Реферат Тақырып «Инклюзивті білім беру»



бет3/4
Дата23.09.2023
өлшемі63,45 Kb.
#110010
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Реферат Инкл

Толықтай кіріктірілген – дамуында бұзылуы бар балалардың нормаға сәйкес дамыған балалармен бірге оқуы ( балалардың дамуы жас ерекшелік нормаға жақын және психологиялық жағынан даяр болуы).
Толық емес кіріктірілген – психикалық дамуы жас ерекшелік нормадан төмен болуынан жүйелі коррекциялық көмекті қажет етуі, бірақ кейбір пәндерді бірлесе оқуға қабілеттілігінің жетіспеуі, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстарға қатысуы
Инклюзивті білім беру:
1)Барлық балалардың жалпы білім беру үрдісіне енуі;
2)Жасына, жынысына, этникалық, діни ерекшелігіне, дамуындағы тежелуіне қарамастан;
3)Баланың білімдік қажеттілігі мен даралық ерекшеліктеріне ортаны бейімдеу;
4)Адекватты білімдік жағдаятты тудыру.
Инклюзивті білім беруде Қазақстан Республикасының төмендегідей заңдарына сүйенеді:
1)ҚР «Білім туралы заңы» ;
2)«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау» .
1971 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың одағы құрылып, жаңа әлеуметтік тұжырымдама әзірленіп, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қиындығы қоғамдағы кедергілерге байланысты туындағаны талданды. Қоғам осындай кедергілерді тудыра отырып мүмкіндігі шектеулі адамдардың толыққанды дамуын тежейді.
1975 жылы –Мүгедектер құқығы туралы декларация. Ментальдық және өзге де денсаулығындағы ауытқушылығы бар адамдардың білім беру және әлеметтік құқығын қамтамасыз ету нормалары. Бұл құқықтар нәсілдік, жыныстық, тілдік, діни, саяси немесе өзге де және оның отбасы үшінде сақталуы тиіс.
Мүгедектер құқықтары:

  • Медициналық ем алуғы:

  • Психикалық ем алуы;

  • Білім алуға;

  • Кәсіби даярлыққа;

  • Еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруіне.

XX ғасырдың 70 жылдарындағы “Білім беру – барлығы үшін” ұстанымын басшылыққа алып, әлемдік мүгедектерге қатысты әрекет ету бағдарламасы олардың өзгелермен бірдей білім алу құқығын қолдануына мүмкіндік берді.
1989 жылы – Бала құқығы туралы Конвенция. 1990 жылы Тайландта Халықаралық барлығына білім беру конвенциясы өткізілді және мынадай мәселелер талданды:
- Білім беру жүйесін тұтынушы талаптарына сәйкестендіру және олардың қажеттілігіне, мәдениеті мен тарихи жағдайына бейімдеу.
- Мүгедектік – ағзаның қызметінің бұзылуынан өмірлік әрекеттің шектелуі және әлеуметтік қорғауды қажет етуі.
1994 жылы ЮНЕСКО-ның қолдауымен Испанияда Халықаралық ерекше қажеттілігі бар адамдарға білім беру конвенциясы өткізілді.
Педагогикаға “инклюзивті білім беру” термині енгізілді, ұстанымдары айқындалды. Саламан декларациясы бойынша, білім беру жүйесі әр баланың қажеттілігі мен ерекшелігіне бейімделуі қажет, сонымен қатар жалпы білім беретін мектепте бірге оқытумен қатар арнаулы оқыту орындарының да маңыздылығын жоққа шығарылмайды.
Мүгедектер үшін ЖОО-ға қабылдануда 1 % , техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына қолдануға 0,5% квота беріледі. Көру мүгедектігі мен есту мұгедектігі бар балалар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, қамқоршы және қорғаншылықта болған балалар жоғары мемлекеттік шәкіртақы(75% ) алу құқын иеленеді.

Қорытынды
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет