Реферат XVIII ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басына дейінгі қазақ жерін


-1902 жж. аралығындағы Щербина экспедициясы Щербина



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата11.12.2023
өлшемі0,85 Mb.
#137597
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
реферат - Google Документы

 1896-1902 жж. аралығындағы Щербина экспедициясы Щербина 
Федор Андреевич (1849-1936) халықшыл, земство статисі. 1883-1903 жж. Воронеж 
земстволық статистика бөлімшесін басқарды. 1907 ж. халықтық социалистер 
партиясынан мемлекеттік ІІІ думаның мүшесі болды. Ұлы Октябрь социалистік 
революциясынан кейін шетелге эмиграцияға кетті. Оның бірқатар статистикалық 
еңбектері жарық көрді. Олар: Острогож уйезіндегі шаруалар шаруашылығы (1887) 
Воронеж губерниясының 12 уйезі бойынша қорытынды жинақ (1897) «Шаруалардың 
бюджеттері мен олардың астық бағаларына тəуелділігі» (1897) 1895 ж. егін 
шаруашылығы министрлігі орыс шаруаларын қоныстандыру қорына алу мақсатымен 
қазақ жерлерінің «артығын» анықтау үшін экспедиция ұйымдастырды. Ол 
Ф.А.Щербина экспедициясы деп аталды. Экспедиция 1896-1902 жж. Қазақстанның 
орталық жəне солтүстік облыстарының (Ақмола, Семей, Торғай) 12 уйезін зерттеді. 
Экспедицияның жинаған материалдары негізінде 12 том еңбек жарияланды. Онда 
XVIII ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы қазақтардың шаруашылықтары жəне əлеуметтік 
жағдайы жөнінде көптеген деректер бар. 1896 ж. «Дала облыстарын зерттеу жөніндегі 
экспедиция» жұмыс істей бастады. Далалық өлкенің барлық уйездерін зерттеу 
жөніндегі бұл экспедиция құрағанда мемлекеттік мүлік министрлігі зерттеу 
нəтижелерін Қазақстанда жер саясатын жүргізуге пайдалануды көздеді. Экспедиция 
міндетіне –аумақты табиғи – тарихи жағынан зерттеп, суреттеу, жер түрлерін, бұл 
мəселедегі ауылдар мен облыстардың маңызын, шаруашылық жүргізу, жерді пайдалану 
тəсілдерін анықтау кірді. Ресейдің Орталық губернияларынан əкелінген шаруаларды 
қоныстандыру мақсатында шаруашылық-статистикалық зерттеуге баса көңіл бөлінді. 
Экспедицияның құрамына Ф.А.Щербина, Ə.Бөкейханов, Л.К.Чермак, П.А.Васильев т.б. 
қазақ зиялыларының үлкен тобы – Ұ. Базанов. Т.Жалмұхамедов, И. Жақсылықов, И. 
Құдайқұлов, М.Шомбалов т.б. кірді. Экспедицияға қатысушылар арасында 
экономистер, ботаниктер, топырақтанушылар, агрономдар болды. 1894 ж. ІІ Николай 
дала генерал-губернаторының есебіне ескертуінде Ақмола жəне Семей облыстарының 



 көшпелі халқының пайдалануындағы бос жерлердің сапасын тез арада зерттеу мен 
мөлшерін анықтау қажет екенін атап өтті. Мұндай зерттеуді ұйымдастыру Сібір темір 
жолы 
комитетінің 
міндетіне 
жатқызылды. 
Комитет 
Еуропалық Ресейден 
шыққандардың соңғы жылдарда дала өлкесі шегіне қоныстануға ерекше ұмтылысы 
байқалғанын, сол себепті оны отарлауды берік негізгі қоюды ойластыру керек екенін 
атап өтті. Комитеттің бастамасы бойынша белгілі земство статистігі Ф.А.Щербинаның 
басшылығымен далалық облыстарды зерттеу жөнінде экспедиция ұйымдастыру соның 
нəтижесі болды. 1896-1903 жж. аралығында экспедиция Ақмола, Семей, жəне Торғай 
облыстарының 12 уйезіне статистикалық сипаттама жасап, қазақтардың шаруашылығы 
туралы бағалы мəліметтер жинады. Үкімет экспедиция қызметкерлерінің алдында: 
алуға арналған жердің мүмкіндігінше көп мөлшерін табу жəне олардың егіншілік үшін 
жарамдық дəрежесін анықтау міндетін қойды. Əртүрлі аймақтар бойынша қазақтардың 
жер пайдалану нормаларын əзірлеу, ал осылайша жасалған «артық жерден» қоныс 
аудару қорын рəсімдеу көзделді. Щербина 1896 ж. іске кірісіп, 5 жыл ішінде 
Көкшетаудан бастап Ақмола, Семей облыстары мен Ақтөбе, Қостанай уйездерін 
зерттеп шыққан. Ақмола мен Семей облыстарын зерттеп болған соң экспедиция 
Ақтөбе мен Қостанай уйездерін зерттеуге кірісті. 1898 ж. Қостанайдың солтүстіктегі 6 
жарым болысын зерттеп болып, санағы картасы, жерінің ауданын, ауысқанын баяндама 
қағазымен Торғай облысының əскери губернаторы Барабашқа жіберген. Жер мен 
мемлекет мүлкін басқарушы министрліктің сұрауы бойынша Барабаш баяндама 
жасаған. Щербина Қостанайдың зерттелген болыстарында 7854 шаңырақ, 3 млн 421 
мың 294 десятина қазақ билігінде жер бар деген. Қазаққа мал асырау нормасы -1 үйге 
24 қара күн көруіне жарайды (жылқыға балағанда) деген. Қолайлы жерден үйге 144, 
шамалы жерден 173, қолайсыз жерден 202 десятина сыбаға жер қалдырса, қазаққа не 
бары 450 мың 200 десятина жер керек деген. Мұны сондағы жалпы жер көлемінен 
шығарғанда 1 миллион 971 мың 94 десятина артық қалады. Осы артық жерді отар 
қылуға болады делінген Щербина санағында. Сонда экспедицияның «артық» деген 
жерінен 1 миллион 3 мың 324 десятинаны шығарып тастау керек, яғни жартысынан 
көбін шығару керек дейді. Ақтөбе мен Қостанай уйезіне келіп жайлайтын көшпеліге 
экспедиция жайлау керек деп ойламаған. Қостанайдың орта жағына 226 үй 1898 ж. 
көшпелі халықтар келген. Бұларға екі айға 34 десятинадан салғанда, 7684 десятина жер 
керек емес. Дұрысында 26090 үй екі уйезге көшіп келеді, 4-5 ай отырады. Мұның 6 
мыңы Ырғыз уйезінен келеді. «Ырғыз уйезінің 6 мың үйін шығарып тастағанда да, 20 
мың үй көшпелі жайлап күн көреді» дейді Барабаш. «Көп жерлердің (мəселен, Ақмола, 
Семейдің кейбір уйездерінің Қостанай, Ақтөбенің оңтүстік болыстарының) нормасын 
сол жерлердің табиғат-шаруашылық жадайына қарап шығармай, алғашқы норма 
кесілген жерге сүйеніп жанастырған» дейді. Қазақстанда ХІХ ғ. аяғынан бастап жер 
бөлуші топтар жұмыс істеді. Ол бос деп белгіленген жерлерде қоныстану учаскелерін 
кесіп беруге тиіс болатын. «Бос жерлер» дейтіндерді далалық облыстарды зерттеу 
жөніндегі экспедиция, басқаша айтқанда Ф.А.Щербинаның экспедициясы анықтауы 
керек еді. Экспедицияның жұмысын жұмыс істеген жылдардың өзінде-ақ, əсересе, 
қазақтардың жер пайдалану нормаларына қатысты көп ескертулер жасады. Солай бола 
тұрса да, ішінара осы есептеулер бойынша 1893-1905 жж. далалық облыстарда 4074 
180 десятина, оның ішінде Ақмола қоныстандыру ауданында -2550 202 десятина, 



 Семейде – 499 566 десятина жер, Торғай –Орал ауданында -102 4412 десятина жер 
тартып алынды. Барлығы 18 миллион десятина алынуға тиіс болатын. Алайда көп 
ұзамай бұл цифрлар үкіметті қанағаттандырудан қалды. Қазақтардың жер пайдалану 
нормаларын, оларды кеміту жағына қарай қайта қарау туралы жəне жаңа 
экспедицияның зерттеу қажеттігі туралы мəселе қойылды. Щербина санағы 
сеніңкіремей, əуелгі жылдары «артық» деп көрсетілген жердің 25 % -ін ғана қазақтан 
алуға болды, экспедиция «артық» деп көрсеткен жер тез арада алынып болды. Соның 
үшін тағы қазан түбінен шеміршек іздеп 1907-1911 жж. арасында переселен 
мекемелерінің Кузнецовтарының жер кесіп алулары шыққан. Щербина есебі отарлау 
жұмысына зор қызметін тигізді. Көрсетілген артық деген жерлері тез арады алынып 
бітті. Отаршылдар қайтадан «артық жер» табуға кірісе бастады. Қорыта келгенде егер 
Ф.А.Щербина экспедициясының деректері бойынша қазақ шаруашылықтары үшін 
аймаққа жəне басқа жағдайларға қарай жер пайдаланудың ең төмен нормасы 110-209 
десятина, ал ең көбі - 187-510 десятина болса, 1904-1908 жылдардағы қайта 
ұйымдастырған экспедициялардың деректері бойынша олар тиісінше 70-125 десятина 
жəне 119-219 десятина болды. Сөйтіп 36-40 %-дан 36-57% -ға дейін төмендетілдіү 
Ресей империясының ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. кезіндегі қазақ шаруаларын орналастыруға 
байланысты шаралары отарлық сипатта болғанында дау жоқ. Ф.Щербина жəне 
басқалардың экспедицияларының нəтижесінде дала облыстарындағы қазақтардан 
1893-1905 жж. 4074 180 десятина жер тартылып алынса, Жетісу жəне Сырдария 
облыстарында 1906-1915 жж. 21206 187 десятина жер қоныстанушыларға берілді. Тек 
1906-1915 жж. Дала өлкесіне 580,5 мың адам сырттан келіп қоныстанды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет