Сана ‑ объективті шындықты бейнелеудің адамға ғана тән жоғары формасы, оның дүниеге және өзіне адамдардың қоғамдық‑тарихи қызметінің жалпыға бірдей формаларының жанама түріндегі қатынасының тәсілі. Сана объективті дүниені және өзінің жеке болмысын ой елегінен өткізуге белсене қатысатын адамның психикалық процестері бірлігін көрсетеді. Ол адамның еңбек, қоғамдық ‑ өндірістік қызметі процесінде пайда болады және сананың өзі сияқты байырғы, тілмен айтарлықтай байланысты. Адам туған бойдан алдыңғы ұрпақтардың қолымен жасалған нәрселер дүниесіне кезігеді және өзі оларды мақсатты түрде пайдалануды үйрену процесінде ғана қалыптасады. Оның шындыққа қатынасу тәсілі тікелей өз денесін икемдеуіне (жануарлардағы сияқты) емес, қайта басқа адамдармен қарым ‑ қатынасты ғана қалыптасатын затты іс ‑ қимыл дағдыларымен анықтайды.
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс — адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәлім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым — осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән, сонда сана дегеніміз не? Ол қайдан, қалай пайда болады? Сана — бейнелеудің қасиеті. Бейнелеу — жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші денеге тигізген әсерінің салдары жатыр. Сана да сол әсерінің нәтижесі.
Бейнелеудің ең жоғары түрі тіршілікке, өмірге байланысты биологиялық формасы. Ал енді тіршілік өмірдегі бейнелену формалары қандай? Ол да түрліше. Ең алғашқы қарапайым бейнеленуге тітіркену жатады. Ол барлық тірі организмдерге тән құбылыс. Орталық жүйке жүйесі бар организмде ол рефлекс тудырады.
Адам миына сыртқы дүниедегі түрліше ақпараттар қалай келеді? Ол сезім мүшелері арқылы қабылданады. Адамда бес түрлі сезім мүшелері бар: көру, есту, иіскеу, дәм сезу, тері түйсігі. Бес сезім мүшесі арқылы келген хабарды сезімдік бейнелеу дейміз. Сезім мүшелері адам миын сыртқы дүниемен байланыстырушы. Ол сезімдік формасы омыртқалы жануарлар да бар. Бірақ олардың түйсігі өз тіршілігіне сәйкес сыңаржақ дамиды, яғни өзіне қажеттіні ғана қабылдайды. Ал адамда сана, тіл арқылы өзінің сезім мүшелерінің мүмкіндіктерін жан — жақты дамытады. Ол сезім мүшелерін ақылға билетеді. Адамға микроскоп, телескоп, сейсмограф сияқты құралдар көмекке келеді. Сөйтіп, адам сезім мүшелері арқылы заттың қасиеттерін біледі. Бірақ заттың қасиеті әртүрлі болады. Затты бүтіндей, толық білу үшін оның қасиеттерін жан — жақты танып, түсіну қажет. Ол үшін таным — түйсіктен бірте — бірте ойлауға көтеріледі. Сана өзінің шығуы жағынан екінші. Бірақ сана енжар емес, белсенді, пәрменді рөлі бар құбылыс. Сонымен, адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі қабылдап оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап біреу ғана: ол түйсік мүшелер арқылы объективті шындықты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады. Оған түйсік, қабылдау, ойлау сияқты негізгі элементтердің жиынтығы кіреді.
Сана дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді, қолдан жасайы. Сана ең жоғары ұйымдасқан материя — мидың функциясы ретінде бірден пайда болған жоқ. Ол талай дәуірден өтті.
Сана-адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми жан — жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Оның пайда болуы екі факторға байланысты: бірі — еңбек, екіншісі — тіл. Адам санасы оның еңбек ету процесінде пайда болып, дамыды. Еңбек — еңбек құралын жасаудан, басқаша айтқанда, белгілі мақсатқа жетуде алғашқы адамдардың тасты қашап одан кесуге болатын, не соғуға болатын құрал жасаудан басталады. Ондай құралды табиғат жасамайды. Ол бір. Екіншіден, сол еңбектенген адамдар бір — бірімен түсіну үшін тіл керек болды. Тіл де бірден пайда болған жоқ. Оның алдында түрлі дыбыс, қимыл — әрекеттермен алғашқы адамдар бір — бірімен ұғысқан. Сана тілмен бірге дамиды.
Қарапайым сана күнделікті өмірден, әдет ‑ ғұрыптан пайда болады. Қарапайым сана ‑ табиғат пен өмір құбылыстарын күнделікті байқаудың нәтижесі. Ал теориялық сана, қоғамдақ сананың жоғары санасына жатады. Теориялық санаға табиғат заңдылықтарын зерттейтін ғалымдар және саяси ‑ әлеуметтік теорияларды зерттеумен айналысқан адамдар аталған.