Реферат Тобы: Дудф-22/1к орындаған: Болысбекова Ақерке Караганда 2023ж



Дата08.12.2023
өлшемі30,47 Kb.
#135120
түріРеферат
Байланысты:
Рферат Болысбекова Ақерке (Есту анализаторлары) (копия)


Қ
азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Реферат
Тобы: ДуДФ-22/1К
Орындаған: Болысбекова Ақерке

Караганда – 2023ж


Тақырып: Есту анализаторлары
1.Есту анализаторының маңызы.
2. Есту мүшесінің құрылысы.
3. Есту мүшесінің қызметі.
4. Есту гигиенасы. 
1.Есту анализаторының маңызы. Адам туылғаннан бастап дыбыс әлемін қабылдай бастайды. Есту мен сөйлеу адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызды құралы, қоғамдағы адамдардың өзара қатынасының негізі болып саналады. Егер бала саңырау болып туылса, онда ол ешқашан ауызша сөзді менгере алмайды. Естімей қалу адамның мінез-құлқының бұзылуына себеп болуы мүмкін. Есту арқылы адам сыртқы дүниеде не болып жатқанын білдіретін және бізді қоршаған табиғаттағы әр түрлі дыбыстарды қабылдайды.

2.Есту мүшесінің құрылысы. Есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып бөлінеді. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны

Құлақ қалқаны дыбыстарды қабылдауға бейімделген. Есту жолы құлақ қалқанын ортаңғы құлақпен байланыстырады. Сыртқы құлақ ортаңғы құлақтан дабыл жарғағы арқылы бөлінеді. Ол дыбыс толкындарын механикалық тербеліске түрлендіріп, ортаңғы құлақтың есту сүйекшелеріне береді.

Ортаңғы құлақ самай сүйегінде орналасқан және ол есту сүйекшелері бар тар қуыс болып табылады. Ортаңғы құлақ қуысы жұтқыншаққа ашылатын есту түтігіне (евстахий) өтеді. Бұл дабыл жарғағы мен ортаңғы құлақ қуысында қысымды атмосфералық қысыммен теңестіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты дабыл жарғағы дыбыс тербелістерін бұрмаламайды.

Есту сүйекшелері — балғашық, төстік, үзеңгі буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Сондықтан дабыл жарғағында пайда болған механикалық тербелістер ішкі құлаққа оңай беріледі.

Ішкі құлақ самай сүйегінде тереңірек орналасқан жіңішке иірім өзек (канал) жүйесі (шытырман) болып табылады. Сүйек шытырманынын (лабиринт) ішінде оның пішінін қайталайтын жарғақты шытырман орналасқан. Ішкі құлақ есту иірімінен, жартылай иірім өзектен, сопақтау және домалақ қапшық — вестибула аппаратынан тұрады. Иірім екі жарым орам құрайды. Иірімнің жарғақты бөлігінің қабырғаларының бірі ұзындығы әр түрлі 24 мың талшықтан тұрады, Әрбір талшык өз дыбысына жауап береді. Талшықтарда ұшында түкшелері бар жасушалар орналасады. Бұл — есту рецепторлары. Рецепторлар бетінде жамылғы мембранасы болады. Әрбір рецепторға есту жүйкесінің ұшы келеді.

3.Есту мүшесінің қызметі. Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын қабылдап, есту жолына бағыттайды. Ол бойынша дыбыс толқындары дабыл жарғағына жетіп, механикалық тербеліске ұшырайды. Есту сүйекшелері жүйесі (балғашық - төстік - үзеңгі) арқылы тербеліс ішкі құлакқа жарғақты шытырманның сопақша кіреберісі арқылы беріледі, себебі оған үзеңгі тіреледі. Бұл тербелістер иірімдегі сұйықтың жылжуына әсер етіп, ол түкшелерді тербетеді. Осы кезде рецептор жасушаларының түкшелері жамылғы мембранасына жанасады. Рецепторларда қозу пайда болып, есту жүйкесі арқылы есту анализаторының орталық бөлігіне — самай бөлігіне, үлкен ми сыңарларының есту аймағына беріледі. Осы жерде дыбыстың әр түрлі сипаты: оның үні, ырғағы, күші, жінішкелігі, мағынасы талданады.

Дыбыс толқынының таралу жолы: Дыбыс толқыны —» дабыл жарғағының тербелісі —» есту сүйекшелерінің тербелісі —» ұлуденедегі (иірімдегі) сұйықтықтың тербелісі —» есту рецепторының тітіркенуі —» жүйке қозу толқынының пайда болуы.

4.Есту гигиенасы. Есту мүшесі бас сүйектің самай сүйегіне терең орналасқан. Сөйтсе де оны зиянды әсерлерден және инфекция енуінен сақтау керек.

Есту жолының түбінде құлық бөлетін бездер бар. Құлықтың жабысқақтығы сыртқы құлақтан түсетін шаң мен микробтарды жабыстыру және ұстау үшін керек. Жиналған құлық бөлініп, құлақты жуған кезде сыртка шығарылады. Салдыр-салақ адамның құлағында құлық жиналып, тығын түзуі мүмкін. Ол естудің нашарлауына апарып соғады. Құлықты әр түрлі затпен (сіріңке, түйреуіш, т.б.) алуға болмайды. Бұдан дабыл жарғағы зақымданып, есту нашарлауы мүмкін.


Ортаңғы құлақ аурулары жұқпалы аурумен ауырған кезде (жәншау (скарлатина), баспа, тұмау, т.б.) мұрын-жұтқыншақтан микробтар мұрын шырышымен (сілемей) есту түтігі арқылы ортаңғы құлаққа түскенде пайда болады.

Құлақ ауырған кезде дәрігерге көріну керек. Есту мүшесіне адамға күнделікті әсер ететін қатты шу зор зиян келтіреді. Сонын салдарынан адамның құлағы нашар естіп, мазасызданып, ұйқысыздыққа ұшырауы мүмкін. Бұл көптеген ауруларға себеп болады.

Вестибула аппараты (тепе-теңдік мүшесі).Адамда тепе-теңдік мүшесі ішкі құлақта орналасқан. Ол екі қапшық пен жартылай иірім өзектен тұрады. Өзек өзара перпендикуляр үш қуыста орналасқан. Жартылай иірім өзек қуысы сұйыққа толы. Жартылай иірім өзек қабырғасында рецепторлар мен көмір қышқылды кальцийдін. (әк) ұсақ кристалдары орналасқан.

Дененің әр түрлі қалпында кристалдар қысымы қандай да бір рецепторларда қозу тудырады. Пайда болған жүйке импульстері миға (ортаңғы ми, мишық, үлкен ми сыңарының қыртысы) өтеді. Мидан жауапты импульстер қаңқа бұлшық еттерінің әр түрлі тобына түседі. Бұлшық еттер жиырылады, дене тепе-теңдігі бұзылса, қалпына келеді.

Вестибула аппараты орталық жүйке жүйесіне дене және оның бөліктерінің кеңістіктегі орны туралы үнемі ақпарат беріп отырады.

Есту мүшесі — құлақ зақымданбауы үшін тазалықты сақтап қана қоймай, мынадай ережелерді де ұстанған жөн:


* Айқайлап сөйлемеу;
* Теледидар дыбысын қатты шығармау;
* Ұзақ уақыт бойы құлаққапта әуен тыңдамау;
* Құлаққапта әуенді қатты тыңдамау;
* Қатты шулы ортада ұзақ болмау;
* Құлаққа суық желдің кіруінен сақтану.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет