Реферат зерттеу жұмысының кезеңдері Орындаған: дпмно -101С білім алушысы



бет10/11
Дата15.02.2023
өлшемі133,15 Kb.
#68106
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
межелік тапсырма 2

Өлшеу құралдарына өлшеулер, өлшеуіш құралдар, қондырғылар және жүйелер жатқызылады.
Өлшеудің қарапайым құралы берілген көлемнің физикалық шамасын шығаруға арналған өлшеуіш болып табылады ( мысалы: гір - масса өлшеуші).
Өлшеуіш құралы деп - экспериментаторға ыңғайлы түрде зерттелетін шама туралы белгіні бір ақпарат алуға арналган өлшеу құралын айтады.
Бұл құралдарда өлшенетін шама көрініске немесе сигналға түрленеді. Олар екі негізгі түйіннен тұрады: сигналды қабылдайтын және оны көрініске түрлейтін түйіндер.
Құралдар өлшенетін шама мәндерін есептеу тәсілі бойынша көрсететін және тіркейтін болып жіктеледі. Ең көп таралғаны есептеу құрылысы көрсеткіштен тұратын көрсететін аналогты құрал (монометрлер). Бұл құралдарэкспериментатордын қосымша операциясын қажет етпей, көрсеткіш береді. Бірақ, көрсеткіш цифрлық құралдарда (механикалық, электрондық) қателігі аз болады. Мұндай құралдың есептеу механизімі өлшенетін шаманы цифр түрінде бегітеді.
Тіркейтін құралдар өзі жазатын және басылатын болады. Өзі жазатын құралдар (термограф, дифференциалдық манометр) өлшеудің графигін немесе диаграммасын береді. Басылатын құралдар өлшеуді лентадағы цифр ретінде береді.
Құралдар сонымен қатар, өлшеудің дәлдігі, көрсеткіштердің тұрақтылығы, өлшеудің сезімталдығы, шектігі бойынша жіктеледі.
Өлшеуіш қондырғы (стенд) бір немесе бірнеше шамаларды өлшеуге арналған өлшеудің негізгі немесе қосымша құралдарынан тұратын жүйе болып табылады. Қондырғылар құрамына бір немесе көп сатылы сигналдарды өлшеуіш механизммен бекітуге болатындай деңгейге дейін түрлендіруге арналған әртүрлі өлшеу және түрлендіргіш құралдары кіреді.
Шаманың физикалық мәнін өзгертпей оны бірнеше есе үлкейтетін түрлендіргіштер масштабты деп аталады (трансформаторлар, электрондық үлғайтқыштар және т.б.). Сонымен қатар сигналдардың физикалық мәнін өзгертіп түрлендіретін түрлендіргіштер бар. Сонымен, электромеханикалық түрлендіргіш кіргенде электорлық сигналды шыққанда механикалық сигналды немесе керісінше түрлендіреді. Бір құралда шығар кезде өлшенетін шаманы әр түрлі диапазонда өзгертетін бірнеше түрлендіргіш болуы мүмкін. Өлшеуіш қондырғылар сонымен қатар өлшеу нәтижесің автоматты өңдеуге ыңғайлы сигналдар шығарылуы мүмкін.
Құрал шкаласы
Шкала кұралдын маңызды бөлігі болып табылады. Шкаладағы екі көрсеткіштің арасындағы милиметрлік ара-қашықтық шкала бөлігінің ұзындығы деп аталады. Өлшенетін шамасының шкаланың басына немесе соңына сәйкес келетін мәндердің арасындағы айырмашылық құралдың диапозондық көрсеткіші деп аталады.
Құралдың қателігі
Өлшеу құралдары қателік және дәлдік шамасымен, өлшеудің тұрақтылығымен, сезімталдығымен сипатталады. Өлшеу құралдарының қателігі - оның маңызды сипаттамасының бірі. Ол құралды жасауға қолданылатын сапасыз материалдар құралдардың дайындау сапасының нашарлығы әсерінен пайда болады. Үлкен әсерді шкаланы градирлеу және құралдарды кезеңдік тексеру тигізеді. Осы жүйелік қателіктерден басқа әр түрлі кездейсоқ факторлармен байланысқан кездейсоқ қателіктер пайда болады. Сондықтан, құралдар қателігінің тек қана жеке емес, олардың қосындысын қарастыру керек.
Қалыпты жағдайда tв20С°; ауа ылғалдығы 80%; р=1.01325·105Н/манықталған қателіктер қосындысын құралдың негізгі қателіктері деп атайды.
Құралдың қателіктері абсолюттік және салыстырмалы болады.
Өлшеу құралының абсолюттік қателігінде в=ү(хидшамасы алынады, мұнда хи- құрал көрсеткіші; хд-анық тәсілімен өлшеніп алынған шаманың нақты мәні. Салыстырмалы қателік вотн= ү(хид) /100/ хд.
Өлшеу диапозоны деп - құралдың қателігі орнатылған көрсеткіш диапазонының бөлігі алынады. Өлшеу диапозоны құралдың маңызды сипаттамасы болып табылады. Егер өлшеу шкаласы 0-ден N -ға дейін өзгерсе онда қүралдың сипаттамасында диапазонды 0....N шектерінде көрсетеді. Өлшеудің 0-ге дейінгі төменгі шегі бар құралдар қатарында өлшеудің жоғарғы шегінен 0.....25% арасында қателігі болады. Сондықтан көптеген құралдарда өлшеудің төменгі 0-дік шегі жоқ, мысалы 100....1000 Н/м2. Құбырларды жүктеуге болмайды бірақ кейбір құралдар жүктеуді шыдайды. Бірақ уақыт өтуі мен өлшеудің жоғарғы шегінде қателік өседі.
Құралдың басқа сипаттамасы оның сезімталдығы болып табылады. Яғни есептеу құралының өлшенетін шаманың өзгеруін сезу қасиеті; құралдың сезімталдығы ретінде құралдың көрсеткішінің өзгеруін келтіретін ең аз өлшенген шама мәнін алуға болады.
Құралдың негізгі сипаттамасы оның дәлдігі. Ол қателіктер қосындысымен сипатталады. Өлшеу құралдары дәлдік кластарына бөлінеді.
Тұрақтылық – бүл есептік құрылғының бір шама көрсеткішінің қамтамассыз ету қасиеті. Уақыт өтуімен материалдың ескіру нәтижесінде құрал көрсеткіштерінің тұрақтылығы бұзылады. Құралдың тұрақтылығы көрсеткіштіңтүрленуімен анықталады. Сондықтан тұрақтылықты орнату кезінде мүмкіндіктік түрленудің Wд шамасын қалыптандырады. Өйткені, түрлену (варияция) бір белгімен қабылданады, ал мүмкін болатын қателіктерде теріс және оң мәнді болады, онда Wд = 0,5 вдмұндағы вд - құралдың теріс қателігі.
Барлық өлшеу құралдарына белгілі бір мөлшерде магниттік өріс әсер етеді. Сондықтан электр өлшеуіш құралдар қатары магниттік өріс әсерінен және электростатикалық құбылыстардан қорғануы керек. Арнайы метрологиялықәдебиеттерде 1 -ші және 2-ші категориядағы қорғаныс сызбалары шығарылған.
Соңғы жылдары әр түрлі үрдістерді зерттеу кезінде электрлік, электрондық, жиіліктік радиоизотоптық құралдар кең қолдана бастады. Мұндай құралдар ережеге сай шаңнан, вибрациядан газ және жарықтан қосымша қорғанысты қажет етеді. Осындай қорғаныстың болмауы мүмкін мөлшерден асатын қателіктер туғызуы мүмкін.
Өлшеу құралдарын тексеру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет