Реферат зерттеу жұмысының кезеңдері Орындаған: дпмно -101С білім алушысы



бет11/11
Дата15.02.2023
өлшемі133,15 Kb.
#68106
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Барлқ есептеу құралдары (ғылыми зерттеуде өлшеу үшін қолданылатын құралдар) дәлдікке кезеңдік тексеруден өтеді. Мұндай тексеру кұралдардың қателігін анықтауды және мүмкіндігінше азайтуды қарастырады. Тексеру құралдың дәлдік дәрежесі берілген регламентке сәйкестігін орнатады және оны өлшемдер берілгеніне қолдану мүмкіндігін анықтайды, яғни қателіктер анықталады және мәндердің мүмкін шегінен аспауын орнатады. Өлшеу құралдарын тексеру әр түрлі деңгейде арнайы мемлекеттік ұйымдардан төменгі буындарға дейін жүргізеді.
Мемлекеттік тексеру. Стандартты және өлшеу техникасын бақылау мемлекеттік метрологиялық институттарымен елде өлшемдер бірлігін қамсыздандыруға мемлекеттік бақылау жүргізеді.
Жоғарғы дәлдіктегі өлшеуіне құралдарға мемлекеттік метрологиялық ұйымдар арнайы куәлік береді. Оның ішінде тексеруден кейінгі өлшенетін шаманың номиналь мәні, дәлдік класы, шекті мүмкін қателігі, құралды қателікке тексеру нәтижелері кесте түрінде өлшеу вариациялары көрсетіледі. Жауапкершілігі аз құралдарға куәлік берілмеуі мүмкін және құралдың стандарт нәтижесіне нұсқау талаптарын қанағаттандыратыны туралы нұсқау береді. Нұсқау орны құралды тексеру таңбасымен жабдықталады.
Әр түрлі ұйымдардың өлшеу кұралдарын және қондырғыларын 1-2 жылда бір рет міндетті мемлекеттік тексерістен өткізеді. Бұл мерзімде құралдармен жақсы қолдану гарантиялық қолданысқа жеткілікті. Бірақ құралдарды дұрыс қолданбау жеріне олардың қолдану - өлшеу сипаттамалары бұзылады сол кезде тексеруді одан да бұрын өткізуі керек болады.
Мемлекет аралық тексеру кезінде өлшеу құралдарының ведомствалық тексеру жүзеге асырылады, ол кейде жұмыс көлемі жағынан мемлекеттік тексерістер айырмашылығы болмайды, бірақ қысқартылған бағдарлама бойынша жүргізіледі. Мұндай тексерістер жылдам және осы ұйымдастыруға шығарылған арнайы график бойынша жүргізіледі.
Өлшеу құралдарының қолдану сапаларының анализі ұзақ уақыт сақталатын (1-2 жыл) құралдар мен қондырғылар ескіреді және өзінің сапасының нашарлауын көрсетеді. Кейде бұл кезде қателіктер мүмкін мәннен жоғары болады сондықтан қоймада сақталатын құралдарды міндетті түрде тексеру қажет.
Жұмыстық тексеру бақылауды тексеру бастамас бұрын әр-бір экспериментатормен ұйымдардың төменгі буындарында жүргізіледі. Жүмыстық тексеру үрдісінде әртүрлі операцияларды жүргізу керек болады: өлшеудің варияциясын және диапазонын анықтау т.б. Басқа жағдайларда өлшеу құралдарын реттелуін және градуировкасын орындайды.
Құралды реттеуде жүйелік қателіктің ең аз мүмкін шамасына дейін төмендетуге бағытталған операцияны түсінеді. Өлшеу құралдары әдетте нөлді реттеу және сезу екі түйінімен жабдықталған нөлді реттеу өлшеудің төменгішегіндегі диапазонда жүйелік қателіктерді жоюға арналған.
Құралдарды тексерудің және оның қолдану сипаттамалардың бағалаудың кең тараған тәсілі салыстыру тәсілі болып саналады. Оның мәні тексерілетін құралдың сол бір шаманы өлшеу кезіндегі нұсқаулықпен салыстыру.
Өлшеу құралдарын таңдау
Тәжірибені ұйымдастыруда маңызды кезең өлшеу құралдарын таңдау болып табылады.
• ҒЖЗ мақсаттарына және есептеріне тематикасына максимал сәйкес келуі керек;
• Тәжірибелік жұмыстар еңбегінің жоғары өнімділігін қамтамасыз ету керек;
• Тәжірибелік жұмыстың қажетті сапасын қамтамсыз ету керек (яғни, өлшеудің ең аз мөлшерінде дәлдіктің берілген деңгейіндегі жоғарғы тұрақтылық және қайта өндіру);
• Жоғары деңгейде жүйелік қателіктерді болдырмау (автоматты жазатын өлшеу құралдарын қолданған жөн);
• Жоғарғы экономикалық тиімділіктің болуы (яғни қаражаттық және материалдық қорлардың, адамдар еңбегінің аз шығыны);
• Тәжірибелердің экономикалық талаптарын орындау (антрометрикалық, санитарлық-гигиеналық, психофизикалық);
• Қауіпсіздік және өрт техникасының талаптарын орындау керек.
Осылай ғылыми зерттеудің метрологиялық қамсыздандыру және өлшеу бірлігі мен өлшеу құралдарының бір типтігін қамтамассыз ету, ғылыми зерттеуді жүргізудің жетісті өткізуді маңызды факторы болып табылады.Метрологияның жетістікті дамуынсыз ғылым дамуында прогресс мүмкін емес және керісінше ғылымның дамуынсыз метрологиядағы прогресс мүмкін емес.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін (результатын) енгізу
Жаңалық ашуға тапсырыс беру.
 Жаңалық ашу түсінігі
 Тапсырысты хаттаудың реті
 Жаңалық ашудың жазбасы
 Жаңалық ашудың формуласы
Жаңалық ашудың түсінігі
Қолданбалы және техникалық ғылымдар саласында орындалған ғылыми зерттеу жұмыстарында әдетте жаңа құрылыс материал, техникалық үрдіс және т.б түрінде келетін нәтижелер болады.
Осыған байланысты ғылыми зерттеудің барлық нәтижесін жаңалық ашылу мүмкіндігіне талдау керек, және ол анықталса, сол жаңалық ашуға тапсырыс хаттау керек.
Жаңалық ашу объектілері мыналар болуы мүмкін:
 Қондырғы (мысалы: машина, құрал, құрылғы және т.б)
 Тәсіл (мысалы: өнімді дайындау тәсілі, заттек алу және емдеу тәсілі т.б)
 Заттек (қорытпа, қоспа, ерітінді, химиялық жолмен алынбаған материал, химиялық қосылыстар және т.б)
 Бұрыннан белгілі қондырғыларды, тәсілдерді, заттектерді жағымды эффектісімен, жаңа арналымы бойынша қолдану (олардың мәнісінің өзгеруінсіз)
 Микроорганизмдердің штаммалары (бактериялар, вирустар, балдырлар)
Жаңалық ашу деп саналмайтындарды есте сақтау керек:
 Ашу, ғылыми теория және математикалық әдістер;
 Шаруашылықты ұйымдастыру және басқару тәсілдері;
 Шартты белгілер, кестелер, ережелер (ойын, қозғалыс ережелері)
 Ой операциясын орындау әдістері мен ережелері;
 Тәрбиелеу, білім беру, оқыту, жануарларды үйрету әдістері мен жүйелері;
 Есептеу тәсілі, есептің математикалық шешімі, соның ішінде алгоритм және есептеу машиналарының бағдарламасы;
 Өнімнің тек сыртқы түріне қатысты ұсыныстар;
 Ғимараттар мен территориялардың жабдықтау жоспарының схемасымен жобасы;
 Қоғамдық мүддеге, моральға және адамзаттық принциптерге қарама – қарсы шешімдер, яғни пайдасыз шешімдер;
Тапсырысты хаттаудың реті.
Жаңалық ашуға патент немесе авторлық куәлікті беруге тапсырысты автормен Қ.Р – дың №27 – 1 1999жылдың 16 шілдесінен патенттік заңына сәйкес Казпатентке береді.
Егер жаңалық ашу қызметтік тапсырманы орындаумен байланысты болса, онда ол қызметтік жаңалық ашу деп аталады, және тапсырыс автордың қатысуымен хатталады және ұйыммен беріледі. Бұл жағдайда құжаттарды сақтау құқығы жұмыс берушіде болады.
Егер жаңалық ашу қызметтік тапсырманы орындаумен байланысты болмаса, автор жеке тапсырыс беруге құқылы.
Қызметтік тапсырманы орындаумен байланысты болмаған жаңалық ашқан авторлар тапсырманы тікелей беруге құқылы.
Тапсырыстың әр түріне арнайы форма (бланк) қарастырылған.
Жаңалыққа алдын ала патент және патент беріледі.
Жаңалық ашуға алдын ала патенттің қызмет ету мерзімі 5 жыл және ол 3 жылға дейін ұзартылуы мүмкін.
Жаңалық ашуға патент Казпатентке тапсырыс берген күнінен бастап 20жылға дейін, беріледі, және 5жылға создырылады.
Тапсырысты хаттау кезінде жаңалық ашуға тапсырысты құру бойынша нұсқаулармен қолдану керек. Патентті беруге тапсырыс мыналар болу керек:
 Патент беру туралы тапсырыс.
 Жаңалық формуласы бар, жаңалық жазбасы, сызбалар, сұлбалар.
 Болжанатын жаңалықты суреттейтін сынақ актілері және басқа материалдар (Егер олар жаңалық мәнін және мағынасын толық ашатын болса)
 Жаңалық ашуда әрбір автордың әрқайсысы қатысқаны туралы анықтама.
 Жаңалық жазбасында, жаңалық формасында және тапсырыстың басқа материалдарында ашылғанның қысқаша мінездемесі бар мәнжазба (қолдану аймағын және мүмкін көрсетумен)
 Техникалық шешімнің жаңалығы туралы қорытынды.
Тапсырыс берілген күннен бастап 2 ай ішінде газ патент экспертизі жүргізеді. Ол уақытта Казпатент қосымша материалдар сұрауға құқылы.
Жаңалық ашудың жазбасы.
Жаңалық жазбасы сонымен қатар графикалық материалдар (Егер олар қажет болса) ашылған жаңалықты суреттейтін тапсырыстың негізгі құжаты болып табылады. Жаңалық ашудың жазбасына мыналар кіреді:
 Жаңалық атауы және тапсырыс берушінің ойы бойынша жаңалықтың халықаралық жіктеу класы;
 Жаңалықтың техника аймағы және жаңалықты қолданудың пайдалы аймағы;
 Жаңалықтың аналогінің сипаттамасы;
 Тапсырыс берушімен таңдалған прототив сипаттамасы;
 Прототив критикасы;
Жаңалық ашудың мақсаты;
 Жаңалық ашудың мәні және оның айырмашылық белгілері;
 Графикалық суреттеудің фигуралар тізімі;
 Нақты орындау мысалдары;
 Техника экономикалық немесе басқа тиімділік;
 Жаңалық ашу формуласы;
Жазбаның әрбір бөлімі жеке абзац түрінде келеді. Жазбаның барлық бөлімдерін жазу кезінде осы техника аймағында қабылданған терминдерді қолдану керек, өлшеудің бір бірлік жүйесін қолдану керек.
Жаңалық ашудың формуласы.
Тапсырыста келтірілген жаңалық ашудың формуласы жаңалықтың жаңалығына және мәнді айырмашылығына мемлекеттік ғылыми техникалық экспертизаны жүргізетін органның бағалауына қорытынды шешім береді, объектіні жаңалық деп тапқан жағдайда тек қана жалғыз ол құқықтық мәнге ие болады, яғни оған жаңалықты қолдану фактісін (немесе қолданбау) орнатады.
Жаңалық ашудың формуласы – бұл жаңалық объектісінің және техникалық мәнін көрсететін, орнатылған ереже бойынша құралған сөздік сипаттама.
Жаңалық объектінің белгісі түсінігінде мысалы, құрылғыдағы деталь, торап, тәсілдегі режим параметрі, операциялары және т.б. жатады. Мәнді белгі деп - әрқайсысы қажетті, ал барлығы бірдей алынып, осы жаңалық объектісін басқалардан айыруға қажетті және оны жағымды эффектіде көрінетін сапада сипатталатын белгі аталады.
Жаңалық формуласының әрбір пункті ережеге сай құрамына жаңалық объектісіне және прототипке ортақ белгілер кіретін шекті бөліктен, жаңалық объектісін прототиптен ерекшелейтін белгілер кіретін айырмашылық бөліктен; жаңалық мақсатынан құрау керек.
Жаңалық объектісі бұрын белгілі қондырғылардың жаңа бағытта қолданысы болып табылған жағдайда жаңалық ашудың басқа формуласына жол беріледі. Жаңалық ашу формуласын бұл жағдайда келесі түрде беру керек.(айтылған қондырғының тәсілдің немесе заттың жаңа нақты арналымы) ретінде (белгілі қондырғының тәсілдің немесе заттектің анықтамасы немесе атауы жазылады) қолдану.
Жаңалық жазбасының текстіне кіретін графикалық материалдар (сызба, сұлба, графиктер, суреттер және т.б.). Жазба текстімен нақты келісуі керек, және жаңалық объектісі туралы нақты көрініс беруі керек. Графикалық орындаудың сызба масштабы және анықтылығы көлемдерді сызықтық азайтумен фотографиялық репродукцияланған кезде барлық детальды көруге болатындай болуы керек.
Сұлбалар масштабты сақтаусыз орындалады, өнімнің құрамдас бөліктерінің кеңістіктегі орналасуы жуықтап көрсетіледі. Суреттер сұлбалық сипатта және орындауға оңай болуы керек. Жазбаға оларды тек қана оны сызбалар мен немесе сұлбалар мен суреттеу мүмкін болмаған жағдайда қою керек.
Жаңалық туралы қорытынды сәйкес салада компетентті мамандармен дайындалады, ғылыми техникалық, техникалық, ғылымдар кеңесі немесе оның секциясы, кафедрасы, лабораториясы, бөлімі немесе басқа да құрылымдық бөліндісінің жиналысында талқыланады. Содан соң ұйым басқарушысымен бекітіледі.
Жаңалық туралы қорытындыда жаңалықтың атауы және оның авторы, потенттік зерттеу жүргізілгені туралы мәлімет анықтама түрінде, халық шаруашылығы қолданудың мүмкін аймақтары туралы, күтілетін техника экономикалық немесе басқа эффектідегі, жаңалықтың халық шаруашылығындағы қолданылатын техникалық дайындығы туралы мәліметтер болуы керек.
Жүргізілген потенттік зерттеулер туралы мәліметтерде мыналар болуы керек.
 Патенттік құжаттама (мемлекеттік, шетелдік, авторлық, куәлар және патенттер)
 Объектіге тікелей қатынасы бар ғылыми техникалық әдебиет (кітаптар, дисертациялар, журналдар)
 Зерттеу үрдісінде анықталған жаңалықтың аналогтары оған жақын прототипті көрсету. Объектіні патенттік және ғылыми техникалық әдебиет бойынша зерттеу туралы анықтамада, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Жапон, Швецария. Патенттік құжаттамасы бойынша зерттеу нәтижелері көрсетіледі.
Ұйым қызметінің және жаңалықтың профильдейтін бағытына қатысты өндірудің жаңалығын зерттеу кезінде ізденіс ереже бойынша 50 жыл бұрын берілген тапсырыстар да жүргізіледі.
Ұйым қызметінің профильдейтін бағытына қатысты емес, өндірудің жаңалығын зерттеу патенттік ізденіс 15 жылға дейін жүргізіледі. Ғылымның және техниканың жаңа аймақтары үшін ізденіс уақыт бойынша 1-ші шығарылған патенттік құжаттамалардан бастап жүргізіледі.
Бірлескен авторлардың творчествалық қатысуы туралы мәліметтер арнайы формада келтірілген анықтамада беріледі. Анықтамада авторлардың әрқайсысының қандай да бір творчествалық қатысуы көрсетіледі. (объект белгілері бойынша)
Ғылыми жұмыс туралы есеп беру
Мазмұнға қойылатын талаптар
• Жұмыстың жалпы жоспары
• Хаттауға қойылатын талаптар
• Мәнжазба (реферат)
Мазмұнға қойылатын талаптар
Қорытындымен жалпылау құралғаннан кейін, дәлелдемелер ойластырып және суреттеу дайындалған кейін, келесі саты басталады – алынған нәтижелердің есеп, баяндама, мақала түріндегі әдеби хаттау.
Шығармашылық еңбектің нәтижесінің әдеби хаттау үрдісі ғылыми жазба мазмұнына қойылатын кейбір талаптарды білуді және орындауды қажет етеді. Міндетті түрде түсініктеменің анықтығы, материалды берудегі жүйелілігі және дәйектілігі маңызды.
Жазба текстін абзацтарға, яғни азат жолдан басталатын бөлімдерге болген жөн, абзацтарға дұрыс болу текст мазмұнын оқуды және түсінуді оңайлатады. Мұндай болудің критерийі жазылғанның мағынасы б.т - әрбір абзацта бір несе бірнеше сөйлемнен тұратын мағына болды.
Жазбада қайталануды болдырмау керек, бірінші ой толық қорытылғанға дейін екінші ойды бастамау керек. Жазбада бағынықты сөйлемдері қосымша сөздері фразалары коп созылған фразаларды болдырмау керек, түсінуге мүмкіндігінше қысқа әрі нақты сөйлемдерді жазу керек. Текст егер құрамында тавталогия болмаса, яғни бір сөздің және мағынаның жиі қайталануы бір фразада бірнеше әріптерінің бірлесіп келуі, онда ол жақсы қабылданады.
Мазмұндама бейтарапты болуы керек. Ол бойынша әдебиетте айтылған ойлардың барлығын критекалық бағасын, егер олар автор пайдасына болмаса да құрамына кіру керек. Егерде таласты ойды енгізу керек болса онда ол туралы ақылдасу керек. Жазбада өзіне сілтеме бермеген жөн, егер ол қажет болса, сөйлемді үшінші жақта: автордың ойынша, біздің ойымызма тағы басқа түрде беру керек. Жазбаны сандармен, цитаталармен, суреттермен толтырмаған жөн. Өйткені олароқырманның назарын алады және мазмунын түсінуді қиындатады. Бірақ, мұндай материалдан мүлдем бас тартуға да болмайды, өйткені, олар арқылы оқырмандар зерттеуден алынған нәтижесінді тексере алады. Барлық косымша материалды қосымша есеп түрінде келтірген жөн, жазбадағы сілтемелердің нақты көздері болуы керек.
Шартты белгілердің және стандартқа сәйкес келетін қысқартылған сөздердің берлігін орындау керек. Бұл стандарттар және қысқартулар туралы мәліметтер сөздіктерге, энциклопедияларда, анықтамаларда бар. Егер тақырыпқа келетін стандартты емес, қысқартулар қолданылса, онда қысқартулар тізімен әдейі арнайы кестеге енгізіп, оны жұмыс басында орналастыру керек.
Жұмыс жоспары
Алдымен жұмыс атауы ойластырылады (ол қысқа, анық, жұмыс мазмунына сәйкес болуы керекк, өйткені ол бойынша ғылыми жұмыс пәндік каталатарда жіктеледі). Жұмыс ажауы автордың толық аты – жөні, тегі, және осы жұмысты жазу кезіндегі қызметі, жұмыс жазылған мекеме немесе қала атауы, оны хаттауу жылы, жетекшінің қызметі және шені, фамилиясы көрсетілетін ең бірінші бетіне жазылады.
Мазмұнды оқырмандар алдында жұмыс мәнін қысқаша, негізгі бөлімдерді және жазбаның басқа да бөлімшілерін белгілеу арқ. Енну керек. Жазбаның жалпы қурыл/ғы мазмұнын орны оның басында несе соңында болуы мүмкін.
Кейде ғылыми жұмысты хаттау кезінде аяғы сөз болудің қажеті болады. Онда ғылыми жұмыстың құралуындағы сыртқы шарттар мазмундалады: оның шығуы не себепті жұмыс қашан және қай жерде орындалған, жұмысты орындау қатысқан ұйымдар мен тұлғалар айтылады.
Қысқаша кіріспеде автор оқырманға проблемалар туралы айтады, мәліметті жақсы қабылдауға үшін зерттеудің негізгі сұрағын береді. Мұңдай кіріспеде проблеманың мәні, оның актуалдығы, ғылыми жұмыс жазу кезіндегі автормен қойылған мақсаттар мен есептер, осы кездегі проблема жағдайы анықталады. Бұл кезде ғылыми жұмысының келесі бөлімдерінде айтылатын фактілер мен қорытындыларды қозғамаған жөн.
Кіріспеден кейін қарастырылатын сұрақ бойынша әдебиетінің қысқаша тізімі беріледі. Бұл кезде маңызды әдебиетті басқаларынан бөліп алған маңызды. Ол оқырмандар үшін үлкен мән береді. Өйткені бұл олардың жұмыс жаздыруда жалпы құрылысты анықтауға мүмкіншілік береді. Жұмысының негізгі мазмұнына зертудің мәліметтері, әдістері, тәжіриб/к мәндері жалпылаулар және қорытындылар кіреді. Бұл бөлімді жазған кезде бірінші ретте оқырманды қызықтыратын сұрақтарды түсіну керек және соған сәйкес оларға толық қанағаттаңдыратын жауан беру керек. Жазбада қолданылатын сөздердің және сөйлемдердің дәлдігіне аса мән берген жөн, оларды екі ойлы түсінудің мүмкіндігін болдырмау керек.
Хаттауға қойылатын талаптар ҚазҰТУ-да мәтіндік жұмысынды хаттау ұйымның стандарт талаптарына сәйкес ЛТП 164 – 08 – 098 бойынша орындалуы керек. Оқулық жұмыстарынаң мәтіні қолжазбалық немесе машиналық әдіспен орындалуды конкурстық, зерттеу жұмыстары тек қана машиналық тәсілмей орныдалу керек.
Екі жағдайда да мәтін мест 2,301-68 бойынша А4(210*297) форматты ақ қағазда жазылады, қажет болған жағдайда үлкен кестелер және суреттер А2 (420*524) үлкен форматтарда беріледі. Мәтіндік бөліктерінің қағаз беті рамкалармен шектелмейді.
Бірінғай мәтін үшін қағаздың 4 жағында орын калдырылады. Олардың өлшемдері:
Сол жағында – 30 мм кем емес;
Оң жағында – 10 мм кем емес;
Үстінде – 20 мм кем емес;
Астында – 20 мм кем емес.
Жолдар арасындағы қашықтық 1,5 интервал жолдар арасындағы қашықтықты 1 интервалға дейін тек кесте жолдарда ғана болады. Абзацтың мөлшері барлық мәтін бойынша 15-17 мм.
Компьютермен теру кезінде А4 форматтың бетінде 60-62 символы бар немесе “Word 6.X” редакторымен графикалық теруде 12 – 14 шрифтпен 42 жолды болуы керек. Жол аралық интервал таңдап алынған шрифтқа байланысты таңдау алынады.
Машиналық жазбанын қалдырылған болуындарда қолмен сызбалық шрифтпен қаратүсті сиямен немесе тушпен жазуға руқсат етіледі.
- Жазу машиналарының теру шрифттерінде жоқ белгілерді әріптерді символдарды;
- Формуларды;
- Шет тілдегі сөздерді.
Хаттау үрдісінде табылған қателер немесе басқа жанылыстар машинкада немесе қолмен (қара түсті сиямен немесе тущпен) түзетілуі керек. Бір бетте 5 қатеге дейін түзетуге болады.
Қолжазбамен орындау кезінде жұмыс қара, көк көгілдір түсті сиямен/пастамен жазылған анық түсінікті жазумен беріледі. Егер студент мәтінді анық түсінікті жазумен жаза алмаса, онда жұмыс МЕСТ2.304 – 68 бойынша әріп биіктігі 2,5 мм-ден кем емес сызбалық шрифтпен жазылуы керек.
Қолмен жазылған мәтінің жолдар арасындағы қашықтығы 10 мм – ден кем болмауы керек. Ал абзац мөлшері барлық мәтін бойынша 15 – 17 мм.
Парақ нумерациясы жұмыстың барлық беттері ең бірінші бетінен бастап, ерекшеліктері мен қосымшаларын қосқандағы реттік нумерациясы болуы керек. Парақ номері жоғардағы оң жақ бұрышында нүктесіз жазылады.
Титульдық бет кез келген ғылымы жұмысының 1 – ші беті болып таблица. Бірақ оның номерін қоймайды.
Парақтарды нөмерларда литерлік қосымшалар (2А, 3А, 7А) қойылмайды. Жұмыс мәтіні қысқа әрі нақты болуы керек және әртүрлі талқылаулар болмауы керек.
Ғылыми жұмыс мәтінінде мыналар болмауы керек:
- Түсінік үшін мағынасы бойынша жақын әртүрлі ғылымы техникалық терминдерді сонымен қатар орыс тіліндегі терменмен сөзге тең шетел сөздері мен термендердің болуы физикалық шама бірліктерінің белгілерінін қысқарту, жанындағы кестегі формаға кіретін физикалық шама бірліктерінен басқа;
- Орыс орфографиясымен, пунктуациясымен онымен қатар МЕСТ7.12 – 93 бойынша ережемен орнатылғандардан басқа, қысқартылған сөздерді қолдау;
- Мәтінде математикалық (-) таңбанын теріс мәнді шамалар алдында қолдану (-) танбаның орнына («минус») сөзін жазу керек.
- Математикалық белгілерді сансыз қолдану, мысалы: < (кіші немесе тең), > (үлкен немесе тең), № (номер), %(пайыз) тағы басқа;
- Тіркеу номері жоқ стандартар индексін (МЕСТ, ОСТ, СТ РК, СТП) қолдану.
Бір параметірінің физикалық шама кірлігі бір жұмыс шегінде турақты және МЕСТ 8.417-81 (СТ СЭВ 1052-78) сәйкес келуі керек.
Қайта енгізілген терминді немесе түсінікті толық түсіндіру керек. Бәріне мәлім және арнайы терминдер мен түсініктерді ашу міндетті емес, өйткені ғылыми жұмыс оқырманды мамандар үшін дайындауға арналады.
Сандық мәлімет, егер ол болса дәлдікті орындау кезінде (кесте, диаграмма, график түрінде) көруге ыңғайлы формаларда беріледі. Егер де қаңдай да – бір сандық материалды анықтаның және дәлдің қажетті матеерінсіз мәтіннің өзінде мазмундауға болса, онда кестелік түрде берудің қажеті жоқ. Сонымен қатар кестеге барлық жолдарға бірдегі сандармен өрнектелетін шамаларды енгізу қажет емес. Барлық формулалар, егер олар құжатта біреуден артық болса араб сандарымен белгілейді және нарақтың оң жағында, формула деңгейінде жақша ішінде көрсетеді, мысалы: S=V*T (1).
Бөлім шегінде формуларды номерациялауға о/да. Бұл жағд/да формула номері бөлім номернен және арасында нүктемен ажыратылған форманың номерациясы міндетті болып табылады.
Кестелер МЕСТ 7.32-91 және МЕСТ 2.105-95 талаптарына сәйкес хатталады «кесте» сөзі жазба әріппен бастайды. Тақырыптама астын сызбайды «кесте» сөзін жоғары сол жақ бұрышына жазады. Кесте номерінен кейін жазбаша әріптермен кестенің атауы жазылады мыс: 1 + кесте – Болат және қорытпа маркалары. Егер мәтінде бір кестеден көп болса, оларды араб сандарымен құжат шегінде номерлейді. Кесте номерациясын бөлім шегіне дейін жүргізуге болады. Бұл жағдайда кесте номері бөлім номерінен және кестенің реттік номерінен тұрады және олар нүктемен ажыратылады. Құжаттың барлық кестелерінде құжат мәтінінде сілтемелер болуы керек, сілтеу кезінде «кесте» деген сөзді оның номерін көрсетіп, жазу керек.
Кестені басқа бетке көшірген кезде тақырыптаманы тек бірінші бөліміне жазады, ал басын жоғары сол жақ бұрышында да жазады: «1 кестенің жалғасы».
NN тізбегін кестеге қоспайды, көрсеткіш номерациясы жанында көрсетіледі.
Кестеге бөлек «өлшеу бірліктері» тізбегін енгізуге болмайды, ал кесте жанындағы сәйкес жолда көрсету керек.
Тізбектің және жолдардың номерациясын тек оларға сілтеме беру қажет болған жағдайда ғана береді.
Мәтінде кестені оған сілтеме бергеннен кейін бірден жазады, қажетті жағдайда келесі бетте көрсетеді.
Иллюстрацияларды (сүреттер) ғылыми жұмыстарда кең қолданылыды. Иллюстрация ретінде графиктер, суреттер, сызбалар, диаграммалар эскиздер және тағы басқа жатады. Олардың барлығы суреттер деп аталады және құжат шегінде номерленеді.
Бөлім шегінде нумерациялауға болады. Бұл жағдайда суреттің номері бөлім нөмерінен және нүктемен ажыратылған суретінің реттік номерінен тұрады. Қажет болғанда иллюстрацияның атауы және түсініктемесі болуы мүмкін (сурет асты жазбасы). МЕСТ 2.105-95 мемлекет аралық стандартқа сәйкесті суретінің атауы мен номері түсініктеменің астында жазылады.
Диаграммалар мен графиктер анық, көрнекті болуы керек.
Өлшеу бірліктерін келесі тәсілдердің бәрімен салу керек:
- Сыңғы және оның алдындағы шкала арасында; орын жетпеген кезде соңғының алдындағы санды салмауға болады;
- Үтірден кейінгі айнымалы тама/ң атауымен бірге;
- Соңғы саннан кейінгі шкала соңында айнымалы шамасының бөлшек жүріндегі белгілеуімен бірге, оның алымында айнымалы шаманы белгілейді, ал бөлімінде өлшеу бірлігін белгілейді.
Бұрыштарды өлшеу бірліктерін сурет-шкаланың соңғы санында салуы керек (минутта, секундта, градуста).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет