Интернет Екі желіні қосқан кезде желіаралық одақ құрылады да, ол интернет деп аталады. Қысқаша айтқанда интернет сөзі желі дегенді білдіреді, екі не оданда көп бір-бірімен байланысқан желілерден тұратын.
Бірақ, Интернет сөзінің кең мағынасы бар. Қазіргі кезде дүниеде жүздеген мың үлкен және кішігірім желілер бар. Олардың көбісі қосылған. Міне осылай біріңғай ақпаратты дала құрылды, милиондаған бір-бірімен байланысқан компьютерден тұратын. Бұл жалпыға бірдей ақпаратты кеңістікті Интернет деп атайды. Ең қарапайым интернеттің анықтамасы: Интернет – бұл желілердің желі.
Интернеттің физикалық құрылымын әртүрлі компьютерлер құрайды.Олардың ішінен әрдайым желіге қосылған және мәліметтерді беруде,желілер арасында , іс атқаратындарды – серверлер деп атайды.
Көптеген серверлер бір-бірімен бағдарлама бойынша сәйкес келмейді, бірақ бұған қарамастан жүйе функционалды жұмыс істейді, себебі әр сервер стандартты мәліметтерді беретін протоколды – ТСР/ІР қолданады.
Бұл протоколдың құрылуы және енгізілуі интернеттің туған күні болып есептеледі.
Протоколға сәйкес ТСР/ІР бүкіл мәліметтер, ақпаратты далада айналатын, үлкен емес блоктарға бөлінген және әр пакетке салынған. Әр пакет ішіне енгізілген мәліметтерден бөлек, өзінде тақырыпшалы 20 байт ұстап тұрады. Үлкен емес көлеміне қарамастан, бұл тақырыпша өзінде берушінің мекен жайы, алушының мекен жайы т.б. ақпаратты құрайды. Пакеттер бір серверден екіншісіне өтеді, ал одан кейін алушыға жақын серверге беріледі. Егер пакет дұрыс берілмесе, онда беру қайталанады. Теория жағынан мүмкін, әртүрлі пакеттер бір хабарламаның әртүрлі жолдармен кетеді, бірақ алушының мекен жайына екеуіде жетеді. Мүмкін, кейбір пакеттер бір құжаттың, Англиядан Австралияға жіберілген, жерді шығыстан батысқа қарай немесе батыстан шығысқа қарай айналып баруы мүмкін.
Біріңғай Интернеттің ақпарат кеңістігін мысалға радиоэфирмен немесе телеэфирмен салыстыруға болады, тек бұл эфирде ақпарат сақталуы мүмкіншілікке ие. Пакеттерге бөлінген, ол серверлер арасында айналып кейбір уақыт аралығында соларда сақталады.
Интернет уникалды ерекшелікке ие. Оның жұмысында көптеген компьютерлер қатысса да, дүниеде танылған, оның көрінетін организациясы жоқ. дүниежүзілік желі жұмысына жауынгер не адам, не мекеме жоқ. Басқа сөзбен айтқанда Интернет байланыс түрі ретінде ойлаған, және атом бомбалауын өтей алады. Интернет тірі организм сияқты өзін дамытады.
Дүниежүзілік желінің кез-келген бөлімінің істен шығуы болса, ақпарат пакеттері автоматты түрде бұл аймақты сырттан етеді. Еуропа және Америка арасындағы бүкіл кабельдерді кессек те, серверлер ақпаратты спутник байланысы немесе радиожелілік станциялар арқылы жіберіледі. Бүкіл ақпараттардың қозғалысын тек ТСР/ІР бақылайды, ол интернетте жұмыс істеп жатқан әр компьютерде орналасқан.
Клиенттерден серверге пакеттерге бөлінген сұраулар жіберілсе, серверлерден клиентерге – сұраған мәліметтер жіберіледі. Әр пакеттің жолын бастау мүмкін емес, сондай-ақ ол кімге керек. Біз Москвадан Санкт-Петербургке хат қалай баратынын білмейміз. Ол не ұшақпен, не теміржолмен жеткізілуі мүмкін. Бізге қозғалу жолы керек емес, бізге жіберудің нәтижесі маңызды боп келеді.
Патентті ақпарат
Негізгі ұғымдар
Өнертабыстың халықаралық классификациясы
Патентті фондта іздеудің жүргізілу реті
Негізгі ұғымдар
Патентті информацияның заңды және ғылыми техникалық негізі бар. Патент жүргізу жаңалықтар мен өнертабыстың заңмен қорғалу сұрақтарымен айналысады.
Авторлық заңмен қорғалады.
Өндірісте қолданылатын ой еңбегінің нәтижелері өндірістік және интеллуалды меншік деп аталады.
Жаңалық ашу біліктілікке түптік өзгертулер енгізетін бұрыннан болған объективті заңдылықтарды орнату. (бұл анықтау археологиялық, палеонтологиялық, географиялық, пайдалы қазбалар, соның ішінде мұнай және газ кен орнын ашуда қолданылмайды).
Өндірістік меншік өнертабыстарға, пайдалы моделдерге, өндірістік үлгілерге бөлінеді.
Өнертабыс – оң нәтижелі әсері бар жаңа, нақты айырмашылықтары бар есептің техникалық шешімі.
Өнертабыстар шартты түрде бес бөлімге бөлінеді:1 және 2 жақсартулар және техникалық шешімдер; 3 бөлім орта, 4 және 5 техниканың және ғылымның дамуында принципиалды жаңа сатылар ашатын өнертабыстар (өнертабыстардың жалпы санының 10 % аспайды).
Пайдалы модель – кеңістіктік формасы бар құрылғыға қатынасы бар салыстырмалы түрде техникалық есепке жаңа шешімі бар модель.
Өндірістік үлгіге өндіріс жолымен жасалған, көркем қасиеті бар өндірістік өнімнің сыртқы түрі жатады.
Тауарлық белгілер және фирмалық атаулар интеллектуалдық меншікке жатады.
Тауарлық белгі жарнамада немесе тауарда қолданылатын, берілген тауарды бірдей тауарлардан айыратын белгілер.
Патентті информация ғылыми техникалық информация көзі мынаған ие:
Оперативтікке (әдетте басқа информациялық материалдардан бұрын)
Нақтылыққа (мәліметтерді мемлекеттік патенттік экспертиза тексереді)
Толық мәліметтерге (жаңалықтың немесе өнер табыс мағынасы ашылады, патентті құжаттардың нумерацияысы қолданылады).
Патентті информацияның негізгі ғылыми техникалық бағалығы
Патентті заңдылықтарға сәйкес дұрыс емес мәліметтерге ие болмайтын және жаңалығымен бөлектенетін өнертабыстың сипаттамасы болады.
Сондықтан патентті информацияны дұрыс қолдану шешілген мәселелерді ескеріп әлемдік үздік үлгілер қатарында жаңа өндірулерді жасауға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес ғылыми зерттеу жұмыстарынан бұрын патентті зерттеулер жүргізу қажет. Бұл іздеуді, жинауды, анализді және патентті информацияны мақсатпен қолдануды біріктіретін кешенді жұмыстар.
Патентті документтеу деп әртүрлі елдердегі жаңалықтар, өнертабыстар, өндірістік үлгілер, пайдалы модельдер, тауарлық белгілер туралы мемлекеттік органдардың баспаларын атайды. Мәліметтер библиографиялық, реферативтік немесе толық түрде беріледі.
Патентті әдебиетке патентке, патентті құқықтық, патентті лицензиялық, патентті информациялық және өнертапқыштық іскерлігіне байланысты сұрақтарға арналған әртүрлі баспалар (мақалалар, брошюралар, кітаптар, журналдар , т.б) жатады.
Патентті мүмкіншілік мемлекеттің заңы негізінде техникалық шешімнің өнертабыс ретінде қорғалу қасиеті.
Патентті тазалық патенттің мемлекетте жұмыс істеп тұрған патенттерді бұзу қаупінсіз қолдануға болатын патенттің құқықтық қасиеті.
Информацияның көзі болып әлем мемлекеттерінің патентті ведомстволарының бюллетендері, өнертабыстың сипаттамалары, өнертабыстар туралы реферативті информациялар, қолданысқа енген өнертабыстар туралы мақалалар, жарнамалық материалдар, халық шаруашылығының сапалары бойынша информация патентті зерттеулер туралы есеп берулер.
Өнертабыстың сипаттамасына (патентті сипаттамасы) техникалық информациямен қатар құқықтық қорғаныс көлемін анықтайтын элементтер кіреді.
Өнертабыстың халықаралық классификациясы
Өнертабыстың халықаралық классификациясы халықаралық патентті классификация (1954) туралы Европалық конвенция жағдайына сәйкес құрылды. ӨХК техника мен ғылымның дамуына сәйкес жақсартылу үшін периодты түрде қарастырылады. Әр бес жыл сайын ағымдағы тіркеудегі құжаттарды индекстеу үшін ӨХК нің кезекті редакциясы шығады. ӨХК ні енгізетін мүше әлемдік интеллуалдық меншіктік бөлімнің халықаралық бюросы.
ӨХК білімнің барлық облысын қамтиды. ӨХК нің информациялық іздеу тілінде алфавитті цифрлі нотацияға ие нақты тілдің сөздері, сөз тіркестері қолданылады.
ӨХК де материалды өндірістің барлық ауданын бөлімдерге, кластарға, кіші кластарға, группаға және кіші группаға бөледі.
Бірінші классификациялық қатар А дан Н дейінгі әріптермен белгіленетін 8 бөлімшелерден тұрады.
Бөлімше индексі бөлімше индексіне және екі саннан тұратын кластан тұрады. Мысалы А 01.
Әр кіші клас рубрик деп аталатын бөліктерден тұрады.
Патентті фондта ӨХК ні, әртүрлі сілтемелерді және таблицаларды біріктіретін анықтамалық іздеу аппараты бар.
Аталған сілтемеден басқа ағымдағы патенттік құжаттың библиографиалық мәліметі бар, нумерациялық (сипаттау құжат номері бойынша), систематикалық (сипаттаулар классификация жүйесі индексі бойынша), есімдік (сипаттаулар патент иесі немесе арыз беруші есімі бойынша), патент аналогтық (яғни әртүрлі мемлекеттерде бір өнертабысқа берілген патенттер) сілтемелер бар.
Өнертабысты классификациялау жүйесінің индексіне сәйкес таблицалар әртүрлі классификацияларда бірдей рубриктерді орнатуға көмектесетін материал болады. Әдетте ӨХК сәйкестік таблицасын бір мемлекеттің өнертабыс сілтемесіне және керісінше қолданылады.
Патентті фондта іздеу жүргізудің тәртібі
Сұрағына байланысты патентті іздеулер келесі түрде болуы мүмкін:
Тематикалық (пәндік) өнертабыстың сипаттауының ізденісі берілген тематикаға сәйкес
Есімдік (фирмалық) іздеу патент иесі немесе өнертабыс есісі бойынша
Нумерациялық өнертабыс сипаттамасы авторлық құжаттар, патенттер, арыздар номері бойынша
Патент аналог іздеулері өнертабыс сипаттауы туыстық тәуелділікке байланысты алынады.
Патенттік құқықтық мемлекеттегі құқықтық ережелер мен патент мерзімі бойынша.
Патенттік фондта іздеу жүргізу мемлекетің патент фондының ұйымдық ерекшелігіне тәуелді.Әдетте алғашқы уақытта тематикалық (пәндік) іздеу жүреді. Оны мемлекеттердің патенттік бюллетендерін қараудан бастаған дұрыс. Егер іздеу АҚШ, Ұлыбритания, Франция, ГФР, Швейцария, Жапония бойынша болса «поиск», «Изобретения в СССР и за рубежом» атты реферативті баспаларды қарауға болады. Бұдан кейін есімдік (фирмалық) іздеу сәйкес мемлекеттерде патентті ведомстволарда шығатын есімдік сілтемелер негізінде жүреді. Ескеретін жайт, кейбір мемлекеттерде есімдік сілтемелерге тек патент иесі фирмалар енгізіледі.
Нумерациялық іздеуді авторлық құжаттың номері белгілі болса жүргізуге болады.
Патентті құқықтық іздеу мемлекеттік патенттік бюллетендердің сәйкес бөлімдері бойынша және жалғыз патент иесі қолданатын жұмыс істеп тұрған патент тізімі бойынша жүреді. Мысалы ЦНИИПИ жұмыс істеп тұрған патенттердегі өзгерістер туралы систематикалық түрде анықтамалық информациялық бюллетень шығарады, ал ВПТБ да Ұлыбританияда, ГФРда, Швейцарияда, АҚШта ,Бельгияда, Венгрияда, Данияда, Үндістанда, Голландияда, Польшада, Финляндияда, Швецияда патенттер мерзімінің өзгеруін тіркейтін картотека жүргізіледі. Патентті құқықтық іздеу жүргізгенде қорғалатын документтің басталуы және аяқталуы белгілі бір мемлекеттің заң жүйесінен анықталатынын және әртүрлі мемлекеттерде ол әртүрлі болатынын ескеру керек.
Ғылыми құжаттар мен баспалар
Ғылыми құжат
Алғашқы құжаттар
Кейінгі құжаттар
Әмбебап ондық классификация (УДК)
Ғылыми құжат
Ғылыми құжат дегеніміз информациялық өнімдер мен қорларды сандық жағынан сипаттайтын структуралық бірлікті айтады және бұл техникалық информацияны сақтап, оған ие болатын материалды объект.
Информацияны ұсыну түрлеріне қарай құжаттар келесі түрде болады:
Тексттік (кітаптар, журналдар, отчеттар, т.б.);
Графикалық (сызбалар, схемалар, диаграммалар);
Аудиовизуалды (үнтаспалар, кино, видео фильмде);
Машина оқитын (дискеттер, СD) және т.б.
Бұдан басқа құжаттар мынадай болады:
Алғашқылар (ғылыми зерттеу нәтижелері бар, жаңа ғылыми хабарлар немесе атақты идеялар мен факттардың жаңа түрі бар құжаттар)
Кейінгілер (бір немесе бірнеше құжаттардың немесе олар туралы мәліметтердің аналитикалық, синтетикалық, логикалық өңдеулері бар құжаттар).
Алғашқы және кейінгі документтер жарияланған, жарияланбаған болып бөлінеді. Информациялық технологиялардың дамуына байланысты бұл бөліну азайып келеді. Жарияланған құжаттарда жоқ, ал жарияланбаған құжаттарда бағалы информацияның болуына байланысты ҒТЗ мүшелері бұл құжаттарды ең жаңа қайта өңдеу құралдарымен таратуға ұмтылады.
Алғашқы құжаттар
Алғашқы құжаттар қатарында кітаптар (көлемі 48 беттен асатын периодты емес тексттік басылымдар) және брошюралар (көлемі 4 беттен асатын, бірақ 48 беттен көп болмайтын периодты емес тексттік басылымдар).
Кітаптар және брошюралар ғылым салалары және ғылыми пәндер бойынша, ғылыми, оқытушы, тегін және тегін емес болып бөлінеді.
Кітаптар және брошюралар ішінде бірнеше авторы бар, бір проблема немесе тақырыпты жан жақты зерттеуі бар монографияның, бір немесе бірнеше авторлар шығармасы бар ғылыми жұмыстар жинақтарының, рефераттар және әртүрлі маңызды, ғылыми материалдар мәні ерекше.
Оқыту мақсатында оқулықтар және оқыту құралдары (оқыту баспалары) басылады.
Маңызды басылымдар мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдар, орындар, ведомстволар атынан шығарылады. Оларда құқықтық нормативтік немесе дерективті материалдар болады.
ҒТЗ жылдамырақ қоры болып әр жылға тұрақты номермен, белгілі бір уақыттан кейін шығатын мерзімді басылымдар болып саналады. Олардың әдеттегі түріне газеттер, журналдар жатады. Периодты баспаларға материал толуына байланысты белгісіз уақыттан кейін шығатын үздіксіз баспалар да жатады. Әдетте бұл нақты периодсыз шығатын институт, ЖОО, ғылыми қоғамдардың ғылыми еңбек жинақтары. ҚазҰТУ да «Вестник КазНТУ» атты ғылыми еңбек жинақтары шығарылады.
Мұнай газ бөлімі мамандарына келесі баспалардың маңызы бар:
Нефть и газ Казахстана;
Нефть и газ;
Нефть и капитал;
Нефть и газовые технологии;
Нефтегазовая вертикаль;
Нефтяное хозяйство;
Нефть, газ и бизнес.
Техникалық баспалардың арнаулы түрлеріне шығатын өнім сапасын (стандарттар, ережелер, методикалық нұсқаулар) және техникалық сатысын реттейтін нормативті техникалық документтеуді жатқызады.
Стандарт жауапты органмен бекітілген және объектке норма жиынтығын, ережелер, талаптар қоятын нормативті техникалық құжат.
Қазақстан Республикасында үш стандарт категориясы жұмыс істейді:
Мемлекеттік (МЕСТтер)
Салалық (ОСТ)
Ұйымдар стандарты (СТП).
Ғылыми зерттеу жұмыстары үшін шығарушы құқығы туралы мәліметтері бар және жаңалықтар, жаңа заттар, өндірістің басқа да түрлері туралы мәліметі бар патентті құжаттардың (документтеудің) маңызы көп. Патентті документтеудің жоғарғы нақтылығы бар, өйткені ол жаңалығына және пайдалылығы үшін тиянақты экспертизадан өтеді.
Жарияланбайтын алғашқы құжаттарға ғылыми техникалық отчеттар, диссертациялар, қолжазбалар, ғылыми аудармалар, конструкциялық документтеу, семинарлар, симпозиумдар, ғылыми техникалық конференциялар туралы хабарламалар жатады.
Кейінгі құжаттар
Кейінгі құжаттар түрлері:
Анықтамалық;
Шолушы;
Реферативті;
Библиографиялық.
Анықтамалық құжаттарда (анықтамалар, сөздіктер) өндірістік материалдар, теориялық жалпылаудың әртүрлі нәтижелері болады.
Шолушы құжаттарда бір уақыт аралығында алғашқы мәліметтерден таңдау, схематизация және логикалық жалпылау нәтижесінде алынған концентрленген информация жатады.
Шолушы құжаттар аналитикалық (информацияға баға беріп, пайдалану туралы ұсынысы бар) және реферативті (сипаттауы басым). Реферативті басылымдарда (реферативті журналдар, жинақтар) алғашқы құжаттың қысқартылған түрі немесе оның нақты мәліметтері мен қорытындылары бар бөлігі болады. Реферативті журнал бұл карталық немесе журналдық формалы периодты баспа.
Жарияланбайтын кейінгі құжаттарға тіркелген және информациялық карталар, диссертациялардың тіркеу карточкалары, аудармалар нұсқаулары, «Конструкторская на нестандартные оборудования» картотекалары, информациялық хабарламалар жатады.
Әмбебап ондық классификациясы (ӘОК)
Құжаттарды реттеудің әдеттегі түрі болып библиотекалық, библиографикалық түрі саналады. Көбірек таралғаны Әмбебап ондық классификациясы. Ол Халықаралық Құжаттау Федерациясының меншікті және онымен 50 ден астам мемлекетте қолданылады.
КСРО да ӘОК 1963 жылдан бастап барлық баспаларды нақты, ғылыми және техникалық классификациясына қарай жалғыз жүйе ретінде қабылданды. ӘОК әрі қарай дами алатын, информацияны тез тауып бере алатын, құжаттардың мазмұнын толық бере алатын халықаралық әмбебап жүйе.
ӘОК бөлектік қасиеті: ол барлық білім салаларын қамтиды, кластарға бөлудің шексіздігі, араб әріптерімен жазу мүмкіндігі, анықтау жүйесінің дамыған жүйесі.
ӘОК негізгі және көмекші таблицадан тұрады. Негізгі адамдардың білімін жүйелерге келтіретін ұғымдармен оған сәйкес келетін индекстерден тұрады.
ӘОК негізгі таблицасын бөлу келесі кластардан тұрады:
0 – жалпы бөлім. Ғылым. Кәсіпорын. Ой жұмысы, таңба және символдар .Құжаттар және басылымдар;
1 – Философия;
2 – Дін;
3 – Экономика. Еңбек. Құқық;
4 – 1961 жылдан бері бос;
5 - Математика. Нақты ғылымдар;
6 - Қолөнер ғылымы. Медицина. Техника;
7 - Өнер. Фотография. Музыка;
8 - Тілтану. Филология. Көркем әдебиет. Әдебиеттану;
9 - Өлкетану. География. Биография;
Әр клас он бөлімшеге бөлінетін он бөлімнен тұрады және т.б. Қолайлы болу үшін индексті оқығанда солдан оңға қарай әр үш саннан кейін нүкте қойылады (оқығанда ол оқылмай, паузамен көрсетіледі.)
Мысалы:
622.276- Мұнай кен орындарын игеру,
622.276.5 – Өндіру түрлері,
622.323 – Мұнай өндіру,
622.279 – Газ өндіру.
Тәжірибе және метрология негізі
Тәжірибенің жіктелуі
Тәжірибені дайындау
Тәжірибені орындау
Өлшеулер нәтижелерін графикалық өңдеу әдістері
Ғылыми зерттеудің негізгі құрамды бөлімі тәжірибе болып табылады. Оның негізі ─дәл анықталатын және басқарылатын талаптары бар ғылыми сынақ болып табылады.Тәжірибе сөзінің өзі латын тілінің experitnenium – сынақ деген мағына. Тәжірибе – бұл сынақтарды ғылыми жүргізу және зерттелетін құбылысты дәл анықталатын талаптарда, яғни құбылыстың жүруін бақылайтын және оны талаптар қайталанғанда қайта жүргізуге болатын талаптарда бақылау.
Өз алдына тәжірибе сөзінің түсінігі белгілі бір құбылысты жүзеге асыру мақсатында мүмкіндігінше жиі жағдай жасауға бағытталған әрекет, яғни басқа құбылыстармен қиындатылмайтын.
Тәжірибенің негізгі мақсаты зерттелетін объектілердің қаситтерін анықтау және гипотезалардың дұрыстығын тексеру және осының негізінде ғылыми зерттеу тақырыбын кең және терең зерттеу.
Тәжірибелердің жіктелуі
Ғылымның әр түрлі саласында жүргізілетін тәжірибелер:химиялық, физикалық, биологиялық, психологиялық-әлеуметтік және т.б. болып бөлінеді.Олардың:
Шарттарды құрастыру әдісі бойынша (табиғи және жасанды);
Зерттеу мақсаты бойынша (өзгеретін, бақылайтын, іздейтін, есептейтін);
Орындауды ұйымдастыру бойынша (зертханалық, табиғи, өндірістік және т.б.);
Зерттелетін объектілерінің құрылысы бойынша (қарапайым, күрделі);
Зерттелетін объектіге сыртқы әсердің сипаты бойынша (энегетикалық, ақпараттық);
Тәжірибелік зерттеу затының зерттелетін объектімен өзара байланысу сипаты бойынша (қарапайым және модельді);
Тәжірибелерде зерттелетін модельдер түрі бойынша (материалдық және ойдағы);
Бақыланатын шама бойынша (пассивті және активті);
Түрленетін факторлардың саны бойынша (бір факторлы және көп факторлы);
Зерттелетін объектінің немесе құбылыстың сипаты бойынша (технологиялық және әлеуметтік) және т.б ерекшеліктері бар.
Әрине жіктеуге басқа да белгілерін қолдануға болады.