Реферат «Вирустардың инфекциялық қасиеттері, вирустық инфекциялардың ерекшеліктері»


Вирусты инфекциялардың ерекшеліктері



бет5/5
Дата14.10.2023
өлшемі41,7 Kb.
#114108
түріРеферат
1   2   3   4   5
Вирусты инфекциялардың ерекшеліктері:
Вирустар облигатты паразиттер және олардың НҚ-ы инфекциялық процесс қоздыра алады. Вирустардың меншікті зат алмасц қабілеттілігі жоқ болғандықтан оларға (вируленттілік) терминін қолдану дұрыс емес, оның орнына «инфекциондық» немесе «инфекциоздық» терминдерін қолданған жөн.
Вирустардың спецификалығы және органотроптылығы бар (құтыру вирусы- жүйке жасушаларында, қызылша вирусы тыныс алу органдарында, гепатит вирустары – бауыр гепатоциттарында).
Көптеген вирустардың РНК және ДНК жасуша хромосомасына тіркеліп интегративті инфекция (вирогения) қоздыра алады (гепатит В, аденовирус, герпес, ЖИТС). Вирогения кезінде вирустардың репродукциялану, құрастырылу және шығу стадиялары болмайды. Мутациялық жағдайда - шексіз бөліне бастайды.
Барлық жағдайда вирусемия болады (нейрогенді вирусты инфекцияларда болмайды).
Көбінесе вирустар иммундық жүйені зақымдайды да, иммунды тапшылық пайда болады (грипп, қызылша, ЖИТС, ұшық вирустары).
Ядроішілік немесе цитоплазмаішілік қосындылар түзуді (шешек, құтыру, ұшық, қызылша т.б.), олардың диагностикалық маңызы бар.
Вирусты инфекциялардың түрлері
  • өнімді (продуктивная) инфекция- жедел түрде өтеді, жасушада вирустар


  • репродукцияланып жасушаның лизистенуіне әсер етеді, ол- ошақты және генерализацияланған түрде болады.


  • персистенциялану латентті (симптомсыз) және баяу инфекция (вирус бөлінбейді), созылмалы (организмнен вирус бөлініп отырады) түрде болады


  • абортивті инфекция- вирустың репродукциялануы тоқтайды.


    онкогенді вирусты инфекция- жасуша вирустың әсерінен өзгеріске ұшырап қатерлі ісікке айналады


Қорытынды
Вирустық инфекциялар – бұл вирустың туындаған аурулардың үлкен тобы. Вирустар тірі және тірі емес заттар арасындағы өтпелі нысаны болып табылады. Осылайша, вирустардың генетикалық материалдары бар,бірақ өздерінің жасушалары жоқ. Сондықтан вирус тек жасушааралық паразит болып табылады.Инфекция кезінде вирус гені қабылдаушы жасушаның геномына енгізіледі және жасуша жаңа вирустық бөлшектерді құрастыру үшін өз ресурстарын пайдалану үшін «мәжбүрлейді».
Қорытындылай келе инфекциялық процесс патогенді микробтар (ауру тудыратын)
әсерінен макроорганизмде туатын күллі процестер.Онын алдын алу үшін санитарлықгигиеналық ережелерді ұстануымыз керек.
• Бірінші байлық-денсаулық.Біз осы аса құнды байлығымызды өле-өлгенше сақтауымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер

Рамазанова Б. А. , Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология


Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен
ветеринариялық медицина факультетінде оқитын студенттердің зертханалық тәжірибе
сабақтарына арналған әдістемелік нұсқауы. Астана, 2005ж. 36-39 беттер.
https://studfiles.net/preview/4028414/page:,8/
http://neotlozhnayapomosch.info/infekcionnye_zabolevaniya/virusnaya_infekciya.php
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет