Реферат «Вирустардың инфекциялық қасиеттері, вирустық инфекциялардың ерекшеліктері»



бет2/5
Дата14.10.2023
өлшемі41,7 Kb.
#114108
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат «Вирустардың инфекциялық қасиеттері, вирустық инфекÑ

Негізгі бөлім.





Вирусқа қарсы заттар
Бұл макроорганизмде вирусты инфекцияның дамуына жол бермейтін дәрілік топты айтамыз. Вирустар – олар ферментті жүйесі,қабықшасы жоқ жасуша ішілік паразиттер.Олар РНК немесе ДНКдан тұрады.Сондықтан вирусты инфекцияның емінің біраз ерекшеліктері бар.Көптеген препараттар тәжірибеде вирусосцидті әсері болса,клиникалық жағдайда тиімсіз болып келеді.
Вирустар жасуша ішілік облигатты паразиттер. Вирусқа қарсы заттар макроорганизмнің жасушасын зақымдамай жүрмейді. Вирусқа қарсы заттар қолдану тиімділігі аздау, ал кері әсерлерінің туындауы жоғары. Вирустар жасуша цитоплазмасында немесе ядросында болуы мүмкін. Егер дәрілік зат цитоплазматикалық вирустарға әсер етіп,паразиті ядрода орналасатын болса онда ол тиімсіз және керісінше.Сондықтан жеке препараттардың әсеріне байланысты үлкен талғамдылық қажет. Вирусты аурулардың алғашқы клиникалық көріністері вирустардың өсуінен және көбеюінен байқалады. Вирусқа қарсы препараттардың вирусқа қарсы әсерінің механизмі көп жағдайы вирустар көбеюін тежеумен жүреді. Соған байланысты аурудың клиникалық симптомдары байқалмастан бұрын бастау қажет, бірақ ол мүмкін емес.

Вирусқа қарсы заттардың әсер ету механизмдері.
Пуриндер және перимидиндердің аналогтары – ДНК-полимиразаны тоқтатып,вирус репликациясын тежейді вирус ДНК синтезі тоқтайды; Дидезоксинуклеотетр –қайтымды транскриптазаны тежеп ДНК синтезі тоқтайды вирус репликациясы тоқтайды; Адамантанаминдер – энлосоманың рН жоғарылатып вакуольдерде ацидификация төмендеп Энлосома жасуша мембрана иесінің вирусты қабақшамен бірігуі тежеліп вирустың абцорбциясымен енуі төмендейді вирустың генетикалық материалының цитоплазма жасуша иесіне өтуі тоқтайды; Фосфоноформиаттар –пуриндердің фосфорленуін тежеп ДНК полимеразаның белсенділігін тоқтатады вирус ДНК синтезінің ақауы пайда болады; Тиосемикарбазон туындылары – вирусты бөліктердің кеш ақуыз қабықшаларының синтезін тежейді; Иммуноглобулиндер – вирустың беткей антигендеріне антидене құрайды адам жасушасына вирусты ң енуіне жол бермейді; Интерферондар –адам жасушасына рибосомальды ферменттерді бөледі: протеинкиназаны вирустың алғашқы пептидті тізбегінің құрылуыни бұзады; олигоизоаденилатсинтетаза РНК-аза белсендіріліп вирустың и-РНК деградацияланады; фосфодиэстераза т-РНК соңғы нуклеотидтеір бұзылып вирустың өндірілуі тежеледі. Антибиотиктер – ересек вирусты бөліктердің қабықшасының түзілуі барысында қабықшаның жиналуын бұзады.
Препараттарға сипаттама. Ацикловир (зовиракс, вирулекс) ағзаға түскеннен кейін белсенді түрге айналып- үшфосфат нуклеозид- ДНК синтезін тежейді.Осы процесске жауапты фермент тиминкиназа вируста адамның жасушасында болады, бірақ ферменттің вирусты формасы адам жасушасының ферментіне қарағанда ацикловирмен белсенді байланысып 1 млн. Есе тез үшфосфат түзеді. Ганцикловир цитомегаловирустарға белсенділігі жоғары. Ішке қолданылады. Жағымсыз әсерлері: гематотоксикалық, энцефалопатия, иммунодепрессия, репродуктивті жүйенің бұзылуы, мутогенді,тератогенді, канцерогенді. Жүйелі ұшықты инфекцияда және ветреная оспада жергілікті, ішке және көктамырға қолданылады.Ұшықты инфекциядан және оның неврологиялық асқынуларынан өлімін төмендетеді. Рибавирин (виразол) – пуринді нуклеозидтердің аналогтары, көптеген вирус РНК-ның репликациясын тежейді(миксо-, арено-, ретровирустар)
Идоксуридин (керецид) – тимидиннің аналогтары, ДНК вирусының орнын басып, мультипликация процессін тежейді.Соған қарамастан препарат талғамсыз әсер етеді- вируспен инфицирленген жасушаға ғана емес, сүйек миында, бауырда, бүйректе орналасқан вирусты инфекцияның айналасындағы жасушаға да әсер етеді.Сондықтан улылығына байланысты препаратты жүйелі емес, жергілікті қолдану қажет. Көздің ұшықты инфекциясында қолданылады. Идосуридинді жергілікті қолданғанда везикулезді бөртпемен жүретін терінің қызаруы болуы мүмкін. Кейде оны вирусты инфекцияның ошақтары ретінде қабылдайды, бірақ ол удосукридиннің әсерімен байланысты гистаминнің бөлінуімен жүретін жергілікті тітіркендіргіш реакциясы. Метисазон (марборан) оспа вирусында тиімді. Ішке тағайындайды. Шынайы оспаның алдын алу және оспа вакцинациясынан кейінгі болатын асқынуларды төмендету үшін қолданылады. Қарсы көрсеткіштері: бауырдың, буйректің, АІЖ ауыр аурулары. Зидовудин (азидотимидин) ЖИТС-ВИЧ инфекцияда қолданылады.Иммунды жеткіліксіз адамға лимфотропты РНК құрамды вирус лимфоцитіне енген соң, қайтымды транскриптаза әсерімен матрицада ДНК синтезі жүреді, содан лимфоциттердің зақымдалуы жүреді. Азидотимидиннің әсер ету механизмі осы айтылған ферментті тежеумен байланысты. Әсіресе ол ауру белгілерінің пайда болуы алдындағы вирус тасымалдаушыға әсері тиімді. Кері әсерлері: микроцитарлы анемия, нейтропения, лейкопения, гепатомегалия, бас ауру, дәмнің бұрмалануы, диарея, миалгия, гипертермия, қалтырау, кардиалгия, депрессия.
Интерферон Вирусқа және микробқа қарсы әсерінен басқа төмендеген иммунитетті белсендіре отырып, ісікке қаосы әсер көрсетеді. Ағзаның көптеген қызметіне, соның ішінде ОЖЖ қызметіне әсер етеді. Клиникада келесі препараттар қолданылады:- α - 2А-интерферондар:реаферон, роферон; - α-2В- интерферондар: нитрон-А, инрек, виферон; - α-2С- интерферондар: берофор, эгиферон, велферон; - β- интерферондар: бетасерон, фрон; - γ-интерферондар: гаммаферон, иммуноферон. Қолданылуы:Тұмаудың емінде және оларды алдын алуда, сонымен қатар вирусты респираторлы ауруларда, вирусты гепатитте. Парентеральды енгізген кезде: қалтырау, бас ауру, миалгия, артериальды қысымның төмендеуі, аритмия, тахикардия, қарыншалық экстрасистолия, қан түзілудің және ОЖЖ қызметінің бұзылуы, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, құсу болуы мүмкін.
Интерфероногендер Интерфероногендер ағзаның қатысты тіндерінде өзіндік интерферондарды түзеді және қатаң түрде түр және жасуша сәйкессіздікке ие болады. Антигендік қасиеті жоқ. Полудан (полиаденил-уридил қышқылы). Оны көздің вирусты ауруларында қолданылады. Коньюктива ішіне немесе көздік тамшы ретінде тағайындайды. Басқа синтетикалық интерфероногендер: неовир, циклоферон, амиксин. Олардың әсер ету спектрі кеңірек. Бұл препараттарды тұмаудың, ЖРВИ, вирусты гепатиттердің, ұшықты энцефалиттердің және арбовирусты этиологиялы аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет