Реферат зерттеу жұмысының кезеңдері Орындаған: дпмно -101С білім алушысы



бет8/11
Дата15.02.2023
өлшемі133,15 Kb.
#68106
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
межелік тапсырма 2

Пассивті тәжірибе объект қызметіне жасанды араласусыз бақылау нәтижесінде алынған таңдалу көрсеткіштерді (параметрлер, айнымалылар) зерттеуді қарастырады. Пассивті тәжірибе мысалдары ретінде мыналар болады: транспорттық ағындардың қарқындылығын, құрамын, қозғалыс жылдамдығын, жалпы науқастану санын немесе белгілі бір ауруды, белгілі бір адамдар тобының жұмыс жасау қабілетін, жасына байланысты өзгеретін көрсеткіштерді, жол-транспорттық апаттар санын бақылау.
Мәні жағынан пассивті тәжірибе зерттеу объектісінің күйінің таңдаулы көрсеткіштерін құралдық өлшеумен ұштастыратын бақылау болып табылады.
Активті тәжірибе арнайы шығарылатын сигналды таңдаумен байланысты және зерттелетін жүйенің шығуын және кіруін бақылайды.
Бірфакторлы тәжірибе қажетті факторларды бөлуді, кедергі жасайтын факторларды тұрақтандыруды, зерттеушіге қажет факторлардың ретімен вариациялауды болжайды.
Көпфакторлы тәжірибе стратегиясының құрамы барлық айнымалылар біруақытта түрленеді (варияция) және әрбір эффект тәжірибенің осы сериясында жүргізілген барлық сынақтар нәтижесі бойынша бағаланады.
Технологиялық тәжірибе технологиялық үрдіс элементтерін немесе толық үрдісті (өнім, жабдық, жұмысшылардың қызметі, т.б.) зерттеуге бағытталған.
Әлеуметтік тәжірибе шағын топтағы тұлғааралық әлеуметтік-психологиялық қатынастарды, оларды кейін өзгеру мақсатымен өлшеу үшін қолданады.
Жоғарыда айтылғандай тәжірибелік зерттеудің келтірілген жіктеуі толық бола алмайды, өйткені ғылыми білімнің кеңеюімен бірге тәжірибелік әдіс қолдану аймағы да кеңейеді. Сонымен қатар тәжірибе типтері кешенді немесе құрамдас тәжірибе құрап бірігуі мүмкін.
Тәжірибені дайындау
Кез келген түрдегі тәжірибені жүргізу үшін мыналар қажет:
 Тексерілуі қажет гипотезаны шығару;
 Тәжірибелік жұмыстардың бағдарламасын құру;
 Зерттелетін объектіге араласудың жолдарын және әдістерін анықтау;
 Тәжірибелік жұмыстар процедураларын жүзеге асыру жағдайымен қамтамасыз ету;
 Тәжірибе жүрісін және нәтижелерін бекіту жолдарын және тәсілдерін өндіру;
 Тәжірибе саймандарын дайындау (құралдар, қондырғылар, модельдер, т.б.);
 Тәжірибені қажетті қызмет көрсетуші персоналмен қамсыздандыру.
Тәжірибе әдістемесі ─бұл сәйкесінше зерттеу мақсатына жететіндей етіп орналасқан және ретімен анықталған, ойлау және физикалық операциялар жиынтығы.
Тәжірибені жүргізу әдістемесін жасау кезінде мыналарды қарастыру керек:
 Зерттелетін объектінің немесе бастапқы мәнді анықтау (гипотеза, түрленетін факторларды таңдау) мақсатында құбылысты алдын ала мақсатты бақылауды жүргізу;
 Тәжірибелеу мүмкіндігі бар жағдай жасау (тәжірибелік әсерге объектілерді таңдау), кездейсоқ факторларды жою;
 Өлшеу шектерін анықтау;
 Зерттелетін құбылыстың даму жолын жүйелік бақылау және фактілерді дәл сипаттау;
 Өлшемдік және фактілер бағалауларына әртүрлі құралдармен және тәсілдермен жүйелік тіркеу жүргізу;
 Қайталанатын жағдайларды жасау, шарт сипатының және айқасқан әсердің өзгеруі, бұрын алынған мәндерді растау немесе жоққа шығару мақсатымен күрделі жағдай жасау;
 Эмпирикалық зерттеуден логикалық жалпылауға, талдауға және алынған материалдың теориялық өңдеуіне ауысу.
Сондықтан әдістемеге талдау жасау, анықтау әдейі мұқият жүргізілуі керек.әдістемені анықтаған кезде тек қана өзіңнің сынағыңда ғана емес, жолдастарыңның және басқа коллективтің сынағын қолдану керек. Міндетті түрде әдістеменің ғылымның қазіргі деңгейіне және зерттеу орындалатын талаптарға сәйкес келуіне көз жеткізу керек.
Тәжірибенің әдістемесін таңдап алып, зерттеуші оның практикалық қолданылуына көз жеткізу керек. Оны тіпті әдістеме басқа зертханалық практикада апробацияланған жағдайда да орындау керек, себебі ол климаттың өзіндік ерекшелігіне, бөлмеге, зертханалық жабдыққа, персоналға, зерттелетін объектіге байланысты күрделі немесе тиімсіз болуы мүмкін.
Тәжірибе жоспары (бағдарламасы)
Тәжірибе жоспарына (бағдарламасына) мыналар кіреді:
 Тәжірибенің мақсаты және есебі;
 Түрленетін факторларды таңдау;
 Тәжірибе көлемін негіздеу;
 Тәжірибе саны;
 Тәжірибені өткізу реті;
 Факторлардың өзгеру ретін анықтау;
 Факторлардың өзгеру жүрісін, болашақ тәжірибелік нүктелер арасындағы интервалды анықтау;
 Өлшеу құралдарын негіздеу;
 Тәжірибенің жүргізілуін сипаттау;
 Тәжірибе нәтижелерін таңдау және өңдеу тәсілдерін негіздеу;
Тәжірибенің математикалық теориясын қолдану белгілі бір түрде жоспарлау кезінде-ақ тәжірибелік зерттеу көлемін жақсартуға және олардың дәлдігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Тәжірибені дайындаудың негізгі сатысы оның мақсатымен есебін анықтау болып табылады. Нақты бір тәжірибе үшін есеп көлемі өте көп болмауы қажет (3-4, немесе максимал 8-10).
Сонымен қатар аппарат және машина, басқа да қондырғылар жинағын негіздеу қажет. Осыған байланысты экспериментатор елде шығарылатын өлшеуіш аппаратурасымен жақсы таныс болуы керек (жыл сайын шығатын каталогтар көмегімен).
Басқа жағдайларда қондырғы, стенд, тақырыпты өрістету үшін машиналар, құралдарды құру қажеттілігі туады. Бұл кезде құралдарды және басқа да саймандарды құрастыру мен өндіру мен теориялық есеппен және практикалық пайымдаумен мұқият негізделуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет