнің ең қысқа анықтамасы «болып өткен оқиғаның бәрі ғажап» деген тұрақты тіркесте жатыр. Сондықтан да, ғалым М. Бахтин «біздің ойда сақтау қабілетіміз өмірдің эстетикалық мазмұнын арттыра түседі» деп анықтаған. Уақыттың алыстай түсуі көңіл күйге толыққанды бейнелеу тетігін әкеледі. Бұрынғылардың «Өткен күн көзге бұлдыр, ойға анық» деуі кездейсоқтық болмаса керек.

    • Дамудың алғашқы кездерінде көркемдік сана дүниетаным жайындағы философиялық пайымдарының аясында қарастырылды. Тарихи кезеңдерде ол даму мазмұнын өзгертумен болды. Айталық, ежелгі дәуірде философия, орта ғасырда теология, дінтану аясында дамыса, қайта дәуірлеу кезінде көркем өнер шеберлері оны практикалық шеңберде жүзеге асырды. Ал, ХVІІ - ХVІІІ ғасырда әдеби-көркем сын мен публицистика саласына көбірек сүйенетін болды. И.Кант, Ф.Шиллер, Ф.Шиллинг, Г.Гегельдердің туындыларында көрініс тапқан неміс классикалық эстетикасында өнер талғамының толықтай құрылымы пайда болды.

    • Көркемдік ойдың дамуы өнер философиясының теориясын байытуға, оның тұжырымдамаларын тереңдетуге әкелген эмпирикалық байқаудың ұзақ мерзімдік кезеңдерін тудырды. Дамудың әр саласы өнердің сипатын айқындауға, туынды мен оның пайымының бағдарын, заңдылықтарын тануға бағытталды. Осының өзінен оның негізгі тұжырымының философиялық сипатын аңғаруға болады. Алайда, оның түп тамырында пайда көздеушіліктің жоқтығын біле аламыз. Көркемдік ой - өзінің лайықты құрылымын түрлі сатылық талдаулар, классикалық және көпшілік талғамының даму бағыттары, әртүрлі себеп салдарлар және туындыгерлердің шығармашылық үрдістерін жіті бақылау арқылы қалыптасады. Ірі көлемдегі эстетикалық құрылымдар жүйесін жасаған атақты философтардың өзі белгілі бір өнер жанрларын толық түсініп, көркемдік тәсілдерге, түрлі ағымдардың тарихи ерекшеліктеріне сүйенген. Олардың қатарына Гегелді, Ницшені, Баргсонды, Ортега и Гассетті, Сартрды, Хайдеггерді жатқызуға болады.

    • Көркем дүние айналаны бейне арқылы белгілі бір формамен бізге жеткізеді. Оны кең арнада қарастырсақ, әрбір өнер туындысы көркемдік үрдіс өзінен тыс тұрған (өндіріс, спорт т.с.с.) қызметтердің ортақ сипаты, көркемдік пайымы, жалпы табиғи болмыс.

    • Музыка, бейнелеу өнері, әдебиет секілді өнер түрлерінің ұстанымдарын қалыптастыратын көркемдік тәсілдің жалпы сипатын анықтауға деген құлшыныс әдебиеттану, өнертану, музыкатану сынды салалардың аясында қарастырылады. Қысқасы, әрбір көркем өнер түрлеріне жасалатын эстетикалық талдау макро және микро деңгейде анықталады.

    • Олай болса, бүгінде әдеби туындыларымыз неге оқылмайды, театрларымыздың залдары неге көрермендерге лық толмайды, киноларымызға жұрт неге лек-легімен ағылып келіп жатпайды дегендей сан түрлі сауалдарға берілетін ең негізгі жауап өнер шығармашылығына деген таным көкжиегімізді кеңейту, эстетикалық талғамымызды жоғарылату дер едік. Ол үшін аталмыш сала бойынша берілетін жалпы және іргелі білімнің сапасы жаңа сатыға көтерілуге тиіс деп білеміз.



    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет