Кіріспе. Мәдениет морфологиясы Мәдениет морфологиясы-Құндылықтар жоғары деңгейде объектілерді, халжағдайды, қажеттілікті, мақсатты таңдауды түсіндіреді. Құндылықтар қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сиықсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, еріктілік пен тиым салушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі.Құндылықтар деп, адамдар мен әлеуметтік топтардың, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын белгілі бір заттар мен құбылыстардың қасиеттерін айтады. Құндылықтар үлкенді, кішілі, абсолютті және салыстырмалы, Материалдық және рухани т.б. түрлерге бөлінеді. Кез-келген құндылықтарды олардың типіне және деңгейіне қарап классификациялау әрқашан да белгілі бір шартқа байланысты, өйткені оларға әлеуметтік және мәдени мәндер енеді. Алайда оған қарамастан мазмұны жағынан құндылықтарды шартты түрде мына реттілікпен жіктеуге болады.
Виталдық құндылықтарға: өмір, денсаулық, тәнділік, қауіпсіздік, тұрмыс халі, адамның хал-жағдайы (топтық тыныштық, көңіл күй) күш-қуат, төзімділік, өмірдің сапасы, тәжірибелік, прагматикалық, тұтынудың деңгейі және т.б. жатадыТәндік, денелілік. Кез-келген қоғамда адамның тәндігі құндылықтар өрісінің маңызын кұрайды. Тәндік сипаттама тек қана антропологиялық зерттеулердің және өлшеулердің (дененің келбеті, бойы, физикалық белгілері және т.б.) игілігі ғана емес. Әрине бұл қасиеттер арқылы адамның нәсілдік және этникалық детерминанттарын анықтауға болады. Алайда, қоғамдық мәдени факторлар көбінесе адамдардың тәнін және тәндік мәдениетін, одан әрі адамдардың сипаттамасына байланысты мінез-құлқын, қатынастарын қалыптастырады. Мәдени тән өмір сүруді қамтамасыз етудің механизміне түзету жасай отырып, антропологиялық және әлеуметтік тәндерден жоғары тұрады. Бейнелердің мәдени Мені мәдени ұйымдастықпен, намыс, күш-қуат, әсемдік, дене ептілігі туралы түсініктермен, әлеуметтік және орнықтылықпен, сонылықпен арақатынаста болады.
Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Мәдениеттау пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттау мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде
қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілді ғылым салалары зор ықпал етті. Мәдениеттау пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты – дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып, оларды болжай білу. Кеңес дәуірінде Қазақстанда Мәдениеттау пәні жүйелі түрде оқытылмай, гуманитарлық ғылымдар саласында өзінің нақты орнын таба алмады.
«Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және тағы басқалары;
мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары);
агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы басқалары).
Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн кәрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек, «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да осылардың ішіндегі ең бастысы — дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар, белгілі эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Полис дегеніміз — шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын (халық жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа да мекемелерінің жұмыстарына және тағы басқалары қатысу) мұлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады.
Мәдениет
Рухани материалдық мәдениет рухани өндіріс сферасынан және мәдениет ең алдымен материалдық өндіріс оның нәтижелері – дін, философия, мораль, сферасы мен оның өнімдері – техниканы, өнер, ғылымнан құралады. Рухани технологияны, байланыс және мәдениеттің ішінен көбінесе өнер мен коммуникация құралдарын, өндірістік ғылым туындыларынан құралатын көркем ғимараттар мен үймереттерді, жолдар мен мәдениетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым, көлікті, тұрғын үйді, тұрмыстық заттар мен өз кезегінде, зерделік, ғылыми-техникалық киімді қамтиды.
мәдениет негіздері ретінде қарастырылады. Материалдық және рухани мәдениет арасында терең бірлік бар, өйткені олардың екеуі адам қызметінің нәтижесі болып табылады. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Алайда материалдық және рухани мәдениетке бөлу көбінесе шартты түрде болады, өйткені шынайы өмірде олар тығыз байланысты, бір-бірімен сіңісіп, толықтырып тұрады. Тек материалдықққа немесе руханиға жатқызуға болмайтын мәдениеттің бір қатар түрлері бар (экономикалық, саяси, экологиялық, эстетикалық). Мәдениеттану ғылым ретінде «культорология» атауымен Еуропада қалыптасқан. Бұл сөздің өзі екі: латын және грек тілдеріндегі екі сөзден құралған. «Культура» сөзі латын тілінде жер айдау, топырақ өңдеу дегенді білдіреді. Ал «логос» сөзі грек тілінен алынған. Ол көп мағыналы: «ғылым», «ілім», «теория» деген ұғымдарды береді. Демек, культорология – мәдениет туралы ілім, теория, ғылым. Мәдениеттану ғылымының қалыптасуында мәдениеттің табиғаты мен мәнін түсіне білу маңызды орын алды. Мәдениет ұғымының даму тарихы мәдениет туралы жан –жақты тұжырымдаманы: марксизмнің еңбек құрал тұжырымдамасын; Н.Я.Данилевскийдің мәдени тарихи тип тұжырымдамасын; мәдениеттің ойын ретіндегі теориясы және басқа тұжырымдамаларын өмірге келтірді. XIX – XX ғасырлар бойында мәдениетті зерттеуде антропологиялық бағыт қалыптасты, онда адам мен мәдениеттің қарым қатынасы басты назарға
алынды.
Көне заманда "культура" деген ұғым "жерді өңдеу" деген мағына берген. Цицеронның еңбектерінде бұл сөздің мағынасы тереңдеп, "жанды жетілдіру" деген ұғымды білдірді. Ал кейінірек уақыт өте келе еуропалық тілдерде мəдениет сөзі "білім беру", "даму", "қабілеттілік", құрметтеу" сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазақ тілінде бұл термин арабтың "маданият"-қала деген сөзінен енген. "Мəдениет" терминінің этимологиясын ртағасырлық ислам мəдениетінде анықтаңыз. Бұл ортағасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде
қалыптасқан маариф яғни білімділік және адаб яғни әдем, мораль
түсініктерімен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген
анықтамаларды альтернативтік деп атауға болады. Альтернативтік
дегеніміз қарсы қоюшылық дегенді білдіреді. Бұл жерде алдымен көзге
түсетіні – мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы
қоюшылық.
Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды: тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы); этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері); коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.
Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады.
Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.
Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.
Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде Тіл мәдениеті дамиды.
Жалпы қазақ тілі ең біріншіден біздің мемелекетіміздің ана тілісі болып келеді. Ол енді барлығымызға мәлім. Бүгінгі күнге тіл мәдениетіне әлеуметтік тілтаным мен қолданбалы тіл білімінің назар аударып келе жатқаны белгілі болып отыр. Әр тілдің өзінің мәдени кеңістігі болады. Бұл орфоэпиялық жағынан болсын, я орфаграфиялық жағынан болсын сақталуы тиіс. Себебі тілдің дұрыс айтылуы, сөйлеуі, қоғамда үлкен орын алады. Тіл мәдениеті көркем- әдеби нормасымен оның дамуы, қоғам дұрыс сөйлеуімен байланысты болады. Қоғам мен тіл өте дұрыс байланыста болуы тиіс, себебі біздің Қазақстан Республикасында әртүрлі елді аймақтардың ішінде тілдің өзгешелік дыбысы естіледі. Мен ойлаймын ол нәрсеге қоғам әсер етсе, онда қоғамды ана тіліміздің нормалары дұрыс, әрі нақты сақталуына көз септігін тигізу керек. Мен осы мәселені айтып отырғаным, қазіргі қоғамда ана тіліміздің кейбір сөйлеу ырғақтары дұрыс сақталмауда, ол яғни біздің мәдени кеңістігімізді бұзады. Әлбетте оның дұрыс қалыптасуы біздің қолымызда, себебі тілдік нормативтік сақталмаса, тіліміздің мәдениеттілігі өзгеруіне әбден мүмкін. Сондықтан қай тіл болсын оның мәдени-нормативтік ережесі сақталуы тиіс. Мен өзім шет тілдер маманындығына оқып жатырмын, оқып жатқан тілімнің ағылшын, неміс тағы басқа болсын оның дұрыс ережемен айтылуына көз саламын. Ал менің ана тілім қазақ тілі болса, мен оның барлық сөйлеу мәдениеті кеңістігінде, міндетті дұрыс сақталуына бет аударамын.
Академик Р. Сыздықыва былай деп жазады: Тіл мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лекси - калық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қию - ластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық)
Сөйлеу мәдениеті өспейінше жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды. Теплов Б. Тіл – жанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегеніміз – бір қарағанда, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр. Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс. Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан… Көне замандағы мәдениет ошақтарының бірі – шумерлердің тас табақтарына былай деп жазылған екен: «…аузыңа абай бол, көкейдегі ойды айтуға асықпа, ойланбай сөйлесең, опық жейсің…», ал мексика халықтарында «сөйлегенде сабыр сақтаған жөн, асығып-аптықпа, қызбаланба, дауысыңды көтерме, сөзің орынды да ұрымтал болсын» десе, үнді заңында «қандай бір қиын жағдайда да балағат сөзге тыйым салынады, көкейге қонымды, көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын» делінген. Бұл адамның сөйлеу тілінің адам өміріндегі маңызын, жөнімен сөйлей білудің қажет екенін, сөздің құдіретін мойындаудан туған жауапкершілік
Тіл дедік, сөйлеу дедік, ал енді сөйлеу әдебі дегеніміз не? Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette – Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады. Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады. Адам – қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы. Қоғамдық қарым-қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті не объектімен қарым-қатынасында тілдің орны әрдайым басты рөлде болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы көрініс табады. Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға деген құрмет-қадірінің қаншалықты дәрежеде екені де сөз жұмсалым арқылы беріледі. «Тіл барлық заттар мен құбылыстарды, т.б. таным белгілерді ұғынуға көмектеседі. Адамның рухы мен ішкі эмоциясын, сондай-ақ, адамдық қарым-қатынастан туған адами сыпайылықты да айқын көрсетеді». Сыпайылық ағыл. politeness – әңгімеге қатысушылардың Тілдік практикасының көрінісі; бір-біріне құрмет көрсетудің әдістері; мыс., Сен-Сіз есімдіктерін, әңгімеге қатысушының лауазымын, атағын (мыс., доктор, профессор), қазіргі кезде сөйлеу этикетінің (әдебінің) мәдениетін көрсететін ханым, мырза сөздерін, әңгімеге қатысушының өз ісіне, кәсібіне қосқан үлесін көрсететін (мыс., әдебиеттің ақсақалы) шынайы…
Баспасөз тілі мәдениеті
Тіл мәдениетінін ішінде «баспасөз тілі мәдениетінін дарежесі адеби тілдін де сөйлеу тілінін де сапасы кандай екендігіне елшем бола алады». Баспасөзді «Әдеби тіл мадениетінін айнасы» (М.Балакаев) деп текке айтпаған болар, кезінде М.Әуезов газет-журналдардын рөліне үлкен мән берген болатын: «Анық өскелең сапаға ие болған өнерлі әдебиет-сөз жұртынығ тіл өнері жөніндегі тәрбиешісі, көмекшісі. Әрбір жеке ірі шығарма тәрізді жеке баспа орны да өз оқушы жұртшылырын тіл өнеріне тәрбиелейді. Біздің газетіміз ойдағыдай сапалы тілмен шығып тұрса, оқушы мен жас жазушыларымызды шешендікке, орамды тіл Шеберлікке баулиды» деп айтқаны тек емес. Баспасөз тілі мәдениеті алдымен оның сауаттылығымен өлшенеді. Газет, журналдар қалын көпшілікке арналғандықтан, олар орфографиялык, пунктуациялык, стильдік қателерден аулақ болғаны жөн. Баспасөз бетінде жарияланатын мақала, шолу, басқа да хабарлардын мазмұнды шығумен қатар, олардың сауатты жазылуы да редакция тарапынан да, журналистер тарапынан да қатан бақыланып отыруы кажет. Газет бетіндегі қателер негізінен тіл
заңдылықтарын, грамматикалык, орфографиялык, пунктуациялык ережелерді білмеуден болады.