Реферат
Түркілер өркениеті және Ұлы Жібек жолы
VII-VIIII ғасырларда өздері тудырған жазба ескерткіштері арқылы (Орхон-Енисей немесе
Өтүкен түркі ескерткіштері) өздерінің шыққан тегінің тарихын құжаттандырған түркілер
(«түрк бұдын») барлық түркі текті халықтардың (оғыз, қыпшақ, қырғыз, ұйғыр т.б.) одағын
құруға үлкен мән-маңыз берген. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасыр қытай
деректерінде және одан кейінгі деректерде «ту-у», «тукю», «тукюе», «түркіт», «төрүк»,
«түрүк» және нақты атауымен «түркі» деп аталған түркі халықтары Еуразияның, әсіресе,
соңғы 1500 жылдық тарихында архаикалық сипаттағы мемлекеттілікті заманауи
мемлекеттілік деңгейіне дейін дамытқан, әрі өз тағдырын ежелгі дүниенің бүкіл
халықтарының тағдырымен бірге байланыстырған халық болған. «Түркі» этнонимінің
этимологиясы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылса да, XIX-ғасырдың танымал мажар
түрктанушысы Арминий Вамбери мен профессор Фарук Сумер оның «төремек» (сөздің
түбірі - «төрә»; «төрү», яғни туындау, пайда болу) етістігінен пайда болғанын шындыққа
жақындау жорамал деп санаған. IX ғасырдың ұлы түркі ойшылы, энциклопедист тіл
маманы Махмұд Қашқари «Диуан-и лұғат-ит түрк» атты классикалық еңбегінде «түркі»
атауын түркілерге Тәңірдің бергенін айта келе, аталмыш сөзді «жастық, жетілушілік, құдірет
пен күш-қуат» деген мағыналармен байланыстырған. Х ғасырдағы
ұйғыр мәтіндерінде де
«түрк» сөзінің «күш, қуат» деген мағына бергені бұл пікірді күшейте түседі.
XX ғасырдың басында өмір сүрген
неміс археолог
, түрколог Альберт фон Лекок да осы
пікірді қолдайды. Түркі саяси мәдениетінің ықпалында жазылған Иран деректерінде «түркі»
сөзінің мағынасы «сұлу адам» деп түсіндіріледі. Тарихи фактілер бойынша, түркі әулеттік
бірлестіктерінде «түркі» тектілік, ақсүйектікті білдірген сөз ретінде де қолданылған, түркі
аристократиясының жоғары шенді өкілдеріне, әскер қолбасшыларына қатысты болған.
Мысалы, еуразиятанушы Лев Гумилевтің түсіндіруі бойынша, «Көктүрк» (немесе Ұлы Түрк)
қағанатының (552-745) құрушы қолбасшыларының бірінің «Қара Чурин Түрк»
деп аталуы
кездейсоқ емес. Орхон-Енисей ескерткіштерінде бұл семантика ерекше назар аудартады.
«Түркі» сөзінің басқа тілдерден енбегендігі, сондай-ақ басқа тілдерде ешқандай мағына
білдірмейтіндігі де анық мәлім. Түркілер бұл атауды өздеріне өздері берген. Кейін әлем де
мұны қабылдаған. VI-VIII ғасырлардан бастап, «түркі» сөзі этникалық, культурологиялық
және саяси мағынада түркілердің өздерінің және басқа халықтардың деректерінеь(көбіне
қытай, араб, кейіннен Иран,
Византия, Рим, Сирия, Тибет, санскрит және т.б.) мықтап,
өшпестей қашалып жазылған. «Түркі» этнонимі жалпы түркі этноқұрамдалудың барлық
тарихи сатыларында осы процестің жетекші өркениеті, әрі мәдени, саяси дамуының алға
итермелеуші күші ретінде қызмет атқарған. «Түркі» этнонимінің бұдан да негізді түрде
зерттелуіне сеп боларлық
, бірақ әлі де жеткілікті деңгейде қарастырылмаған сенімді
дереккөздер де баршылық. Мысалы, «тарихтың атасы» Геродоттың (б.з.д. 484-425 )
«Тарихитас» атты еңбегі, біздің заманымыздың I ғасырында өмір сүрген
ежелгі Римнің
тарихшысы, әрі географы Помпоний Меланың «Сипаттамалы география» және Гай Плиний
Секундтың «Табиғи тарих» атты еңбектері. Соңғы екі автор «Turcae» немесе «Tyrcae» деп,
ал жинақтап айтқанда «түркілер» деп атаған этнобірлестіктің Азак аймағында, яғни қазіргі
Азов маңайында, Қара теңіздің солтүстік аймақтарында өмір сүргенін білдірген. Енді
сөзімізді түркі өркениетіне қарай бұрсақ. Түркі өркениеті - әлемнің іргелі құндылықтарға ие
ең белгілі өркениеттерінің бірі. Біздің дәуірімізге дейінгі мыңжылдықтарда Еуразияның
ортасында пайда болған бұл өркениет шығыс пен батыс, солтүстік пен оңтүстік
бағыттарда
үнемі кеңейіп, жаңа ерекшеліктермен толығып отырған. Жалпы түркі мәдениетінің
өзегінде қалыптасқан түркі өркениеті мыңдаған жылдар бойы барлық негізгі
өркениеттермен (қытай, жапон, үнді, араб, иран, еуропа, славян) үнемі қарым-қатынаста
болып, Еуразияның трансконтиненттік архитектоникасы мен мультикультурализм
кеңістігін қалыптастыру қызметін жоғары деңгейде жүзеге асырып, көп нәсілді, көп тілді,
көп мәдениетті және көп дінді түркі қалаларының мультикультуралист дүниетанымының
нақты көрінісі ретінде дамыған. Тарих сахнасынан кеткен ежелгі дәуір өркениеттерінің
(Мысыр, шумер, майя т.б.) жаңа өркениеттермен түрленіп, өзгергені мәлім. Ал түркі
өркениеті болса, көне дәуірден қазіргі дәуірге дейін жалғасып
келе жатқан бірегей
өркениеттердің бірі. Алайда өркениет проблемаларына қатысты бірқатар теория мен
тұжырымдамаларда әлем өркениеттері жіктелген кезде түркі өркениеті феноменінің белгілі
бір саяси көзқарастар мен мүдделерге байланысты ғылыми назардан әдейі
шетқақпайланғанын да ескеру керек. Көптеген жағдайда, осы өркениеттің әлемнің саяси-
мәдени тарихындағы рөлін азайтып, не болмаса толықтай жоқ етіп көрсетуге тырысу
әрекетін байқауға болады. Адамзат тарихы тудырған ең тамаша
өркениеттердің бірі болып
саналатын түркі өркениетінің ескерілмей қалуының нақты бір себебі бар. Түркі
өркениетінің тарихы
, бүгіні мен келешек бағдарларының бұдан да қарқынды түрде
ғылыми зерттеулерге арқау болуы оның жаһандық мәдени-гуманитарлық кеңістік
тұтастығын қазіргі кезеңде де қорғап, сақтап қалғанын көрсетеді және бұл кеңістіктің саяси
біртұтастығының қалыптасуы оның жаңа күш орталығына айналу мүмкіндігін арттырады.
Ал негізінде жаһандану үдерістері үдей түскен қазіргі заманда бүкіл әлемдік өркениеттің
құрамдас бөлшегі ретінде түркі өркениетінің оқытылып, үйретілуі жаһандану
тенденциялары мен оның даму келешегіне баға беру тұрғысынан аса өзекті мәселе. Түркі
өркениетінің өмір сүруін қамтамасыз еткен ең маңызды фактор оның әлемдік тілдік
семьялардан өзгеше лингвистикалық жүйеге кіретін, яғни Алтай тілдері бұтағында түркі
тілдері тобына кіретін суперэтностың
өркениеті ретінде дамып, қалыптасуы. Барлық ірі
тілдік семьяларға кіретін халықтар (үнді-еуропа, семит, қытай-тибет, т.б.) негізінде дәл осы
тілдердің этномәдени саласында өзінің өркениет кеңістігін құрған. Бұл заңдылық жалпы
түркі тарихында өркениеттің гүлденуі үдерісінде де сақталған.
Ержан Айнұр ФПТ 23-12