4) В3 - «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таны- стырылым бойынша реф- лексия Топтық таныстырылымға қатысу тура- лы есеп (өз пәнін беруі, не үйренді және осы тапсыр-
ма бойынша бойынша пікірлері) (1000 сөз).
5) С - Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексив- тік есеп Тізбектелген сабақтар топтамасы жайлы рефлексивтік есеп (Оқу мен оқытуда өзгеріс енгізілгенін және
оның басқарылғанын растайтын тізбектелген
сабақтар топтамасын өткізу жолдары мен
әдістемесін бейнелейді) (2000 сөз).
Бағдарлама аясындағы үшінші (базалық) деңгей тыңдаушыларымен жұмыс
жұмыс істеу барысында рефлексивті есептерді формативті және суммативті бағалау
мүмкіндігі болды, сонда мен мынадай қорытындыға келдім. Мұғалімдер рефлексивтік
есеп жазу барысында келесі қателіктерді жібереді:
1. мұғалімдер плагиаттықпен айналысады: толығымен интернеттен басқа
адамның еңбегін көшіріп алады немесе ақпараттың қайнар көзіне сілтеме
бермейді;
2. мұғалімдер есеп тақырыбынан ауытқып кетеді немесе мағынасы бойынша
жазбайды;
3. мұғалімдер есепті аналитикалық тұрғыдан емес, сипаттама түрінде жазады,
көбінесе ҚАЛАЙ болғаны жайлы жазады, бірақ НЕГЕ олай болғанына жа-
уап бермейді;
4. мұғалімдер дәріптеуге бейім келеді, мектепте жұмыс үдерісі кезінде сәтсіз
болған жақтарын есепте көрсетпейді, сондықтан болашақта қалай
жұмыс
жасау керектігін айқындай алмайды;
5. мұғалімдер белгіленген сөз мөлшерін (санын) ескермейді: өте көп немесе
өте аз жазады;
6. мұғалімдер пайдаланған әдебиеттер тізімін көрсетпейді.
Ойланып көріңіздер, әріптестер, жоғарыда айтылғандардан құтылуымыз