Регламенті «Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»


Жұмыртқаны және жұмыртқа өнімдерін буып-түюге және таңбалауға қойылатын талаптар



бет11/13
Дата23.01.2022
өлшемі265,21 Kb.
#24221
түріРегламент
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ансар сро

Жұмыртқаны және жұмыртқа өнімдерін буып-түюге және таңбалауға қойылатын талаптар

  • 22. Жұмыртқаны және жұмыртқа өнімдерінің ыдысына, буып-түюге және таңбалауға қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.       23. Таңбалауға арналған құралдар өнімнің сапасына әсер етпеуі тиіс. Таңба анық, жеңіл оқылатын болуы тиіс.       Жұмыртқаларды мөр соғу, шашып жағу әдісімен немесе таңбалаудың анықтығын қамтамасыз ететін басқа әдістермен таңбалайды. Атауын, санатын және сұрыпталған уақытын білдіретін санның және әріптердің биіктігі 3 миллиметрден кем болмауы тиіс.       Диеталық жұмыртқаларда жұмыртқа түрі, санаты, сұрыпталған уақыты (күні және айы), асханалық жұмыртқаларда - тек жұмыртқа түрі және санаты көрсетіледі.       Диеталық жұмыртқаларды таңбалау қызыл бояумен, асханалық жұмыртқаларды таңбалау - көк бояумен жүргізіледі.       24. Әрбір тұтынушы ыдысының буып-түю бірлігіне өнімді сипаттайтын таңбалар қойылады:       1) өндірушінің атауы және орналасқан жері (заңды мекен - жайы);       2) өндірушінің тауарлық белгісі (болған жағдайда);       3) құс түрі көрсетілген жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің атауы;       4) жұмыртқа санаты;       5) орамдағы жұмыртқа саны;       6) жарамдылық мерзімі және сақтау шарты;       7) сақтау мерзіміне қарай жұмыртқа түрі (диеталық, асханалық) және олардың сұрыпталған уақыты (күні және айы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет