Регламенті «Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»


Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



бет7/13
Дата23.01.2022
өлшемі265,21 Kb.
#24221
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

  •  7. Жұмыртқалар ауыл шаруашылығы және үй жануарлары мен құстарының жұқпалы ауруларынан таза шаруашылықтардан (құс фабрикасынан, фермалардан) және әкімшілік аумақтардан алынуы тиіс.       8. Мынадай құстардан жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін алуға жол берілмейді:       ветеринариялық байқаудан өтпеген;       емдік және (немесе) алдын алу мақсатында ветеринариялық препараттар қолданылған құстардан, оларды қолдану жөніндегі нұсқауында көрсетілген құстардың ағзасынан олардың шығу мерзімі өткенге дейін, сондай-ақ өсіру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ветеринариялық препараттар қолданылған құстардан.       9. Жұмыртқаның қабығы таза, қан, саңғырық дақтарынсыз және зақымданбаған болуы тиіс. Қабығында тордың еденімен немесе жұмыртқа жинауға арналған тасымалдағышпен жұмыртқаның жанасуынан пайда болған бірлі-жарым дақтар, нүктелер немесе сызықтар болуына рұқсат етіледі.       Микробиологиялық және токсикологиялық көрсеткіштерін өзгерпейтін, шамалы бүлінген: жарылған, красюк, кепкен, бүйірі мыжылған жұмыртқалар өндірістік қайта өңдеуге жатады.       Әк ерітіндісінде сақталған жұмыртқалар, сондай-ақ тағамдық толыққанды емес мынадай жұмыртқаларды: «сынық», «жарылған», «төгілген», «кеуіп қалған», «бүйірі мыжылған», «аз ғана дағы бар» және мынадай техникалық ақаулары бар: «қанды сақинасы», «үлкен дағы», «красюк», «ағу анықталған», «қанды дағы», «тумак», «көгерген», «миражды жұмыртқаны» қолдануға болмайды.       Технологиялық үдерістің барлық кезеңдерінде жұмыртқа өнімдері оларға әр түрлі бөгде қосындылардың және қоспалардың түсуінен қорғалуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет