10. Ластанған жұмыртқалар кейіннен өнеркәсіптік қайта өңдей отырып, жуылады. Жуылған жұмыртқалар тұтынушыға сатылымға жіберілмейді. Жуылған жұмыртқаларды сақтау мерзімі 12 тәуліктен аспайды. 11. Жарамдылық мерзіміне қарай тауық жұмыртқалары диеталық және асханалық болып жіктеледі. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін диеталық жұмыртқалар асханалық жұмыртқалар қатарына ауыстырылады, ал асханалық жұмыртқалар өнеркәсіптік қайта өңдеуге жіберіледі. 12. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінде сапасыздық белгілері болмауы тиіс: бұзылған және бөтен иісі (шіріген, иістенген, сасыған), өзіне тән емес түсі мен консистенциясы болмауы және химиялық заттармен, иондаушы сәулеленумен және ультракүлгін сәулелермен өңделмеген болуы тиіс. 13. Дайын өнімде бөтен қоспалардың (шыны, металл, жұмыртқа қабығының фрагменттері), қанды қосындылардың және жұмыртқа өңдеудің технологиялық құралдары мен жабдықтарының қалдық мөлшерінің болуына жол берілмейді. 14. Улы элементтердің (мырыш, кадмий, сынап, күшән), радионуклидтердің, ветеринариялық препараттардың, пестицидтердің және гендік инженерия өнімдерінің құрамын және микробиологиялық көрсеткіштерін бақылаудың тәртібі мен кезеңділігін өнім өндіруші өндірістік бақылау бағдарламасында белгілейді.