Реферат түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр.Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы



Дата12.02.2023
өлшемі45,06 Kb.
#67255
түріРеферат
Байланысты:
Реферат


Астана медицина университеті

РЕФЕРАТ

Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр.Әл-Фараби , Жүсіп Баласағұн , Махмуд Қашқари , Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.





Орындаған: Серік Бақдаулет
Топ: 103 Педиатрия
Қабылдаған: Омарова.Б.Қ

30.11.2022 ж


ЖОСПАР

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1.Түркі мәдениеті жайлы түсінік
2.Түркі мәдениетінің маңызы
3.Әлемдік ғұламалар жайлы ақпарат
Қорытынды
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі

Түркілер мәдениеті ежелгі түркі елінің қалыптастырған мәдениет түрі болып табылады.Тарихы сонау VI ғасырдан бастау алып, Орта Азия жерінде тарала бастаған бұл мәдениет-қазіргі тарих сахнасына ерен рөл ойнады. Халықтың іргесін қалап, болмысын қалыптастырды. Түркі елі-Алтай тауларынан Шығыс Монғолияға дейін созылған аймақта өмір сүрген тайпалық одақ. Қазіргі таңда көне түркі ұрпақтары жер жүзінде көптеп кездеседі. Олардың құрамының басым көпшілігін түріктер,өзбектер,қазақтар құрайды. Бұл халықтар өздерін ежелгі ұлы түркілердің ұрпағымыздеп санайды. Түркілердің қазіргі таңдағы ұрпақтары Еуропа елдерінде де белгілі бір дәрежеде кездестіруге болады. Бұдан біз ежелгі түркі тамырының тереңге және кеңге бойлағанын байқаймыз. Тарихы бір болғандықтан болса керек, тамыры түркілерден бастау алған ұлттардың ұқсастықтары да көптеп кездеседі. Барлығы да түркі атауымен тығыз байланысты елдердің діні,ділі тіпті тілдері де ұқсас келеді. Өздерінің ұқсастықтарынан тыс, түркі халқының ұрпақтары бейбітшілігімен, мәдениетімен ерекшеленеді. Олардың байсалдылығы мен батылдылығы басқа ұлт өкілдерінен ерек әрі өзгеше. Түркі өркениеті оңтүстік және солтүстік екі бөлікке бөлінеді.Оңтүстігін Ұйғыр,Өзбек мәдениеттері құраса,солтүстік бөлігін қазақ,қырғыз басқа да Орта Азия халықтары құрайды.Солтүстік бөлігі өркениеттің негізгі тірегі болса,оңтүстік бөлігі сол мәдениеттің жетілдірушісі болып табылды.Екі бөлінгенімен ұқсастықтар көп болды.Мысалы:тұрмыстық заттарында,аспаптарында,өмір сүру үлгісінде бірдей тұстары кездесіп жатады.Тіпті Түркі мемлекеттерінің туларында да ұқсастықтары аз емес. Түріктердегі жазбаның болғандығы алғашқы болып Қытай деректерінде айтылады. Одан тыс Еуропа мен Азия ғалымдарыда көне түркі халқында жазу өнерінің болғандығын мойындағандай. Әрине, барша дүниежүзі тарихта болды деп мойындау үшін айнымас дәлелдер керек екені анық. Олардың бірі Моңғолияның солтүстігінде Орхон өзенінен табылған көне түркі жазбаларының ескерткіштері - стелалар, яғни тас плиталар. Көне түркі халқының тағы бір ауыз толтырып айтар ескерткіштері, ел билеген қаған мен батыр Білге - қаған және Күл - Тегіннің құрметіне тұрғызылған ең ірі руна жазуы бар ескерткіштері. Көне түркілерден бері келе, тарихта даму сатысында болған ғылым салалары да көп. Әдебиет және ғылым: жазудың пайда болуымен бірге Моңғолияның және Енисейдің әдеби жанрлары, руникалық мәтіндері - тарихи құжаттар ғана емес, көрнекті әдеби шығармалар да дамиды. Бұл ғылым салалары тек халықтың мәдениетінің қалыптасуына ғана емес, тілдер мен адам санасының дамуынада әсер етті. Исламды таратумен араб тілі кеңінен қолданылады,онда әдеби және ғылыми шығармалар жасалады. Бұлар біз мәдениет пен тілдің бірге тармақтаса қалыптасқанын байқаймыз.

Көне түркі дәуірінде, ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар да бар. Олар түркі дәуірінің ғылыми және әдеби әлемінің жарқын өкілдері: әл Фараби, Юсуф Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмед Яссауи.
Ерте орта ғасыр кезеңінде түркі тілдес тұрғындар тілшілер болып табылды. Олар аспан мен жерге - суға бас иді, отты құрметтеу, өз нанымдарымен қатар зороастризм, буддизм, манихейство, христиандық таралды. Тағы бір деректерде олардың әруақтарды құрметтегенін байқауға болады. 

Түркі халықтарының ата тегінен қалған нақты рухани мұралар үлгісіне Орхон – Енисей бойынан табылған тасқа ойылып жазылған ескеркіштер жатады. Ескеркіштер ежелгі заман тайпаларының Түркі заман тұсындағы тұрмысы мен, салты мәдениеті мен жаугершілік жортуылдарын мәнерлі тілмен өсиет үлгісінде баяндаған.  Түркілер тарих сахнасында тез арада пайда болып, өз аттарын көптеген халықтарға қалдырып, ғайып болды. Тарих ойып алардай орны бар бұл халық өз билігін айналасаны мойындату үшін билік жүйесін құрып алған еді. Өз билеушісі, халқы, мәдениеті болған қағанаттың затына сай шекарасы да болды. Оның териториясы: батыстағы шекарасы VI ғасырдың аяғында Византиямен, оңтүстікте Персия және Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен іргелес жатты.



Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл араб-парсы мəдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты əлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – бəрімізге танымал ұлы жерлесіміз, Батыс пен Шығысты терең білімімен бас идірген Əбу Насыр əл-Фараби. Ол Отырар қаласында 870 ж. дүниеге келген. Ежелгі Ұлы Жібек жолында, Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жерінде бой көтерген Отырар қаласын арабтар Фараб, Барба-Фараб деп атаған. Осында əл-Фараби жастық шағын өткізген. Нақты айтқанда, əл-Фараби Фарабтың өзінде емес, соның маңындағы Весиж қалашығында туған. Весиж — Сырдарияның сол жағалауында орналасқан қала. Археологтар Весиж қалашығы Отырардан солтүстік-батысқа қарай шамамен 20 шақырымдағы Ақжар сайында орналасқан Оксус қалашығына сəйкес келетінін анықтады. Қалашық ішкі қамалдан, қабырғамен қоршалған шахристаннан жəне рабаттан тұрады. Қалашықтың VІІІ–ХV ғасырларда өмір сүргені анықталды. Уақыт өте келе Весиж ұмытылып, асқан ақыл ой иесінің Отаны Фараб қаласы саналып кетті.Фарабидің толық аты-жөні — Əбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ əл-Фараби ат Түрки. Ат Түрки — шыққан тегі түркі дегенді, əл-Фараби — Фараб қаласынан шыққан дегенді білдіреді. Өзінің азан шақырып қойған аты — Мұхаммед, əкесінің де аты — Мұхаммед, атасының аты — Тархан, бабасы — Ұзлағ. Кейде оны жай ғана «Тархани» деп те атаған. Əл-Фараби түркі тайпасының дəулетті отбасында дүниеге келген, əкесі əскербасы болған. Бір нұсқада руы қаңлы-қыпшақ делінген.Әл фараби атамыздың еңбегіне келетін болсақ Əл-Фарабидің физика саласындағы көрнекті еңбегі — «Вакуум» туралы деп аталады. Мұнда ол табиғатта вакуум (бостық) жоқ екенін ежелгі грек оқымыстыларында да сирек кездесетін тəжірибелерге (экспериментке) сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дəлелдеуге тырысады. Бұл еңбегінде ол вакуум проблемасынан басқа да физиканың əр түрлі мəселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның деңгей-дəрежесіне сай шешімдерін тауып беруге тырысады. Олардың ішінде түсірілген кернеу-күшке, қысымға байланысты ауаның көлемінің ұлғаю немесе кішірею құбылыстарының заңдылықтары, ол күштің жан-жаққа берілуі жəне басқалар бар [10; 54, 55].
Данышпан ойшылдың медицина, биология ғылымдарына да үлкен мəн бергені мəлім болып отыр. Ол, əсіресе, бұл ғылымдарды теориялық философиялық тұрғыда негіздеуге көп күш жұмсаған.
Əл-Фарабидің шығармашылық мұраларындағы медицина сауалдары бойынша шығармасы ғалымдарға осы ғылымның теориялық қайнар көзінің негізгі білімімен жəне оның тарихымен жете таныстығын көрсетеді. Оның дəрігерлік-философиялық ойлары тек соңғы жылдары ғана «Адам [тəнінің] мүшелері туралы» жəне «Галеннің Аристотельмен адам тəніндегі мүшелер жөніндегі оның келіспеушілігі туралы қарсылығы» трактаттарын орыс тіліне аудару жəне оқып-білуге байланысты ғалымдардың зерттеу тақырыбына айналды. Осы еңбектерден басқа əл-Фарабидің медицина мəселесіне арнаған тағы бір шығармасы — «Жануарлар [денесінің] мүшелері, олардың қызметтері мен потенциясы туралы» [18].
Ұлы ғұламаның бұл еңбектерінен — атақты ғалым, Фарабидің шəкірті, медик Əбу Əли ибн Сина (Авиценна) тəлім алған. Мəселен, оның «Медицина негіздері» атты əйгілі шығармасы теориялық- əдіснамалық жағынан ұстазының «Адам ағзалары жайлы» трактатына өте жақын келеді.
Фарабидің жақсы дəрігер болғаны белгілі. Оның пікірінше, дəрігердің медицина өнеріне жетілуі мынадай нəрселерді білуге байланысты. Біріншіден, адам ағзаларының ерекшеліктерін білу — медицина мен табиғат зерттеушілерге ауадай қажет. Екіншіден, саулықтың өлшемін (критерийін), оны дұрыс сақтау жəне қалпына келтіру үшін қолданылатын шараларды білу керек. Үшіншіден, ол аурудың түрлерін білумен қатар, оның себептерін, əсіресе, кеселді жоятын жолдарды білуге, организмдегі аурудың əрекетін бақылауға алуы тиіс. Төртіншіден, дəрігерге сау жəне сырқат мүшелердің айырмашылықтарын айқындау, оның басты белгілерін білу, ішкі мүшелерді зерттеу қажет. Бесіншіден, тамақтану тəртібін, дəрі-дəрмекті (фармакология) қолдану жолын жəне күрделі дəрілердің ерекшеліктерін, олардың əсерлілігін арттыратын барлық құралдарды білу қажет. Алтыншыдан, ауру адамның денсаулығын нығайтуға себепші болатын əсер заңдарын білу жəне қолдану жолдарын меңгеру керек [19].
Қорыта айтарымыз, əл-Фараби сауатсыздық жайлаған заманда жаратылыстану ғылымдары ішіндегі ең сүбелілерінің бірі – медицина туралы қызықты пікірлер айтып, бұл ғылымның деректерін адамның тіршілік қажеттеріне пайдалануды қарастырған. Ұлы ғұлама медициналық мəселелерді психология ғылымымен жақындастыруды ерекше мақсат еткен.
Асыл тастарды, минералдық заттарды Фараби негізінен алғанда су ерітінділерінен пайда болады деп білген. Ол алхимияны да үйренген адам. Бірақ оның астрологияға байланысты, сиқырға сенетін жерін қабыл алмаған.
Бұл ғылымның негізгі мақсаты — «жаман» металдарды алтынға айналдыратын «философиялық тас» табу немесе адамға мəңгі өмір берерліктей «өмір өзегін» жасау болған. Фараби «Алхимия өнерінің қажеттілігі туралы» деп аталатын арнайы трактат жазып, алхимия өнерінде не дұрыс жəне не теріс екендігін ашып беруге тырысқан.

Жүсіп Баласағұн –XI ғасырдың көрнекті ақыны, ойшыл-философ, бүкіл Шығыс елдеріне әйгілі ғалым-энциклопедист, аса ірі мемлекет қайраткері, араб және парсы тілдерін жетік меңгерген. Сол заманның беделді мәдени орталықтары – Фараб, Қашғар, Бухарада білім алған. Жүсiп Баласarұн Қарахандар мемлекeтiнiң хан сарайында бас министр қызметiн атқарған. Ол мемлекeттiк заңдар мен салт-дәстүpлерiнiң oрындалyын қадағалап, сарай маңындағы нөкерлергe, yәзipлерге(министpлерге) сарай қызметшiлерiне тапcыpмалар берген. Сoнымeн қатар, хаc хажиб елшiлеpдi қабылдап, реcми ic-шаралардың ұйымдастырылyын кадағалаған,жетім, кeдейлердiң арыз-өтiнштерiн тыңдап, Қараханид мемлекeтiнің әмiршici Табагач Кара Богра -ханға баяндaп отырған.


Ол түрлі білім салалары бойынша көптеген еңбектер жазған, бірақ бізге дейін оның әлемге танымал «Құтты Білік» шығармасы ғана жеткен. Бұл кітапты ол 462 жылы жаңа жыл есебі бойынша – 1070 жылы жазған. Жүсіп Баласағұн өзінің дастанында, оған дейін араб, парсы тілдерінде керемет жазбалар болғанын, бірақ Қараханид мемлекетінде түркі тілінде мұндай шығарманы алғашқы болып өзі жазғанын айтады. Шын мәнінде, парсы және араб тілдерінде ойлайтын және жазатын елде түркі тілінде дастан жазылуы зор жаңалық болды.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастаны – түркі сөздерімен жазылған өмірлік ақыл-ойдың философиялық ескерткіші. «Құтты Білік» - жалпыадамзаттық ұстанымдарды, адамгершілік қағидаларды зерттеген терең философиялық мұра. «Құтты Білік» - оқырманын тәрбиенің түрлі салалары бойынша даналық ойлардан сусындататын тәлім-тәрбиелік энциклопедия. «Құтты Білікте» қоғам жетекші өкілдерінің шынайы ғылым мен еркін ойлауға ұмтылысын көрсеткен. Осыған байланысты ол өзінің замандастарының назарын білімсіз танымға қол жеткізу мүмкін еместігін айтады: әлемді терең тану үшін білім мен ілімді жүйелі түрде толықтырып отыру қажеттігін айтады. Адам іс-әрекетінде білім ол-денсаулық, жан тазалығы, денсаулық пен бақыт.
Шығарманың негізгі баптары–Ақыл-ойдың күші, Білімнің пайдасы, адамзат қоғамының дамуындағы Ғылымның орны туралы. Бұл трактаттың көп бөлімдері өміріндегі, бақыт туралы ойлар, жаман мен жаман қылықтар, сөздің жағымды және жағымсыз жағы, әр түрлі деңгейдегі басшылар мен әміршілерге қажетті қасиеттер туралы, әр түрлі қоғам өкілдерімен тіл табу туралы ойларға арналған. Дастанда отбасының жеке некенің мәселелері, жасұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы негізгі орынға ие.
Жүсіп Баласағұн–түркілік ислам әдебиетіндегі мадақ жанрының негізін қалаушы. Ол өз шығармасында Аллаға иман, пайғамбарға сенім, сахабаларға құрмет, елін ойлаған қағанға ізет көрсетіп, ортағасырлық түркі әдебиетінде мадақ жанрының төрт түрін қалыптастырды. Адамзат қоғамына ең басты керегі - Аллаға иман және оның пайғамбарына сенім, сахабаларына құрмет, әрі Алланың жолын ұстанатын хан-қоғам бақытының іргесі екендігін шегелеп берді. Ойшыл ақын елдің бұл өмірде бақытының бастауы хан екендігін шығармасына таңдаған төрт кейіпкердің бейнелері арқылы ұқтырады. Онда қоғамға қажет әділдік (патша), бақ-дәулет (патша уәзірі), ақыл-парасат (патша уәзірінің баласы), қанағат-ынсап (патша уәзірінің туысы) –бәрінің бастау –қайнары-хан. Кейбір қазақ әдебиетінде ислам дінін дәріптеу мақсатында қазақ жырауларының жырларында Аллаға, пайғамбарға, сахабаларға мадақ қалыпты тақырыпқа айналды.

Орта ғасырдың әдебиет ескерткіштерін зерттеп, бірнеше кітап жазған ғалым Х.Сүйіншәлиев «Диуани луғат-ит түрк» еңбегін көне түркі поэзиясының тұңғыш жинағы деп таныды. Бұл еңбектің авторы Махмұд Ибн әл-Хусайн ибн Мухаммед әл- Қашқари Орта Азияның түркі тайпаларынан шыққан, орта ғасыр ғалымы.


Бұл еңбек ХІ ғасыр ескерткіші саналғанымен, одан ерте кезеңдегі түркілер өмірінен көркемдік таным жүйесінен жан-жақты мағлұмат беретін құнды жәдігерліктің әдебиет тарихындағы орны мен халқымыздың рухани, мәдени өмірінің даму жолындағы үлесі айқындайды.
Сөздіктегі көркем туындыларды зерттеу үстінде біз бұл шығармаларды өзінше бөлек дара нәрселер емес, өзіне дейінгі және кейінгі шығармалар мен сюжеттерге, өлең өрнктеріне іштей байланысы бар екенін анықтай бастадық. Ең алдымен, сөздіктегі өсиет, бата, мақал-мәтел шешендік үлгілері қазіргі кездің өзінде көп өзгеріссіз қолданылып келе жатқаны мәлім. Ал өлең жырлар түркі елінің ең көне ортақ мұрасы. Орхон-Енесей-Талас жазуындағы «Күлтегін» ескерткіштеріменде жалғасып, өзіндік тілі, өлең құрылысы жағынан «Құтадғу білік», «Хихмет» сияқты түтас туындыларға ұштасып, қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне ұқсасып келетіні ойландырар жайлар. Ондағы көптеген ғашықтық лирика ларда қызықтырар дерекМ.Қашқари өз еңбегін классикалық араб тілінде жазып, араб филологиясының лингвистикалық терминдерін қолдаған. Бұл еңбекте сонымен қатар тек тілге ғана байланысты емес, біздің объектімізге айналып отырған ауыз әдебиетінің өрнектері, мақал- мәтел маржандары, түркі халықтарының орналасқан аймақтары олардың әдет ғұрпы, салт-саналарына байланысты мәлімет беру көзделген сияқты.
Еңбектің автор жазған данасы жоғалып кеткен, кейінрек жасалған оның бір ғана көшірмесі 1915 жылы Стамбулда көше кезіп, ескі құсқа заттар сатып жүрген саудагердің арабасынан табылған. Түркияның «Стамбул» кітапханасында сақтаулы тур. «Диуани лұғат-ит түркі ( 3 томнан тұрады). Мазмұнына қарай екі бөлімге бөлінеді: Кіріспе және Түсіндірме сөздік. Бірінше бөлім тарихи-филологиялық мәселелерге арналған, екінші бөлім фонетика мен графика туралы мәліметтер береді де, сөздің лексикалық және грамматикалық аспектілерін зерттейді. М.Қашқари өз еңбегін лингвистикалық ізденіс түрінде жазған, сөздік іспеттес етіп құрастырған. Ол былай деп жазған: «Бұл кітапта мен сөздерді буын құрамындағы әріптердің өзара орналасу тәртібіне қарай түздім, ақыл айтатын айшықты сөздермен өрнектедім, ұйқасын тапқан жолдармен, мақал-мәтелдермен, өлеңдермен және кәдімгі қара сөздермен нақыштадым….
Ол бұл еңбегін сегіз кітапқа жіктеген. Алғашқы кітапты Тәңірінің жөнімен әліптен бастадым дейді. Әліптен басталатын кітабын «Хамза» кітабы деп атаған. Екінші «Сәлім кітабы» үшінші «Музоаф кітабы» яғни бір әріпті қайталанған сөздер кітабы; төртінші «мысал кітабы»; Бесінші «Үш әріпті кіпат», Алтыншы «төрт әріпті кітап», Жетінші «мұрын дыбысты әріптер кітабы», «ғунналылар» деп аталады, сегізіншісі «екі сүкіндікпен қатар келген сөздер кітабы» Бұл кітаптарда әуелі есімдерді саны етістіктерді түзіп отырады.
ХІ ғасырдағы түркі тайпаларының тарихы мен этнографиясы, территориясы мен географиялқ жағдайы, тілі мен әдебиеті жайында жазылған М.Қашқаридың жалғыз дана еңбегі осы күнгі түркі тілдас халықтарының әр алуан тарихи мәселелерін оқып-біліп, зерттеп тану үшін қазір ғылыми жұртшылықтың назарын өзіне қатты аударып отыр.
Сөздіктің зерттелу тарихы жүзілік түріктану ғылымында өте қысқа болғанымен ол туралы жазылған еңбектердің библиографиялық көрсеткіші өте көп.Соңғы жылдары қазақ әдебиетінің көне тарихы негізделіп, орта ғасыр түркі әдеби ескерткіштері шұғыл зерттеле бастады.
«Диуани лұғат-ит түркті» зерттер насихаттаған белгілі ғалымдар көп. Олардың ішінде В.В.Бартольд, АН. Кононов, Н.А.Баскаков, А.Н.Самойлович, К.Броккельман, Б.Аталай, С.Е.Малов, И.В.Стеблева сияқты шетел ғылымдарымен қатар Н.Т.Сауранбаев, С.А.аманжолов, А.Н.Ысқаков, Ә.Құрышжанов, Ә.Ибатов, Н.Келімбетов сияқты ғалымдар зерттеу жағынан өз үлестерін қосқан болатын.

Қашқари еңбегін қазіргі заманда тек қана тіл мамандары оқып, зерттеп қоймай, сонымен қатар, әдебиетші, тарихшы, этнографтар мен географтардың да үңіле қарап, жете зерттеп жүргені кездейсоқ жай емес. Бұл баға жетпес асыл қазынаны зерттеу, ел игілігіне айналдыру рухани тіршіліктің бұрын соңғы өзіміз аңғара қоймаған тосын да тың, әрі тіл мәдениетіміздің ежелгі замандарда ақ күретамыр өзегіне нәр болып байланған бірегей қасиеттерін аша түседі. Түрік дүниесінің құнарлыда тегеурінді өркениет елінің тунық тұма, терең кембелерінің көзін ашады. Сол арқылы біз дүние жүзілік түтас бір өркениеаттағы өзүнімізді танып, өз тінімізбен қауышатын боламыз.

Осыған орай біз бұдан басқа барша Қазақ ғұламаларына үлкен алғысымызды білдіруіміз керек.Себебі әлемдегі барша мәдениет барша ақпаратты осы кісілер жинақтап ұрпақтан ұрпаққа бергендері өте маңызды болып табылады. Және де қорытындылай келгенде, әлем мәдениетінің, жалпы адамзат өркениетінің қалыптасуына ерекше әсер етіп, ықпал жасаған, өзіндік орны бар түркі мәдениеті жайлы көптеген мәліметке қанық болдық. Мұны түріктердің рухани мәдениеті мен Орхон-Енисей ескерткіштерінде бейнеленген Күлтегін мен Тоныкөктің қалдырған жазбаларынан-ақ көреміз. Түркі дәуірі қалыптасқаннан бері, өз алдына ерекшеленіп келе жатқан түркі мәдениетінің ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан ұлағаты мол дәстүрлер мен тығыз байланыстар, әсіресе мұның үміт күтер кемел келешегі бізді өте қатты таңғалдырды. Азия мен Еуропаны, Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл мәдениет, көптеген өзге мәдениетттердің дамуына үлкен ықпал жасады. Қысқаша айтқанда сонау ежелде Қазақстан аумағын мекендеген отырықшы түркі тайпаларынан бастап түркі мәдениеті даму процесі барысында көптеген кезеңдерден өтіп, түрлі өзгерістерге ұшырады. Яғни түркі мәдениеті даму барысында түрлі сатылардан өтіп бүгінгі әлемге әйгілі өркениетке айналып отыр. Қысқаша айтқанда түркі мәдениеті жаhандық мәдениет ұғымының ажырамас ең негізгі бөлігі болып табылады.

Пайданылған әдебиеттер тізімі:



1.Шолақова Р. Əл-Фараби — Шығыстың ғұлама ғалымы // Қазақ тарихы. — 2012. — № 5 (116). — 32, 33 б.

2. Қасымжанов А., Əлінов А. Əл-Фараби // Қазақ: Оқу құралы. — Алматы: Білім, 1994. — 176 б.

3. Әнуарбекқызы Ә. Аңыз адам (журнал)-2013-№18, 49 б.
4.Айдаров Ғ, Құрышжанов Ә., Тананов М., Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Аллматы «Мектеп» 1971ж

5. Егеубай А Махмұт Қашқари «Диуани лұғат-ит түрк «Жұлдыз» 1997 ж №1



6.Сүлейменов О. Түркілер тарихқа дейінгі. – Алматы, 2002. – 200 б.

7. Гумилев Л. Ежелгі түріктер. - Петербург, 2002. С.53, 80-81.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет