қолданылады. Əрбір
қожайын өзіне, өз отбасы мен шаруашылығына есеп береді.
Қазақтар бұл сұрауға жоғары ынтамен қатысады. Тіпті басқа ауылдан сұрау жүргізіліп
жатқанда тыңдаушы ретінде қатысатындар болған. Қожайындардың өздері болмаған
жағдайда отбасынан бір адам, ал олар немесе туысқандары болмаған кезде көршілері
сұрауға шақыртылған. Практикалық жұмысқа кірісер алдында экспедицияның барлық
құрамы В. Кузнецовтың қатысуымен бірнеше мəжіліс өткізіп. Онда өздерінің алдына
қойған міндеттерін,
жұмыс жағдайларын, оларды орындаудың əдісі мен тəсілдерін
талқыға салады. Бұл мəжілістерге партияның құрамына енгізілген қазақ тілмаштары да
қатыстырылды. Экспедиция жұмысы мынадай тəртіппен жүзеге асырылады.
Материалға тыңғылықты қарау, есептеу жəне іріктеу, кейбір карточкаларды, ауылдық
жəне қауымдық бланкелерді сəйкестендіру Дзюбе мен Караваевқа жүктеледі. Рулық
қатынас жөніндегі материалдарды жүйелеу жəне əр түрлі кестелерді түзу В.
Измайловқа тапсырылады. Никольский, Дубенецкий, Быков жəне
Бурыгин есеп
жүргізеді. Ауылдық жəне қауымдық кестелерді Старчевский, Коль жəне Шебеко, ал
комбинациялық кестелерді Старчевский мен Быков дайындайды. Мұнымен қатар
қауымдық жер пайдалану, кəсіптік жəне шабандық, жайылымдық жерлерді толық
пайдалану жөнінде кестелер түзіледі. Ақмола облысының бес уйезі бойынша жазылған
бес томдық кітап мынадай екі бөлімнен тұрады – мəтіндік жəне кестелей қосымша.
Барлық басылымның жалпы редакциясы экспедиция басшысы Кузнецовқа тиесілі.
Мəтінде уйез жөнінде жалпы мағлұматтар жəне қазақтардың
жер пайдалануының
дайындалған мөлшері бойынша арнайы материалдар келтірілген. Қайта жүргізілген
зерттеудің нəтижелері қажет деп табылған жерлерде 1896 жылғы бірінші санақтың
көрсеткіштерімен салыстырылған. Барлық жағдайда қайта зерттеу бірінші
экспедицияның жолымен жүреді. Жер пайдалану түрлері зерттеліп, қауымдардың саны
анықталады, кейбір шаруашылықтар оларды топтар мен түрлеріне қарай бөлуге
мүмкіндік болатындай тыңғылықты зерттеледі. Бюджеттік көрсеткіштер бірінші
экспедиция мəліметінен алынады, бірақ қайта зерттеу кезінде де олар толықтырылады.
Тұрғылықты халықтың негізгі тамағы болып табылатын ет жəне
шығыны мен
сұранысы жөніндегі жалпы көрсеткіштерді жинауға ерекше көңіл аударылады. Өйткені
бұл мəселе қазақтарды жермен қамтамасыз ету туралы қорытындылар кезінде маңызды
жəне негізгі рөл атқаратыны мəлім. Кузнецов мұндай өте маңызды мəселе дайын
бюджеттік көрсеткіштерді пайдалануды қауіпті деп есептеп, негізгі сұранысты жəне
жалпы есептеудің қорытындыларын негіздеу қажет деп табады. Ерекше назар
жайылымдардың толық пайдаланылатын көлемі туралы көрсеткіштерді жинауға
аударылады. Бұл бір бас
малды асырауға қанша жайылым, қанша шабындық жер қажет,
яғни толық орташа шаруашылықтың мөлшерін анықтауға, барлық статистикалық
жұмыстың негізгі бөлімі болып табылатын жер мөлшерінің көлемін белгілеуге тікелей
ықпал ететін еді. Бірінші экспедиция жайылымды толық пайдалану туралы тек 55 топ
(тұрмыс деңгейінің көрсеткішіне қарай) бойынша мағлұмат жинай алған. Бұл бұрынғы
қазақтардың пайдаланған жер көлемінің 4%-ын, яғни 235,287 десятина жерді құрайды.
Бұл сияқты болмашы мағлұматтар бір бас жылқыны асырауға қанша жайылым қажет
екендігін дұрыс көрсетуге кері əсерін тигізетін еді. Осындай кедергілерден қашу үшін
қайта зерттеу кезінде уйездердегі барлық ауылдардағы жайылымдардың əр түрлерінде
малдардың жайылымы туралы толық жəне
нақты мағлұматтар жинауға, жерді толық
11