Е.Е. ТУГЕЛЬБАЕВ, А.К. ИГИБАЕВА
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
Өскемен қ., Қазақстан
СТУДЕНТТІК ШАҚҚА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Мақалада студенттік шақ – балалық кезеңнің аяқталуы, балалықтан ересектікке
ауысуы қарастырылады. Балалардың ересектікке ауысу кезіндегі психологиялық
ерекшеліктері, эмоционалдық жағдайы, сонымен қатар берілген процестің педагогикалық
аспектілері сипатталған. Осы тақырыпқа байланысты ғалымдардың жұмыстары
талқыланып, қарастырылды.
Түйін сөздер: студенттік шақ, физиологиялық өзгерістер, тұлға қалыптастыру,
рефлексивті жаттығулар, бейімделу.
ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЕ ОПИСАНИЕ
СТУДЕНЧЕСКОГО ВОЗРАСТА
В статье рассматривается студенческий возраст, окончание детского периода,
переход с детского на подростковый возраст. Описываются психологические особенности
и эмоциональное состояние детей при переходном возрасте, а так же описаны
педагогические аспекты данного процесса. Были рассмотрены и проанализированы
труды ученых по данной теме.
Ключевые слова: Студенческий возраст, физиологические изменение,
формирование личности, рефлексивные упражнения, адаптация.
DESCRIPTION OF THE EDUCATIONAL
PSYCHOLOGY OF THE STUDENT AGES
The article deals with student age, the end of the childehood period, the transition from
childhood to the student age. We describe the psychological characteristics and emotional state
of children in the transition to adulthood, and as described in the pedagogical aspects of the
process. Also, works of scientists has been reviewed and analyzed on this topic.
Keywords: Students’ age, physiological changes, personality development, reflexive
uprozhneniya, adaptation.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің
жеке адамды дамытуды жетілдіруге және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап
көрсетілген.
XXI ғасырда әлемдегі өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Қазақстан
Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді,
бәсекелестік қабілеті мол, шығармашыл тұлға дамыту үшін қолайлы жағдайлар
жасау болып табылады.
Е.Е. ТУГЕЛЬБАЕВ, А.К. ИГИБАЕВА. 4 (72) 2016. Б. 279-287
ISSN 1683-1667
280
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Мұндай тұлға дамыту үшін қазіргі кезде білім ордаларындағы болашақ
әлеуметтік педагогтердің тәрбиесіне, оқу іс-әрекетіне тереңірек көңіл бөліп қарау
– болашағымыздың кепілі.
Студенттік жас – балалық кезеңнің аяқталуы, балалықтан ересектікке
ауысуы. Бұл кезеңдегі педагогикалық-психологиялық ерекшеліктер осы кезеңде
болатын бүкіл физиологиялық өзгерістермен тығыз байланысты. Студенттік
жастағы студенттің тұлға болып қалыптасуына тәрбие, оқу, жалпы білім жүйесіне
қатысты кез келген жетістіктер әсер етеді. Бірақ қазіргі заман университеттерінде
осы компоненттердің өзара қатынасы үнемі комплекстік тапсырма ретінде
түсіндірілмейді.
Маман дайындауда, ең алдымен, әрбір әлеуметтік педагогтердің жеке
тұлғасын қалыптастыру талап етіледі. Бұл ұзақ та күрделі процесс. Алайда, оның
негізі оқу-кәсіби мотивациясындағы ерекшеліктер барысында жетіледі.
Соңғы жылдары ТМД мен Қазақстанда орындалған ғылыми еңбектерге
жасаған талдау оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті бағыттарының
болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың теориясы мен практикасының
(Р.Ж. Ержанова, К.К. Жампейісова, А.В. Иващенко, А.П. Сейтешев,
А.Г. Казмагамбетов, Г.Ж. Меңлібекова, М.С. Молдабекова, А.А. Бейсенбаева,
А.А. Қалыбекова, Л.К. Керимов, Р.Г. Лемберг, Б.И. Мұқанова, В.В. Трифонов,
Г.А. Уманов, Г.Т. Хайруллин, Н.Д. Хмель, В.К. Шабельников, Э.И. Шнибекова,
Н.Н. Хан, А.Ж. Қайдарова, А.К. Игибаева, Н.А. Завалко және т.б.) байланыстырыла
отырып, қарастырылғанын көрсетеді. Жеке тұлғаның қазақ этнопедагогикасы
негізінде жан-жақты дамуының (К.Б. Жарықбаев, Р.К. Толеубекова,
Ә.Н. Көшербаева) ең маңызды жақтарын қарастырған.
Бірқатар зерттеулерде педагогтің кәсіби дайындығының заңдылықтары
(Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, Л.И. Рувинский, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков
және т.б.); педагогикалық іс-әрекет мәні және құрылымы (С.И. Архангельский,
Д.М. Гришин, К.М. Левитан, Н.А. Половникова, Т.С. Полякова және т.б.);
жалпы педагогикалық біліктердің қалыптасу әдістемесі (О.А. Абдуллина,
С.И. Кисельгорф, И.Т. Огородников, Л.Ф. Спирин, И.Я. Томин, Н.М. Яковлева
және т.б.); мұғалімді дайындауда жаңа тәсілдемелер іздеу (З.М. Большакова,
А.А. Вербицкий, В.И. Загвязинский, А.Я. Найн, М.М. Поташник, Л.Ф. Спирин,
В.А. Черкасов, А.И. Щербаков, Н.М. Яковлева және т.б.) нақтыланған.
Жоғары оқу орнында болашақ мамандарды кәсіби-педагогикалық іс-әрекет-
ке дайындау мәселесін О.А. Абдуллина, В.И. Андреев, Э.Ф. Зеер, Н.В. Кухарев,
Е.В. Ткаченко, А.В. Усова және т.б. шешкен. Маманның педагогикалық шеберлігін
зерттеуге (И.Я. Зязюн, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин, Н.Н. Тарасович,
Г.И. Хозяинов және т.б.) және педагогикалық техниканы жетілдіруге ерекше
көңіл бөлінген (Ю.П. Азаров, А.А. Кан-Калик, Л.И. Рувинский және т.б.).
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
281
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді сараптау кәсіби-педаго-
гикалық дайындықтың жоғары оқу орны студенттерінде қалыптастыруға
қажетті мынадай ең маңызды жақтарын бөліп қарастыруға мүмкіндік
береді: педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі компоненттері (Ф.Н. Гоноболин,
Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин және т.б.); зерттеу біліктері мен дағдылары
(О.А. Абдуллина, А.И. Щербаков, Н.М. Яковлева және т.б.); оқу процесінде
тәрбие міндеттерін шешуге даярлық (Н.Ф. Белокур, С.Е. Матушкин,
П.И. Чернецов және т.б.); шығармашылық педагогикалық іс-әрекетке даярлық
(К.А. Абульханова-Славская, Ю.П. Азаров, А.А. Вербицкий, В.А. Кан-Калик,
Ю.И. Кулюткин, Н.В. Кухарев, Г.С. Сухобская және т.б.); педагогикалық
сараптама, өз педагогикалық іс-әрекетінің рефлексиясын жасау қабілеттілігі
(Ю.А. Конаржевский, Г.Н. Сериков, В.А. Черкасов, Т.И. Шамова және т.б.).
Студенттік даму кезеңі, жасөспірім шақпен сәйкес келгендіктен, осы
жасқа тоқталуға болады. Жасөспірім кезеңнің негізгі ерекшелігі – дамудың бар
жақтарын өзгерту. Осы кезеңде адамның өз беттілігі өмірге деген дайындығымен
анықталады. Мұнда жасөпірімнің дүниетанымы, кәсіби іс-әрекетті таңдауы
және тұлғаның азаматтылық маңыздылығын нақтылау аяқталады. Факторлар
әсерінен тұлғаның қоршаған адамдармен қатынас жүйесі және өзіне деген
қатынас өзгереді. Осы әлеуметтік позицияның әсерінен оның қоғамдық пайдалы
іс-әрекетке, оқуға деген қатынасы өзгереді. Белгілі бір болашақ мамандыққа
деген байланыс қалыптасады. Берілген кезең жасөспірімнің үлкендермен мінез-
құлықтың барлық аймақтарында тәуелсіздігін көрсетеді.
Жасөспірімнің өз көзқарасы бар, жасөспірімдер үнемі өз жетістіктерін
өсіріп, кемшіліктерін азайтып отырады. Өз құрдастарының арасында болуға
ұмтылыс, оларды белсенді түрде үлкендер арасынан өзі соған ұқсағысы келетін
адам іздейді. Бұл жерде идентификация туындайды.
Жасөспірім тұлғасының индивидуалды дамуы мен қалыптасуы бірінше
кезекте белсенді өзара әрекет, яғни қоршаған ортамен әрекеттесу нәтижесінің
арқасында болады. Жас есейе келе адам психологиялық дамуында әлеуметтік
фактордың әсері күшейе түседі.
Жасөспірімдік кезең тұлғаның өмір жолына, өзінің қандай жағдайға
жеткеніне, неге шамасы келетініне, дүниеде не үшін өмір сүріп, нені біліп, яғни
өз болашағына айрықша үңіліп қарайтын кезең деп түсіндіріледі.
Жасөспірімдік кезең жас ерекшелігі психологиясының зерттеу
мәселелерінің ең ауқымдысы болып табылады.
Жасөспірімдік шақ – жас ерекшелігі психологиясында жыныстық толысудан
басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму кезеңі деп аталады.
Жасөспірімдік кезең туралы теориялар көптеп кездеседі, оның ішінде
биологиялық теория: жасөспірімдікті нақ өсудің биологиялық үрдістері
Е.Е. ТУГЕЛЬБАЕВ, А.К. ИГИБАЕВА. 4 (72) 2016. Б. 279-287
ISSN 1683-1667
282
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
басқаларының бәрінен басым, олар организм эволюциясының белгілі бір
кезеңі деп қарайды; психологиялық теория: психикалық эволюцияның
заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар
аударады; психоаналитикалық теория: жасөспірімдік кезеңді психосексуалдық
дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі; әлеуметтанушылық теория: жасөспірімдік
кезеңді әлеуметтенудің белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес
те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды.
Жеткіншек шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты
адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл
сезім мен ой-тылсымдарын тануға бағытталған. Өзінің жеке өзара қайталанбас
өмір жолын субъективті сипатта өткере келе, адам баласы жаскезеңдік даму
заңдылығының ықпалына міндетті түрде тап болады. Жас сәби өз деңгейінде
жеткіншек, жасөспірім өзінің дәрежесінде қоршаған әлемді адамның жасаған
тарихи негіздерімен ашады: заттық және табиғи болмысты, әлеуметтік кеңістік
жағдайларын, олардың заңдарын, ережелері мен міндеттерін, жалпы адам іс-
әрекетінің әртүрлілігін таниды.
Жасөспірім шақта адам өзінің өмір сүруіндегі мәнділікті іздейді, өзінің
біртұтастылығын игеруге талпынады, басқалар арасында өз орнын табуға
тырысады.
Жасөспірім кезеңі 15-16,21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды.
Бұл кезең – адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы.
Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда
болады.
Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым-қатынасын қалыптастыруға (мен
қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым-қатынысқа, және де
моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам
өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын
табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипа-
тын басқа да ұғымдар толғандырады. Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен
зұлымдылықтың диапазонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай-
ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейірбандылықтан
зұлымдыққа, адамгершіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан
өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда
және қайта тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау –
өте күрделі рухани жұмыс.
Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт-бағдарының
құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс-әрекетін
балалық және ересек жаста анықтайтын, тарихи бекітілген нормативтермен
құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
283
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар
оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы
болуы тиіс.
Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып
бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да,
ол көп нәрсені білмейді, өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір
тәжірибесін білмейді.
Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс
қозады. Жасөспірімдік кезең – адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын
кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығуларға ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді.
Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады.
Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын
ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып, оны жолынан тайдыруы
мүмкін.
Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының
ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп-тамыры, жеткіншек жаста
қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген
қызығушылықтың күшеюі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте
жеткіншек жаста сақталады, бірақ олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы
түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады.
Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады.
Яғни өзін-өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге
талпынысы жатады.
«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің
өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?», міне осы сияқты сұрақтар
жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді.
В.С. Мухина теориясы бойынша, жасөспірім – ерте жастық шақ және
ересек жас арасындағы антогенетикалық нақтыланған адам өмірінің кезеңі,
бұл кезеңде адам тұлға ретінде қалыптаса бастайды. Адамның қашанда
болмасын онтогенетикалық күрделі жолдан өтуімен және оның нәтижесінде
тұлғаның әлеуметтік мәнді қасиеті, уайымы ортақтасуға қабілеттілігі ісінде
белсенді, адамгершілік қатынасқа өзіне және табиғатқа байланысты, сондай-ақ
конвенциялық рөл, норма қоғамдағы тәртіп ережелері тағы басқа қасиеттерді
менгеру болып табылады. Осы шақта идентификация даму механизмі
қалыптасады.
Филип Роистың «Психология подросткового и юношеского возраста»
деген кітабында: жасөспірімдердің өзінің уайым-қайғылары, ойлары, сезімдері
мен қызығушылықтары, арман-тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен
зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді
Е.Е. ТУГЕЛЬБАЕВ, А.К. ИГИБАЕВА. 4 (72) 2016. Б. 279-287
ISSN 1683-1667
284
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
ашады, субъективті уайымдарына, «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта
бастайды. Төмен жеткіншектерге қарағанда өз тұлғасына қызығушылығы,
жасөспірімдердің өзін-өзі тануы, өзіндік сана-сезімі белсенді және өз тұлғасын
өз-өзіне бағындыруы туа бастайды.
Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша, жасөспірімдердің жетілуі
жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімі
сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің
ортасы бөлек, олардың басқаға ұқсамауы және құрбылыстарымен ересек
адамдардың арасында ерекше болуы, әртүрлі бағытта өз-өзін көрсетуі және
өзінің өзіндігін бекітуі тән.
Жасөспірім кезеңі – жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза.
Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің
ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге,
үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзінің жеке басы мен өзінің
болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау
бағытталады.
«Жасөспірім» сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының
дамуын көрсетеді Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы
түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады,
осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады.
Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі
туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін
ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп
қарауына ұмтылады.
Психолог А.Г. Ковалев осы жастағы өзгешеліктің биологиялық әсері туралы
сұрақты ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу
жасөспірімнің эмоциялық қалпына беттесуі тұтас деп айтылса, онда оның
психикалық кескіні биологиялық фактормен анықталады.
В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен
айтқанда ерте жетілу – адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық
және азаматтық ересектік жетілу кезеңі.
Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14-15 жастан бастап 17-
18 жас аралығында) – өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен
оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық дамуы
ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан
айналымы жақсарады т.с.с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының
қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының
көтерілуі жойылады.
Жасөспірімдердің ерте жетілу кезеңдерінде орталық жүйке жүйесі
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
285
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
ересек адамдікімен теңеледі. Мидың салмағы мен көлемі және функционалды
белсенділігі ересек адамдардың ойлауынан қарағанда айырмашылығы болмайды.
Сонымен қатар функционалды жетілу жалғасып, осы кезеңде мидың
жетілуі ерекше морфологиялық және функционалдық дамуымен анықталады.
Л. И. Божович мектеп студенттерінен жасөспірімдерді бөліп көреткен. Ол
тұлғаның мотивациялық сферасының дамуына көңіл бөлген. Ішкі жан дүниесінің
позициясы мен өмірдегі жасөспірімнің алатын орнын, дүниетанымының
қалыптасуын, оның танымдық әрекетке әсерін, моральдық және өзіндік сана-
сезімін анықтайды.
«Жасөспірім – барлық қатынас жағынан ересек адам», – деп қарастырады
М.Ю. Красовицкий. Бірақ оларды толығымен жетілген адам деп айтауға болмай-
ды, сондай-ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі
белсенді жүреді. Мектеп пен ата-аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу-
танымдық және қоғамдық-саяси іс-әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық
борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр.
Л.И Рувинский., С.И. Хохлова еңбектерінде жасөспірім шақтың қоғамдық
жүйедегі көзқарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала
бастайды, бірақ та әлемге деген көзқарасын толығымен пайымдай алмайды.
Тек жасөспірімдерде философиялық ойлау әрекетінің қанағаттануы мүмкін
болса, пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі – оқудағы білім, тәртіп пен
информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер мен
үлкендермен қарым-қатынас.
Дүниетанымның
қалыптасуына
байланысты
жасөспірімдерде
экономикалық-саяси қоғам принциптерін өзгеше ойлап түсінуге ниеттенеді,
заңдылықтарды айқаралауға тырысады.
Тұлғаның психикалық дамуының әлеуметтік жағдайға байланысты
өзгеруі. Левин теориясына түзеу жасаған англиялық психолог Д. Бомберамның
айтуынша, жалпы «Био» және социогенетикалық тұрғыда Студенттің ең басты
психикалық факторлар әсерінен дамуын қарасырады. Д. Бомберам осы екеуінің
арасындағы психогенетиканы жазады; ең алдымен псизикалық даму процесін
алдына қояды, бұдан үш ағымды бөліп көрсетуге болады:
– эмоция мен мінез-құлық, жүріс-тұрыс жайлы ол психодинамикалық кон-
цепция деп аталады;
– интеллектуалдық және таным қабілеттеріне байланысты «когнитивті»
яғни танымдық немесе «когнитивті-генетикалық» болып бөлінеді;
– тұлғаның біртұтастай дамуына «персонологиялық», яғни персоналды
деп бөлінеді.
Қазіргі заманда студент психодинамикалық теорияның басталу өкілі
танымал американ психологі Э. Эриксон философия-методологиялық ұстанымын
Е.Е. ТУГЕЛЬБАЕВ, А.К. ИГИБАЕВА. 4 (72) 2016. Б. 279-287
ISSN 1683-1667
286
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Фрейдтік психоанализ дамуының жалғасын жасаған. З. Фрейд ойынша, дамудың
ең негізгі қозғалыс күші – тұлғаның биологиялық жыныстың қызығушылығы
(либидо), дәлірек айтқанда психосексуалды қақтығыстың тууы. Бірақта Эриксон
белгілі мөлшерде биология мен поксексуалдықтан ауытқыды. Эриксон барлық
өмір циклін сегіз фазаға бөліп көрсетті. Оның әрқайсысы – болашақта дамудың
қолайлы, қолайсыз жағын шешетін ерекшелік.
Осы сегіз фазадан Студенттің фазасы қарастырылады.
Студенттің де сезімінің екінші рет қайталанбас қалпы, ерекшелігі басқаға
ұқсамаушылық, сезімсіздік толқымалы «Мен», бұл фазаның даму белгісі –
«Ролевая моторика» (лат. Morotopium – кейінге қалтыру), пайдаланатын рөлдер
аясы кеңеле түседі. Бірақ та Студент рөлдерді шынайы және толығымен меңгере
алмайды, оны өзінше жасап көреді. Эриксон өзіндік сана-сезімді қалыптастыру
механизмін, жаңа уақыт сезімін, психосексуалды қызығушылығы, сондай-ақ
фотогенді процестер мен Студенттің дамуының көпжақтылығын көрсетті.
Студенттік кезең өзінің өмірлік әрекетіндегі қарама-қайшылық мәселе
сипаттамаларын ұғыну, өз өміріндегі проблематикалық сапаны бойына сіңіру
үшін өте синситивті кезең болып келеді. Осының арқасында адамның рефлексия
қасиеттері дамиды.
Рефлексия – бұл өзін-өзі терең танудың үздіксіз жолы. Жеке адамның өз
өмірінің белсенді субъектісі ретінде тану.
Себебі мұнда бірнеше элементтер кездеседі.
Студенттің бойындағы жеке даралық ерекшеліктерді анықтаудың өзі бір-
екі ғана қасиетпен сипатталмайды.
Өзіндік бағалауда жоғары сынып оқушысы өзін, өзінің жетістіктері мен
сәтсіздіктерін, өзінің қабілеттері мен мүмкіншіліктерін қалай бағалайтынын
көрсетеді.
Өзіндік бағалау басқа адамдарды бағалау ептілігімен негізделеді. Әдетте
мұндай сапалар сонау мектепке келгенге дейінгі кезеңдегі мінез-құлықтың
нормалары мен ережелерін меңгеру кезінде қалыптасады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Хрестоматия по возрастной психологии: учебное пособие для студентов / Сост.
Л.М. Семенюк / Под ред. Д.И. Фельдштейна. – Изд-ие 2-е. – М.: Институт практической
психологии, 1996. – С. 304.
2. Кулагина Н.Ю. Возрастная психология (развитие ребенка от рождения до 17
лет) / Н.Ю. Кулагина. – М.: Изд. «УРАО», 1997. – С. 40-69.
3. Эриксон Э. Идентичность: юность и кризис / Э. Эриксон. – М.: Издательская
группа «Прогресс», 1996. – С. 344.
4. Фельдштейн Д.И. Формирование личности ребенка в подростковом возрасте /
Д.И. Фельдштейн. – Душанбе: Дониш, 1973. – 140 с.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
287
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
REFERENCES
1. Hrestomatija po vozrastnoj psihologii. Uchebnoe posobie dlja studentov. Sost. L.M.
Semenjuk. Pod red. D.I. Fel’dshtejna . Izd.ie 2.e. M. Institut prakticheskoj psihologii, 1996,
304 (in Russ).
2. Kulagina N.Ju., Vozrastnaja psihologija. razvitie rebenka ot rozhdenija do 17 let. M.
Izd. URAO, 1997, 40, 69 (in Russ).
3. Jerikson Je., Identichnost’. junost’ i krizis. M. Izdatel’skaja gruppa Progress, 1996,
344 (in Russ).
4. Fel’dshtejn D.I., Formirovanie lichnosti rebenka v podrostkovom vozraste. Dushan-
be. Donish, 1973, 140 (in Russ).
UDC 81’1’373.611
Достарыңызбен бөлісу: |