кезеңнің аяқталуы бойынша, аралық аттестация кезінде өткізілетін білім
алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру; қорытынды бақылаудың өткізілу
формасы емтихан болып табылады: ауызша, жазбаша, тестілеу.
Назар аударыңыз!!! Бақылаудың барлық түрі, оладың тапсырылу
уақыты силлабуста көрсетілген. ПОӘК-нде рубежді бақылау мен емтиханға
дайындалу үшін сұрақтар берілген.
Студенттің келмеген барлық сабақтары оқытушы белгілеген уақытта
өтелуі тиіс. Семестрлік рейтинг қойылғаннан кейін келмеген сабақтарды
өтеуге студент жіберілмейді!!!
Білім алушылардың барлық оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырма
үшін 100 балдық шкала бойынша бағаланады (сабақтағы жауап, үй
тапсырмасын орындау, бақылау жұмысын орындау және т.б.), аттестация
бойынша жұмыстардың түрлеріне барлық бағалардың қорытынды есебі орта
арифметикалық есептеумен жүргізіледі.
Емтиханға 50 %-дан кем емес семестрлік рейтинг алған студенттер ғана
жіберіледі.
Назар аударыңыз!!! Студент емтиханға пән бойынша келесі себептер
бойынша жіберілмеуі мүмкін:
1. Курстық жұмыстың (жоба) орындалмауы және қорғалмауы;
2. Төмен семестрлік рейтинг (ең жоғарғы семестрлік рейтингтің 50 %-нан
кем болғанда);
3. Оқу төлем ақысы бойынша талаптардың орындалмауы.
Бұған қоса оқытушы ведомостегі «баға» деген жолға «жіберілмеді» деп
жазады және бұл қанағаттанарлықсыз деген бағамен тең болып табылады.
13
Студенттердің білім нәтижелерін бағалау жүйесі
Әріптік жүйе
бойынша
бағалау
Балдардың
сандық
эквиваленті
%-дық
көрсеткіші
Дәстүрлі жүйе
бойынша
бағалау
А
А-
4,0
3,67
95-100
90-94
5 - «өте жақсы»
В+
В
В-
3,33
3,0
2,67
85-89
80-84
75-79
4 – «жақсы»
С+
С
С-
D+
D
2,33
2,0
1,67
1,33
1,0
70-74
65-69
60-64
55-59
50-54
3 – «қанағат-
лық»
F
0
0-49
2 – «қанағат-
сыз»
Назар аударыңыз!!!
Қорытынды
бақылау
түрі
бойынша
«қанағаттанарлықсыз» баға алған студент жазғы семестр кезінде немесе
келесі академиялық кезеңдерде ақылы түрде сол пәнді қайта өтуге және
тапсыруға құқылы.
Анықтамамен құжаттық дәлелденген себепті кейбір жағдайларда тіркеу
бөлімімен келісім бойынша деканның өкімімен жеке тәртіпте емтихан тапсыруға
рұқсат етіледі.
Семестр бойынша студенттердің сабаққа қатысу мониторингі өткізіледі. Топ
старосталары мен оқытушылар студенттердің сабаққа қатысуы туралы мәліметті ай
сайын деканатқа тапсырып отырады. Студент әрдайым сабаққа келмесе, пән
бойынша көп көлемде аттестацияланбаса университеттен шығарылуы
мүмкін.
Жазғы семестр ақылы негізде академиялық қарызы бар студенттерге, қайта
қабылданғанда, яғни академиялық демалыстан шыққанда жұмыс оқу
бағдарламасындағы пәндер бойынша айырмашылық болса, басқа ЖОО-нан, бір
мамандықтан басқа мамандыққа ауысқанда, жеделдетіп қосымша оқу үшін
ұйымдастырылады. Жазғы семестрдің ұзақтығы 6 аптаға дейін болады.
Студенттердің жазғы семестрде пәндерді оқуға жазылуын деканаттың және
эдвайзерлердің тартылуымен белгілі бір уақытта сабақ басталғанға дейін тіркеу
бөлімі жүзеге асырады. Студент емтихандық сессия аяқталғаннан кейінгі алғашқы
аптада тіркеу бөліміне арнайы түрде жазғы семестрге қатысу туралы өтініш береді.
14
Назар аударыңыз!!! Жазғы семестрде оқу ақылы болады. Жазғы
семестрдің ұзақтығы 6 апта, кредиттік көлемі 12-ден аспайды.
Студенттердің білімін бақылау жүйесін ұйымдастырудың барлық мәселелері
мен олардың нәтижелерін есептеумен тіркеу бөлімі айналысады.
Назар аударыңыз!!! Тіркеу бөлімінде әр факультетке бекітілген маман
әрқашан Сізге көмектеседі және кеңес береді. Тіркеу бөлімі 1-корпуста 130-
кабинетте (факультеттер: ГӘФ, ТҚФ, АТФ), 2-корпуста 108-кабинетте
(факультеттер: ЭФ, АБФ, ИТФ, ВМШТФ).
4.3 Академиялық қарыз
Қорытынды
бақылауға
студенттің
жіберілмеуі,
емтиханда
«қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы немесе дәлелсіз себептермен емтиханға
келмеуі нәтижесінде пайда болған студенттің қарызы академиялық қарыз болып
табылады.
Сессияның қортындысы бойынша академиялық қарыздары бар
студенттер оқытудың кредиттік технологиясында оқудан шығарылмайды.
Көшіру балын алған, бірақ академиялық қарызы бар білім гранттарының
иегерлері болып табылатын студенттер білім грантын жоймай-ақ, академиялық
қарызы бар пәндерді ақылы түрде қайта оқуға және тапсыруға тиіс.
Академиялық қарызды жою жазғы семестр кезінде немесе келесі курсқа
көшу үшін жеткілікті GPA балын алғанда келесі семестрлерде қосымша жүзеге
асырылады.
4.4
Келесі курсқа көшіру. Көшіру балын есептеу
Көшіру балының тиісті мөлшерін жинаған студенттер ректордың бұйрығымен
келесі курсқа көшіріледі.
Студенттің оқу жылындағы қорытынды үлгерім деңгейі пәндер бойынша
қорытынды бағалар мен кредиттердің алымының суммасының оқытудың ағымдық
кезеңдегі кредиттердің суммасына қатысы ретіндегі есептелетін GPA көшіру балы
түрінде бағаланады, яғни
n
n
n
K
K
K
U
K
U
K
U
K
GPA
...
...
2
1
2
2
1
1
, бұл жерде
K
1
, K
2
, ..., K
n
– оқылатын пәндердің кредиттік көлемі;
U
1
, U
2
, .., U
n
, – пәндер бойынша қорытынды бағалар (0-ден 4-
ке дейін);
n – оқу жылында оқылған пәндердің көлемі.
Егер GPA бекітілген балға сәйкес келсе, деканат қанағаттанарлықсыз бағалары
болса да студенттерді келесі курсқа көшіре алады: 1-курстан 2-курсқа көшу үшін
15
GPA көшіру балы 1,33-тен; 2-ші курстан 3-курсқа 1,67-ден; 3-курстан 4-курсқа және
келесі курстарға 2,00-ден кем емес болуы керек.
Семестр бойынша GPA есебінің үлгісі
№
Пән
Креди
ттер
көлем
і
Әріп жүйесі
бойынша
бағалау
Балдардың
сандық
эквиваленті
%
Дәстүрлі
жүйе
бойынша
бағалау
1
Экология және тұрақты
даму
2
С-
1, 67
60
3–
қанағат.
2
Информатика
3
В+
3.33
86
4-жақсы
3
Химия
3
А-
3,67
92
5-өте
жақсы
4
Қазақ тілі
3
С
2,0
67
3–
қанағат.
5
Физика
2
В+
3,33
86
4-жақсы
6
Математика
3
С-
1,67
63
3–
қанағат.
7
Биология
2
В-
2,67
77
4-жақсы
Барлығы
18
63
,
2
18
67
,
2
*
2
67
,
1
*
3
33
,
3
*
2
0
,
2
*
3
67
,
3
*
3
33
,
3
*
3
67
,
1
*
2
GPA
Бекітілген көшіру балын жинамаған студенттер қайта оқу курсына
қалады.
Қайта оқу курсына қалған студент бұрын қабылданған жеке оқу жоспары
бойынша немесе берілген тәртіппен жасалған жаңа жеке оқу жоспарымен оқуға
құқылы.
Курсқа көшіру балын алған және келесі курсқа көшірілген, бірақ
академиялық қарызы болған жағдайда сәйкес пәндерді ақылы түрде оқуы
және академиялық қарызын жоюы тиіс.
Білім беру гранттарының иегерлері болып табылатын студенттер
қайта оқу курсына қалдырылса, оқу грантын жоғалтады және оқуын ары
қарай ақылы негізде жалғастырады.
4.5
Студенттің оқудан шығарылуы
Студент университеттен келесі себептер бойынша шығарылуы мүмкін:
өз еркімен;
оқу пәнін меңгермегені (аттестациядан өтпеу, сабаққа келмеу), ішкі
o
тәртіп ережесін сақтамағаны (қоғамдық орында темекі шегу, ішімдік
ішкен күйде келу), жатақханада тұру тәртібін бұзғаны үшін; университет
16
Уставын бұзғаны үшін;
жеке ісін және оның маңызды құжаттарын тапсырмағаны үшін (ҰБТ
және КТ сертификаттары, аттестат, диплом және т.б.);
оқу төлем ақысы жөніндегі келісім-шартты сақтамағаны үшін;
басқа ЖОО-на ауысуы себепті.
Қорытынды аттестацияда (ҚА) «қанағат-сыз» баға алған үшін;
ҚА-ға келмеген үшін;
ҚА-ға жіберілмеген үшін.
4.6 Оқу төлем ақысы
Студент өзінің оқуының төлем
ақысын уақытымен төлеуге міндетті.
Оқуға «Центр Кредит» банкінің № 6 есеп-
касса бөліміне («Турист» қонақ үй
ғимараты),
сондай-ақ
осы
банктің
Қостанай
облысындағы
кез-келген
филиалына төлеуге болады. «Центр
Кредит» банкінің № 6 есеп-касса
бөлімінің жұмыс уақыты күнде сағат
9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс:
13.00-14.00, демалыс күндері – сенбі,
жексенбі.
Студент
бас
корпустың
133-
кабинетінен (бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің қаржылық тобы оқу төлем
ақысы бойынша кез-келген кеңес ала алады: Ахметқалиева Гүльнар Тлемісқызы).
Грант иегерлері болып табылатын студенттерге ақпарат
Назар аударыңыз!!! Стипендия алу үшін «Центр Кредит» банкінің төлем
карточкасын алуды рәсімдеу керек. Сол үшін «Турист» қонақ үй ғимаратының
«ЦентрКредит» банктің есеп-касса бөліміне келесі құжаттар ұсыну қажетті: 1) жеке
куәлік оригиналы (ИИН), 2) оқу орнынан анықтама
және 1-ші жыл қызмет жасаған үшін 600 теңге
көлемінде төлену керек. Одан кейін карточкамен,
жеке куәліктің көшірмесімен, мемлекеттік оқу
грантының тапсырылуы жөніндегі анықтамамен
қыркүйектің 20-на дейін бухгалтерлік есеп және
есеп беру бөліміне (бас корпустың 133-кабинеті, т.
39-06-18) 20 қыркүйекке дейін бару керек. Жеке
куәлікті
және
карточканы
ауыстырғанда
бухгалтерлік есеп және есеп беру бөліміне міндетті түрде хабарлау керек.
17
4.7 «Дене шынықтыру» пәні
«Қосымша оқу түрлері» циклы бойынша «Дене шынықтыру» пәні
міндетті пән болып табылады. Бұл пәннен сабақ 1, 2 курста аптасына 2 сағаттан 2
рет болады. Оқу жылының басында бірінші курс студенттері міндетті түрде
қорытындысы бойынша студенттің медициналық топтары, яғни арнайы
дайындық тобы кіретін негізгі топ, «босатылды» диагнозы бар және арнайы
медициналық топтар анықталатын медициналық бақылаудан өтеді.
Негізгі топтың студенттері дене шынықтыру сабағында (жеңіл атлетика,
атлетикалық гимнастика (пауэрлифтинг, ауыр атлетика), күрес (қазақша күрес,
самбо, дзюдо), баскетбол, волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, шаңғы спорты
мамандандырылған спорт түрлерін таңдай алады.
«Босатылды» диагнозы бар және арнайы медициналық топ арнайы
даярланған спорттық құралдарға жасалған оқу бағдарламалары бойынша
шұғылданады. Спорттың келесі: жеңіл атлетика, атлетикалық гимнастика
(пауэрлифтинг, ауыр атлетика), күрес (қазақша күрес, самбо, дзюдо), баскетбол,
волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, шаңғы спорты, тоғызқұмалақ, шахмат
сияқты Дене шынықтыру және спорттық дайындау орталығында спорт
клубындағы секцияларға қатысатын және спорт түрі бойынша команданың
негізгі құрамына кіретін студенттер дене шынықтыру пәнінен босатылады.
Назар аударыңыз!!! Егер Сіздің денсаулығыңыз жарамаса, Сіз деканатқа
Бастапқы
дәрігерлік-санитарлық
көмек
оталығы
куәландырған
ДКК
анықтамасын көрсетуіңіз керек (Абай пр. 28/3, т. 55-85-81), сонда Сіз емдік дене
шынықтырумен немесе арнайы медициналық топта жаттығатын боласыз.
18
4.8 Кәсіптік практикалар
Әрбір
мамандық бойынша
практиканың
түрлері
(оқу,
өндірістік,
технологиялық және т.б.) білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандартымен
анықталады. Оқу жоспарындағы оқытылатын басқа пәндер сияқты практика да
міндетті түрде өткізілуі керек. Практика бойынша студенттер дифференциальді
сынақ тапсырады. Практика бойынша бағалау және кередиттер саны курстан
курсқа өту кезінде GPA көшіру балын санағанда есептеледі.
Назар аударыңыз!!! Егер сіз практика өтпесеңіз немесе одан сынақ
алмасаңыз, онда ол академиялық қарызға саналады және оны бітіретін курсқа
дейін жоюға міндеттісіз.
Әр практика бойынша кафедра оқытушылары жұмыс оқу бағдарламаларын,
оның өткізілуі, тапсырмалар мен есеп жазу бойынша талаптар, күнделік жазу
және сынақ тапсырылуы жөнінде көрсетілген әдістемелік нұсқаулар жасайды.
Практиканың басталуының алдында әрқашан конференция өткізіледі, онда Сіз
практика бойынша барлық қажетті материалдар мен құжаттарды ала аласыз.
Кәсіптік практика аяқталған соң білім алушылардың есептері тыңдалатын
қортытынды конференция өткізіледі.
19
4.9 Студенттерді ауыстыру және қайта қабылдау ережелері
Студенттердің ауысуы – курстан курсқа, бір білім беру мекемесінен
келесісіне, бір оқу түрінен келесіге, бір мамандықтан келесі мамандыққа, ақылы
оқу негізінен мемлекеттік білім беру гранты оқу негізіне ауыстыру түрлерінде
жүзеге асырылады.
Күндізгі оқу түрінің ауыстыру және қайта қабылдау жөніндегі өтініштері
жазғы және қысқы каникул кезінде бес жұмыс күні ішінде кезекті акдемиялық
кезеніне дейн білім беру мекемесінің жетекшісімен қаралады. Сырттай оқу
түрінің студенттерінің өтініштері бір ай ішінде қабылданады, бірақ бес күн
кезекті емтихандық сессияның басына дейін қарастырылады.
Бірінші академиялық кезеңнің оқу жоспарының барлық талаптарының
орындалуы мен аралық аттестацияның (емтихандардың) тапсырылуы қайта
қабылдаудың міндетті талабы болып табылады.
Ауыстыру және қайта қабылдау кезінде бұрынғы академиялық кезеңдерде
оқылған пәндердің оқу жоспары бойынша пән айырмашылықтары анықталады.
Сол курсқа ауыстыру және қайта қабылдау егер оқу жоспарындағы
айырмашылық міндетті компоненттің бес пәнінен аспаған жағдайда ғана
жүзеге асырылады.
Студенттер қайта қабылдану мен басқа ЖОО-на ауысуы мүмкін, егер жеке
оқу жоспары бойынша бірінші академиялық кезең толық меңгерілген болса.
ЖОО-нан шығарылған студент оқудың кез-келген түріне, кез-келген
мамандыққа және кез-келген ЖОО-на оқудан шығарылу уақытынан тәуелсіз
білім алушылардың қатарына қабылдана алады.
Қайта қабылдау немесе ауыстырылған кезде бұрын оқылған акдемиялық
кезеңде жұмыс оқу жоспарынның пәндері академиялық айырмашалық болып
анықталады
Білім алушылар қайта қабылданып немесе ауысып келгенде келесі курс
пререквизиттерге сәйкес құрастырылады.
Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында оқу кезінде
қызмет атқаруға шақырылған кейін, өз курсына қайта қабылдананды. Бұндай
жағдайда ЖОО-ны ағымдағы оқу жөнінде тапсыратын прериквизиттер тізімін
белгілейді.
Меңгерілген кредиттер, білім беру бағдарламасын салыстыру арқылы,
меңгерген пәндер мазмұны,көлемі, қалыптасқан білім, біліктілік, дағдылық пен
құзреттілік және оқу нәтижесі есептеледі.
Оқу пәндері бойынша меңгерілген кредиттер есептелгенде қорытынды
бақылау түрі есепке алынады.
20
Басқа оқу орнына ауысқысы келетін білім алушы ректордың атына
ауыстыру жөнінде еркін түрде өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген
жазбаша келісім алып, ауысатын ЖОО-ның жетекшісіне жолығады.
ЖОО-ның жетекшісінің атына берілген ауыстыру жөніндегі өтінішке
төмендегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
-
оқу жұмысы жөніндегі проректоры, тіркеу бөлімі бастығының қолы
қойылған және мөрмен бекітілген транскриптің;
-
оқу гранты иегерінің куәлігі (егер болса);
-
оқыған университеті ректорының атына жазылған өтініштің көшірмесі
(ректордың қолымен және мөрімен).
Мемлекеттік оқу гранты негізінде оқитын студенттер мемлекеттік оқу
грантың сақтап басқа ЖОО-на ауысуға құқылы.
Студент мемлекеттік оқу гранты негізінде бір ЖОО-нан келесісіне, бір
курсқа төмен, басқа мамандыққа немесе ұлттық ЖЖО-на ауысқан жағдайда
ол оқу грантынан айырылады.
Білім алушылардың қатарына қабылдану және оқу жоспарындағы пән
айырмашылықтарын жою тек ақылы негізде жүзеге асырылады !!!
Оқу төлем ақысын төлемегені үшін семестр бойында оқудан шығарылған
ақылы негізде білім алушылар төлем ақы бойынша қарыздарын өтесе, оқудан
шығару уақытынан бастап төрт аптаның ішінде қайта қабылдануға құқылы.
4.10 Академиялық демалыс
Академиялық демалыс – білім алушы денсаулығына байланысты, сондай-
ақ аяғы ауыр және босанғаны себепті, сонымен бірге Қазақстан
Республикасының Қарулы күштері қатарына шақырылуы себепті білім беру
мекемесіндегі өзінің оқуын уақытша тоқтату кезеңі.
Академиялық демалыс дәрігерлік-кеңес комиссиясының (ДКК) шешімі
негізінде 6 айдан 12 айға дейін беріледі.
Академиялық демалыс берудің мүмкіндігі туралы дәрігерлердің шешімін
шығару үшін студент А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің Бастапқы дәрігерлік-
санитарлық көмек орталығына өзі қаралған медициналық мекемеден аурудың
тарихы жөнінде анық көшірме әкеледі. ДКК демалыс берудің қажеттілігіне
қорытынды шығарады.
Студент академиялық демалысты рәсімдеу үшін ректордың атына өтініш
береді және ДКК немесе Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына
шақыру туралы анықтаманы көрсетеді.
Ректор студентке академиялық демалыс беру туралы және оның басталуы
мен аяқталу уақыты көрсетілген үш күн аралығында бұйрық шығарады.
21
Студент академиялық демалыстан шығарда ректордың атына өтініш
береді және өзі қаралған емдеу мекемесінен денсаулық жағдайы туралы, бұл
маман бойынша оқуды жалғастыра беру мүмкіндік қорытындысымен, ДКК
анықтамасын әкеледі.
Академиялық демалыстан шыққан студент оқу жоспарындағы пәндердің
айырмашылығын ақылы негізде жоюы керек. Студент ағымдағы сабақтармен
бірге айырмашылықтарды жою үшін семестр бойындағы сабақтардың бәріне де
қатысады, ағымдық бақылаудың барлық түрін тапсырады және емтихан
тапсыруға рұқсат алады немесе айырмашылықтарды құрайтын пәндерді жазғы
семестр кезінде оқиды.
4.11 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Білім алушылардың өздік жұмыстары (БӨЖ), бұл – оқытушының
қатысуынсыз студенттің жаңа білім мен дағдыларды белсенді де мақсатты түрде
меңгеруі.
Білім алушылардың өздік жұмыстарына келесі жұмыс түрлері жатады:
-
зертханалық және практикалық сабақтарда өздік жұмыстарын орындау;
-
өздік жұмысының кестесіне сәйкес оқу материалын жасау (конспект,
оқулық және ғылыми әдебиеттер бойынша);
-
реферат, баяндама, рецензия, әдебиеттерді шолу және басқа жұмыс
түрлерін жазу;
-
шет тілдерінен аударма жасау;
-
оқу-зерттеу жұмыстарын (төменгі курстарда) және ғылыми-зерттеу
жұмыстарын (жоғарғы курстарда) орындау.
Кредиттік технология оқыту бойынша білім алушылардың өздік
жұмыстары екіге бөлінеді: студенттердің өздік жұмыстары (БӨЖ) және
студенттердің оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстары (БОӨЖ).
Өздік жұмысының барлық көлемі білім алушыдан күнделікті талап етілетін
тапсырмалармен бекітіледі.
БОӨЖ білім алушының оқытушымен байланысты жасалатын аудиториядан
тыс жұмыс түрі болып табылады. ОЖБӨЖ оқу сабақтарының жалпы кестесіне
кірмейтін жеке кесте бойынша орындалады.
БОӨЖ-ге оқу бағдарламасының неғұрлым қиын мәселелері, үй
тапсырмалары, курстық жобалар (жұмыстар), семестрлік жұмыстар бойынша
бақылаулар, есептер мен БӨЖ-дің басқа түрлері кіреді.
22
5. Студенттердің құқықтары мен міндеттері
Студент құқыққа ие:
жеке оқу жоспарын табысты орындаған жағдайда, қосымша жазғы
семестрде жедел, қосымша оқудың қажеттіліктерін қанағаттандыру және
оқу бағдарламаларындағы айырмашылықтарды жою үшін (бұл жағдайда
білім алу мерзімі қысқаруы мүмкін) кемінде ұзақтығы 6 аптаға дейінгі 12
кредиттік қосымша жазғы семестрге жазылуға;
ақылы негізде тиісті курстарды қайтадан меңгеруге;
емтихан бағасымен келіспеген жағдайда, апелляцияға өтініш беруге;
заң бекіткен тәртіп бойынша ақылы оқу негізінен мемлекеттік білім беру
гранты оқу негізіне, бір жоғары оқу орнынан екіншісіне, бір мамандықтан
екіншісіне қайтадан қабылдануға және ауысуға;
кітапхананың ақпарат қорлары мен университеттің ақпараттық білім беру
порталын тегін пайдалануға;
өзінің жеке көзқарасы мен нанымын еркін білдіруге;
эдвайзерден және университеттің барлық қызметкерлерінен студентті
қолдайтын кеңес алуға.
Студенттер келесі міндеттерге ие:
таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыны
меңгеруге;
жоғары оқу орны Жарғысын, ішкі тәртіп Ережелерін қатаң сақтауға;
сабақтарға үнемі және тиімді түрде дайындалуға;
барлық аудиториялық сабақтарға қатысуға, өзіндік жұмыстар бойынша
тапсырмалар тапсыру кестесін қатаң сақтауға;
сырқаттануына байланысты сабаққа қатыса алмаған жағдайда уақытында
анықтама әкелуге;
оқу-әдістемелік әдебиеттер мен мүлікке ұқыпты қарауға;
студенттер мен оқытушыларға мейрімді және төзімді болуға;
сабақ уақытында ұялы телефондарын сөндіріп қоюға;
өзінің денсаулығын ойлауға, рухани және дене тәрбиесімен шыңдалуға.
Міндеттерін бұзған студенттерге тәртіптік шаралар қолданылады.
Студенттерге кепілдік беріледі:
келісімшарт негізінде оқу жағдайында гранттар алуға:
23
* ректор гранты «МӘРТЕБЕ»,
білім алудың барлық кезеңдеріне
100% жеңілдік, «Алтын белгі» оқу
үздігі төс белгісі бар түсушілерге
университет жатақханасында тегін
тұруға.
* білім алудың 1 жыл кезеңіне
100
%
жеңілдіктегі
ректордың
«МЕРЕЙ» білім беру гранты спорт,
ғылым және мәдениет аясындағы
республикалық және халықаралық
деңгейдегі
жарыстардан,
фестивальдардан немесе конкурстардан жетістіктері бар университетке түсуші
тұлғаларға қарастырылған.
спорт, ғылым, мәдени саласында белгілі нәтижеге жеткен, Торғай
аймағынан университеттің күндізгі оқу нысанында оқитын білім алушылар,
академик Кенжеғали Сағадиевтін толық оқу кезеңіне – 100% төлем ақы гранты
беріледі.
білім алудың барлық кезеңдеріне 100% жеңілдіктегі А.Байтұрсынов
атындағы ҚМУ-нің ректорының гранты 90 баллдан кемемес (қазақ және орыс тіл
пәндерінің баллдары есепке алынбайды) ҰБТ сертификаты бойынша
университетке төлем ақылы негізінде түсуші тұлғаларға қарастырылған.
білім алу төлем ақысы бойынша жеңілдіктер:
* білім алу бағасының 50 % көлеміндегі «КАМКОР» жеңілдігі, жатақханада
тегін тұру – ата-анасының екеуі де жоқ абитуриенттерге беріледі (балалар
үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілеріне).
* білім алу бағасының 25%, 50%, 100 % көлеміндегі «ТАБЫС» жеңілдігі
спорт, ғылым, мәдени саласында белгілі нәтижеге жеткен жетістіктері бар
абитуриенттерге бір оқу жыл кезеңінде жылсайын беріледі.
* білім алу бағасының 100 % көлеміндегі «ҮЗДІК GPA-4.0» жеңілдігі семестр
қорытындылары бойынша GPA (4.0) жоғары балын алған Университет білім
алушысына конкурс бойынша беріледі.
* білім алу бағасының 25% көлеміндегі «КӨМЕК» жеңілдігі 1 оқу жыл
кезеңіне бір отбасынан екі және оданда саны артық білім алушыларға беріледі.
24
6. Студенттік өзін-өзі басқару
Жастар істері бойынша комитет (ЖІК) –
қызметі
студенттердің
жеке
бас
сапаларын
дамытуға
бағытталған
университет
студенттерінің
өзін-өзі
басқару органы.
Қазақстандық қарқынды даму
жағдайында
болашақ
маманның
белсенді өмір сүру позициясының
қалыптасуында
студенттік
өзін-өзі
басқаруды бағалау қиын. Сонымен бірге, студенттік өзін-өзі басқару жан-
жақты университет өміріне қатысты шешімдер қабылдауға студенттердің
қатысуымен түсіндіріледі. Университеттің білім беру жүйесінде әкімшіліктің
немесе профессорлық-оқытушылық құрамға көрінбейтін немесе кемшілік
болып қабылданбайтын кейбір кемшіліктерді анықтау студенттерге жеңіл
болады. Бұл – маңызды демократиялық бастаудың бірі болып табылады.
ЖІК құрамында келесі бағыттар бойынша бөлімдер пайда болды –
ұйымдастырушылық, ақпараттық, оқу-сараптамалық, инновациялық, жұмысқа
орналастыру, жатақхана кеңесі және Қазақстан халықтарының студенттік
ассамблеясы.
Студенттік өзін-өзі басқару органдары болып саналады:
ЖОО-ң көлемінде – жастар іс бойынша Комитеті;
факультетте - студенттік деканат,
жатаққанада – жатаққана кеңес.
Студенттік өзін-өзі басқару жұмысының негізінде «теңбе-тең» принципі
жатыр. Студенттік өзін-өзі басқару алған білімді жандандырады және оны
студенттік аудиториялар ортасына таратады. Бұл – ең сенімді бұқаралық
ақпарат жүйесі. Мәдени көңіл көтеру іс-шаралары неғұрлым көбірек
өткізіледі. Сондай-ақ, ғылыми шығармашылық және спорттық конкурстар,
әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу, корпоративтік менеджмент те
сыртта қалмайды. Жатақханадағы қоғамдық тәртіпке әкімшілік бақылау
жатақхананың студенттік кеңесімен жүзеге асырылады. Студенттік активтің
өкілдері аула сыпырушы, балташы, жинаушылардың жұмыстарын атқарады
және бұл университет әкімшілігі тарапынан мүмкін болып отыр.
Әр факультеттегі студенттік деканат және біртұтас ұйымдастыру
құрылымы әрекет еткенде студенттер бюрократтық қарым-қатынасқа
25
бармайды. Ректормен болатын кездесулер ресми емес, студенттік жобалар
бойынша шешімдер шығарылатын әкімшілікпен бірлесе мәселелер шешілетін
шын мәніндегі диалогтік алаң болып табылады. Мәселелерді осылай шешу
тәсілі өзінің тиімділігін көрсетті. Меңгерген дағдыларды пайдалана отырып
студенттер бірте-бірте жұмыс істеуге үйренеді, бұл оларды жалпы студенттер
бұқарасынан айқындайды.
Коммуникациялық
икемділік, көпшілік
алдында
сөйлеу өнері,
мақсаттарды
шешу
үшін
сындық
және
сараптау
көзқарастарын
қалыптастыруды дамыту үшін университетте «Ахмет ұрпақтары» дебат клубы
жұмыс істейді.
7. Тәрбие жұмысы
26
Университетте 2010-2015 жылдарға бағыттылған, бәскелестікке дайын
еліміздің азаматы мен жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелейтің тәрбие
жұмысының Қонцепциясы қабылданаған. Бұл Концепцияда жастармен жұмыс
жасау үшін төрт бағыт белгіленген: рухани-моральдық тәрбие, патриоттық
тәрбие,
салауатты
өмір
сүру
тәрбиесі,
бәсекелесттік
қасиеттерді
қалыптастыру. Ол үшін үниверситетте арнайы орталықтар бар-«Тұлғаны
тәрбиелеу Орталығы» және «Діни зерттеу Орталығы».
Тәрбие секторының жұмысы ақпараттық насихаттау, мәдени саясаттану,
патриотты студенттің әлеуметтік негізін қалыптастыруға бағытталған. Бұл
қойылған міндеттерді іске асыруда ректорат және Жоғарғы студенттік кеңес,
Жасыл ел, студенттердін құрылыс отрядттары, Жас Отан атты қоғамдық
үйымдар мен университет оқытушылары ат салысады. Ақпараттық насихаттау
жұмысында үлкен рольді «Білім жарысы» атты студенттік газет атқарады.
А.Байтұрсынов атындағы университет студенттерінің қәсіп үйымының
міндеті- әлеуметтік жағдайы төмен және жетім студенттерді қолдау болып
табылады.
Университетте негізгі қағиданның бірі «Бәрі үшін спорт», бұнда әр білім
алушы өзінің жеке денсаулық мүмкүндігіне сай жеке даму бағыттын таңдап ,
айналысатын спорт түрін таңдайды (10 бағыттан ).
Университте 3 мұражай бар - университет тарихының мұражайы,
А.Байтұсынов мұражайы және археологиялық мұражай. Сонымен қатар,
университетте студенттердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын,
интерактивті теренинг пен волонтер дайындайтын практикалық психология
Орталығы және университеттің шығармашыл шеберханасы саналатын«Өнер»
студиясы жұмысын атқарады. Бұл студияда, студенттер тегін өз
мүмкіндіктері мен хореографиялық, вокалдық, инструменталды өнерін және
көркем оқу мен ақындықпен айналысады.
27
8. Ақпараттық білім беру орталығы
Университетте қазіргі заман талабымен жабдықталған және жобаланған 4
абонементті («Оқу әдебиеті», «Ғылыми әдебиет», «Мемлекеттік тілдегі
әдебиет», «Университет ПОҚ басылымдары»), оқу залдарын, Интернет және
дәріс залдарын, лингафон кабинетін, әдеби қонақжайды қамтитын ақпараттық-
білім беру орталығы «Білім орталығы» жемісті жұмыс істейді. Бұнда жеке жұмыс
жасауға арналған кабиналар да бар. Электронды кітап беру енгізілді. Оқу залдары
ашық қолжетімділік жағдайында жұмыс істейді, қорды сақтау мақсатында өртке
қарсы қақпа орнатылған. Оқырмандармен кітапханашы-консультанттар жұмыс
істейді.
Орталықтың қызметі: профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерге
ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру, пайдаланушылардың ақпараттық
мәдениетін көтеру, қазіргі технологиялар негізінде олардың жұмыс дағдыларын
дамыту. Осы міндеттерді орындау үшін АБО «Білім орталығында» қазіргі заманғы
компьютер, ұйымдастыру техникасы мен аппараттық бағдарлама құралдарымен
жабдықталған барлық керекті тамаша материалдық-техникалық база және кәсіби
сауатты ұжым бар. Жыл сайын кітапхана қоры 20 мың дана басылымдармен
толығады, 320 атаулы газет пен журналға жазылу жүргізіледі.
Интернет залда жоғары жылдамдықтағы жеке желі бойынша Интернет
жүйесіне қолжетімділік бар.
Назар аударыңыздар!!! Абонементтер мен интернет-зал жұмысының
тәртібі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін; оқу залдары: күн сайын 9.00-ден
19.00-ге дейін; сенбіде 9.00-ден 14.00-ге дейін; демалыс – жексенбі. Айдың соңғы
жұмыс күні – санитарлық күн!!! Мекен-жайы: «Білім орталығы» АБО : Абай
даңғылы, 28. Тел. 55-85-23, 53-78-75. Электронды мекенжай:
bibl_ksu@mail.ru
28
9. Бастапқы дәрігерлік-санитарлық көмек орталығы
Университетте бастапқы дәрігерлік-
санитарлық көмек орталығы жұмыс
істейді. Орталық үш мекен-жай бойынша
орналасқан:
-
Бас
ғимарат
Байтұрсынов
көшесі, 47, 101 каб., т. 51-11-63, жұмыс
уақыты: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін,
түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін,
демалыс күндері – сенбі, жексенбі;
фельдшер
және
медбике
қабылдау
жүргізеді, емдеу - егу кабинеттері бар.
Абай даңғылы, 28/3 (емдеу-сауықтыру орны, 55-85-81), жұмыс уақыты:
күн сайын 8.00-ден 17.00-ке дейін; түскі үзіліс 12.00-ден 13.00-ге дейін; демалыс
күндері – сенбі, жексенбі; терапевт, фельдшер және медбике қабылдау
жүргізеді; емдеу - егу кабинеттері бар.
-
Наурыз шағын ауданы, Ветеринария факультетінің ғимараты,
Маяковский көшесі, 99/1, т. 55-85-75, жұмыс уақыты: күн сайын 8.00-ден 17.00-ге
дейін, түскі үзіліс 12.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі;
фельдшер қабылдау жүргізеді, емдеу - егу кабинеттері бар.
Университет №1 емханамен шарт жасасқан, онда студенттер тегін
тексеруден өтеді, анализдер тапсырып, дәрігер-мамандардан кеңес ала алады.
Студеттерге тегін қаралу үшін жылда бір рет флюрографиялық
жылжымалы пункті жұмыс істейді.
29
10. Білім беру несиесі
Білім алудың барлық кезеңдерінде «жақсы»
және «өте жақсы» бағаларының эквивалентіне
сәйкес және ҰБТ/КТ қорытындылары бойынша 65
балдан кем емес баға алған, көп балалы (толық
емес, аз қамтылған) отбасыларынан шыққан, жетім
(ата-ананың қамқорлығынсыз қалған), мүгедек (ата-
аналары мүгедек немесе зейнеткер студенттер)
болып табылатын күндізгі бөлімнің студенттеріне
Альянс Банк арқылы бір жылға 9%-дық жеңілдікпен
білім беру несиесін рәсімдеуге болады.
Ақылы негізде оқитын студенттер Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі
жанынан құрылған «Финансовый центр» АҚ-ның
кепілдемесі бойынша білім несиесін ала алады.
Қазіргі уақытта білім несиелері осы бағдарламаға
қатысатын екінші деңгейлі ірі банктерден беріледі.
Негізгі талаптары:
- жеңілдік кезеңінің бар болуы + оқу мерзімі +
жұмысқа орналасуға 6 ай беріледі;
- несиені мерзімінен бұрын өтеуге шектеулер
қойылмайды;
- кепілдемелік қамтамасыз ету қажет емес;
- ең төменгі пайыздық төлем.
Қосымша ақпарат алу үшін «Финансовый центр»АҚ-на хабарласа аласыз.
Телефондары: 8(7172)91-19-44 (45,46,47)
Е-mail: fincenter@ fincenter.kz
Веб-сайт: www. fincenter. kz
Сондай-ақ, сізге «Финансовый центр» АҚ Қостанайдағы серіктес
банктерінен немесе А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономика және қаржы
бөлімінен т. 51-11-92 (бас маман - Каражанов Ақшал Ахметұлы) мәлімет алуға
болады.
30
11. Кредиттік технология бойынша сырттай білім нысанының
оқу үрдісін ұйымдастыру
Сырттай білім беру нысанының оқу үрдісін жоспарлауда қолданылатын
негізгі параметрлер келесілер:
Оқу жылында ұзақтығы әрқайсысы 4 аптадан тұратын ұзақтығы 2 апта
болатын, 1-курста 1 апта қосымша бекіту сессиясы жоспарланады. Оқу-
емтихандық сессия кезінде теориялық оқыту (алғашқы 3 апта) -
аудиториялық сабақтар (дәрістер, практикалық, семинарлық және зертханалық)
және аралық аттестация емтихандық сессия (соңғы апта). Емтихандар саны көп
болған жағдайда аралық аттестация соңғы аптаның екінші жартысында
басталуы мүмкін. Әр пән бойынша алдыңғы оқу-емтихандық сессия кезінде
(соңғы аптасында) 1 академиялық сағат көлемінде бекіту дәрісі өткізіледі.
Академиялық қарыздар мен жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің
айырмашылықтарын жою үшін күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған
талаптар бойынша жазғы семестр ұйымдастырылады. Жазғы семестрдің
ұзақтығы 2-6 апта, оның мерзімі мамандықтың академиялық күнтізбесімен
анықталады.
Жеке білім беру бағдарламасын жоспарлау типтік оқу жоспары және
элективті пәндер каталогіне сәйкес студентпен жүзеге асырылады. Көктемгі оқу-
емтихандық сессия кезінде факультеттің эдвайзердің көмегімен студент келесі
оқу жылына жеке оқу жоспарын құрастыруға негіз болатын пәндерге жазылу
формасын толтырады. ЖОЖ оқу жылының соңына дейін студент өзі реттейді.
Факультет деканымен бекітілген ЖОЖ оқу жылының соңына дейін, арнайы
журналға тіркеліп студентке берілуі керек.
Нарықтық сұраныс пен жобалаған қабылдау жоспары бойынша,
бірінші жылы оқитын студенттерге арнап дайындайтын кафедра білім
беру бағдарламалық құрастырады (саны 2-ден 4-ке дейін).
Кафедраның және қабылдау комиссиянын техникалық хатшысынан
бірге абитуриенттер білім алу бағдарламасын таңдайды, соған сәйкес оқу
ісі жөніндегі деканның орынбасары (эдвайзер) бірінші жылы оқитын
студенттерге жеке оқу жоспарын құрастырады, ал декан факультеті бекітеді.
Студенттердің жеке оқу жоспары бекіту сессиясында қолға беріледі.
Жеке оқу жоспарлары студенттерге бекіту сессиясы кезінде беріледі.
ОКТ жағдайында сырттай оқу нысанының студенттерінің білімдерін
бағалау сессия аралығы кезінде және бақылаудың ағымдық және қорытынды
31
түрлері бойынша оқу-емтихандық сессия кезінде балдармен бағалау арқылы
өткізіледі.
Әр пән бойынша кем дегенде бір семестрлік тапсырма орындау
жоспарланады. Семестрлік тапсырмалар алдыңғы сессияның бекіту
сабақтарында студентке беріледі. Сырттай оқитын студент орындалған
семестрлік тапсырмаларды факультет маманына тапсырады. Семестрлік
тапсырманы орындамаған жағдайда студент сәйкес пәннен емтиханға
жіберілмейді.
Студенттің ағымдық үлгерімін бағалау және жедел бақылау үшін, оқу
үрдісінің барысымен және сапасымен студенттердің семестр ішінде екі
аттестациясы өткізіледі. Білім алушының барлық жетістіктері 100-
баллдық шкала бойынша бағаланады.
Студенттердің бірінші ішкісеместрлік аттестациясы семестрлік
тапсырмаларды орындау және қорғау негізінде оқу-емтихандық сессияның
бірінші аптасында өткізіледі.
Студенттердің екінші ішкісеместрлік аттестациясы оқу сабақтарын
өткізу барысында ағымдық бақылау қорытындысы емтихандық сессия алдында
үш күннің ішінде өткізіледі.
Оқу-емтихандық сессияны өткізу барысы. Білім алушы мамандықтың
академиялық күнтізбесіне сәйкес оқу-емтихандық сессияға қатысуға міндетті.
Сабаққа келгенде студенттер өздерінің оқу-емтихандық сессияға
қатысуларын деканатта тіркелулері керек.
Студентте емтиханға келгенде «сессияға жіберілді» штампы бар
сынақ кітапшасы болуы қажет. Берілген пән бойынша жіберу рейтингісінің
оңды бағасын алмаған студент емтиханға жіберілмейді.
Әрбір оқу-емтихандық сессияның соңында (күзгі немесе көктемгі)
оқытушымен қойылған бағалардың толықтығы мен дұрыстығын тексеру
үшін, үлгерімнің (GPA) орташа балын қарау және өзінің келесі әрекетін
талқылау үшін сынақ кітапшасын деканатқа студент өзі ұсынуы қажет.
Академиялық қарызы бар болған жағдайда жазғы семестрге қатысуға
өтініш рәсімдеумен оны жазғы семестрде жою туралы сұрақ студентпен
талқыланады.
Көктемгі оқу-емтихандық сессия келесі курсқа көшіру сессиясы болып
табылады. Оның соңында студент оқу жылы үшін үлгерімнің (GPA) орташа
балын қойдыру, сондай-ақ оны келесі курсқа көшіруін анықтау және келесі оқу
жылына студенттің жеке жоспарын құрастыруды рәсімдеу үшін сынақ
кітапшасымен деканатқа келуі қажет.
32
Студенттің келесі курсқа көшуі мүмкін еместігі жағдайында үлгерімнің
(GPA) орташа балын көтеру үшін жазғы семестрге қатысуға өтініш жазады және
жазғы семестрдің соңында студент келесі курсқа көшудің мүмкіндігін, қайталап
оқыту жылына қалдыру немесе университеттен шығарылуын анықтау үшін тағы
да деканатқа келеді.
Келесі курсқа көшіруде немесе қайталап оқыту жылына қалдыру
жағдайында келесі оқу жылына студенттің жеке оқу жоспарын құрастырылып,
рәсімделеді.
Емтиханға немесе оқу-емтихандық сессияға келмеген студенттің өтінішін
қарастыру. Егер дәлелді себептер жағдайында (студенттің ауыруы, іс-
сапарға шығуы) емтиханға келмесе, сәйкес құжаттармен дәлелденгенде
(емханалық қағаз, келуі және кетуі пункттері белгіленген іс-сапарлық куәлік)
факультет деканының өкімімен тіркеу бөлімінің келісімімен оған емтихан
тапсыру үшін жеке мерзім белгіленеді. Дәлелді себепсіз емтиханға келмеу
«қанағаттанарлықсыз» бағаға теңестіріледі.
Дәлелді себеппен түгел немесе бөлшектеп оқу-емтихандық сессияға
қатыспаған студентке жіберілген күндердің көлеміне сәйкес факультет
деканының ұсынысы негізінде оқу-емтихандық сессия мерзімі университет
ректоры бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.
Дәлелді себепсіз оқу-емтихандық сессияға келмеген студенттер сессия
аяқталғаннан кейін екі аптаның ішінде ішкі тәртіп Ережесін бұзғаны үшін
университеттен шығарылады немесе олардың өтініштері бойынша қайталап
оқыту курсына қалдырылуы мүмкін.
33
12. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып
сырттай оқу ұрдісін үйымдастыру
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып сырттай оқу ұрдісін
жоспарлауда келесі қағидаларды бар:
Оқу жылында 2 оқу-емтихандық сессия жоспарланады әр қайсысы 2 апта,
ал 1 курста қосымша тағы 1 апта бекіту сессиясы бар.
Бекіту сессия кезінде, бірінші курс студенті эдвайзермен танысып бірінші
семестірде оқытылатын пәндер бойынша лекцияларға қатысады.
Осы уақытта «Қашықтықтан білім беру технологиясының негіздері» атты
пән бойынша лекция мен практикалық сабақтарға қатысып, студенттер
қашықтақта оқыту Moodle жүйесінің ережесін зерттейді және жүйеге кіру үшін
Логин, Пароль алады. Сол себептен, бірінші курс студенттері бекіту сессиясына
қатысуы МІНДЕТТІ!
Оқу-емтихандық сессия кезінде студент университетте болуы керек. Оқу-
емтихандық сессиясының бірінші аптасында, студент келесі семестірде
оқытылатын пәндердің бекіту лекцияларына қатысуы керек, ағымдағы
семестірдің курстық жұмыстарын қорғайды, ағымдағы семестірдің семестірлік
аттестациясын алады, сол бойынша студенттің емтиханға жіберілгені/
жіберілмегені анықталады.
Екінші аптада, ағымдағы семестірдің пәндері бойынша аралық
атестациясы өткізіледщі.
Сессияаралық кезеңде студент Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі
бойынша жұмыс жасайды:
- өздік тұрғыда пәнді меңгереді;
- оқытушылардан on-line және off-lineкеңестерін алады;
- Moodle жүйесінің арнайы функционалы арқылы оқытушыларға тексеруге тест
жұмыстарын, бақылау және курстық жұмыстарды жібереді;
- жіберген тапсырмаға оқытушы қойған бағасымен танысады (баға Moodle
жүйесінде орындаған тапсырмалар файлы еңгізілгеннен кейін 10 жұмыс кун
ішінде қойылуы керек);
Ескерту! Оқу-емтихандық сессияға дейін студент толық берілген
тапсырмаларды, тест, бақылау, курстық жұмыстарды тапсыруға тиісті. Егер
студент орындаған бақылау тапсырмалары бойынша (соның ішінде курстық
жұмыс, тест) алған баллы орта арифметикалық- 50 балл болса ғана (максималды
балл – 100) емтиханға жіберіледі.
34
Егер пән бойынша курстық жұмыс жоспарланған болса, оның қорғауы оқу-
емтихапндық сессияның 1 аптасында университетте өткізіледі.
Оқу-емтихандық сессияның уақытын оқу ұрдісінің кестесінде көруге
болады, оны қашықтықтан оқыту Moodle жүйесінің www.ksu.edu.kz адресі
бойынша табуға болады (ссылка бойынша Оқыту →Қашықтықтан оқыту)
Оқу жоспарының пәндері бойынша академиялық қарызды және
айырмашылықты жою үшін жазғы семестір үйымдастырылады. Жазғы
семестірде пәндерді оқу үшін алдын ала жазылуы деканаттар мен эдвайзердін
ұсынысы бойынша тіркеу бөлімінде жүргізіледі. Студент көктемдік сессия
аяқталған сон жазғы семестірге қатысуы жайында арнайы формада тіркеу
бөліміне арыз жазуға тиісті.
Ескерту!!! Жазғы семестірде оқу ақылы. Жазғы семестірге шығарылатын
кредит көлемі 12 аспауы керек.
Жеке білім беру бағдарламасын жоспарлау типтік оқу жоспары және
элективті пәндер каталогіне сәйкес студентпен жүзеге асырылады. Көктемгі оқу-
емтихандық сессия кезінде факультеттің эдвайзердің көмегімен студент келесі
оқу жылына жеке оқу жоспарын құрастыруға негіз болатын пәндерге жазылу
формасын толтырады. ЖОЖ оқу жылының соңына дейін студент өзі реттейді.
Факультет деканымен бекітілген ЖОЖ оқу жылының соңына дейін, арнайы
журналға тіркеліп студентке берілуі керек.
Бірінші курс студенттеріне ЖОЖ эдвайзермен абитуриенттің қабылдау
комиссиясында таңдаған білім алу бағдарламасы негізінде жасалады.
Сырттай,қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқитын студенттердің
білімбағалары сессия аралықкезеңінде өткізіледі (ағымдағы және рубеждік
бақылау) жәнеоқу-емтихандық сессия кезінде (курстық жұмысты қорғау,
емтихандар). Бар бақылау тапсырмалары баллдық кундізгі оқу жүйесі бойынша
бағаланады.
Әр пән бойынша рубеждік бақылаудың екі тапсырмасынан кем
орындалуы жоспарлану керек(тест,бақылау жұмысы, т.б.). Тапсырмалар Moodle
жүйесінің қашықтық курстар беттерінде орналастырылған. Осы жерде пән
бойынша оқу-әдістемелік материалдар да бар.
Қашықтықтан оқыту курсы тәулік бойы қолжетімді және бекіту сессияның
бірінші күні ашылады (1 семестр үшін) немесе оқу-емтихандық сессиясының
бірінші күнінен бастап (2 – 6 семестр үшін) ашық. Студент орындаған
тапсырмаларын арнайы Moodle жүйесінің функционалы арқылы тапсырады.
Пән бойынша бар бақылау тапсырмаларды студент сессияның басына дейін
тапсыру керек, тапсыру мерзімі пәннің силлабусында 9 кестеде
35
(Тапсырмаларды орындау және тапсыру) белгіленген. Бар оқу жетістіктері 100-
баллдық жүйемен бағаланады.
Студенттің ағымдағы жетістігін оқу-емтихандық сессияның бірінші
аптасында семестр аралық аттестация өткізіледі. Семестр аралық аттестация
нәтижесі әр пәннің орындалған бақылау тапсырмалардың, тест, курстық
жұмыстын қорғау (егер оқу жоспары бойынша бар болса) нәтижесіне
байланысты болып келеді. Семестраралық аттестацияның нәтижесіне
байланысты студенттің емтиханға жіберілуі мен пәннің қорытынды байланысты
келеді. Оқу-емтихандық сессияны өткізу барысы. Білім алушы мамандықтың
академиялық күнтізбесіне сәйкес оқу-емтихандық сессияға қатысуға міндетті.
Сабаққа келгенде студенттер өздерінің оқу-емтихандық сессияға
қатысуларын деканатта тіркелулері керек.
Студентте емтиханға келгенде «сессияға жіберілді» штампы бар
сынақ кітапшасы болуы қажет. Берілген пән бойынша жіберу рейтингісінің
оңды бағасын алмаған студент емтиханға жіберілмейді.
Әрбір оқу-емтихандық сессияның соңында (күзгі немесе көктемгі)
оқытушымен қойылған бағалардың толықтығы мен дұрыстығын тексеру
үшін, үлгерімнің (GPA) орташа балын қарау және өзінің келесі әрекетін
талқылау үшін сынақ кітапшасын деканатқа студент өзі ұсынуы қажет.
Академиялық қарызы бар болған жағдайда жазғы семестрге қатысуға
өтініш рәсімдеумен оны жазғы семестрде жою туралы сұрақ студентпен
талқыланады.
Көктемгі оқу-емтихандық сессия келесі курсқа көшіру сессиясы болып
табылады. Оның соңында студент оқу жылы үшін үлгерімнің (GPA) орташа
балын қойдыру, сондай-ақ оны келесі курсқа көшіруін анықтау және келесі оқу
жылына студенттің жеке жоспарын құрастыруды рәсімдеу үшін сынақ
кітапшасымен деканатқа келуі қажет.
Студенттің келесі курсқа көшуі мүмкін еместігі жағдайында үлгерімнің
(GPA) орташа балын көтеру үшін жазғы семестрге қатысуға өтініш жазады және
жазғы семестрдің соңында студент келесі курсқа көшудің мүмкіндігін, қайталап
оқыту жылына қалдыру немесе университеттен шығарылуын анықтау үшін тағы
да деканатқа келеді.
Келесі курсқа көшіруде немесе қайталап оқыту жылына қалдыру
жағдайында келесі оқу жылына студенттің жеке оқу жоспарын құрастырылып,
рәсімделеді.
Емтиханға немесе оқу-емтихандық сессияға келмеген студенттің өтінішін
қарастыру. Егер дәлелді себептер жағдайында (студенттің ауыруы, іс-
36
сапарға шығуы) емтиханға келмесе, сәйкес құжаттармен дәлелденгенде
(емханалық қағаз, келуі және кетуі пункттері белгіленген іс-сапарлық куәлік)
факультет деканының өкімімен тіркеу бөлімінің келісімімен оған емтихан
тапсыру үшін жеке мерзім белгіленеді. Дәлелді себепсіз емтиханға келмеу
«қанағаттанарлықсыз» бағаға теңестіріледі.
Дәлелді себеппен түгел немесе бөлшектеп оқу-емтихандық сессияға
қатыспаған студентке жіберілген күндердің көлеміне сәйкес факультет
деканының ұсынысы негізінде оқу-емтихандық сессия мерзімі университет
ректоры бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.
Дәлелді себепсіз оқу-емтихандық сессияға келмеген студенттер сессия
аяқталғаннан кейін екі аптаның ішінде ішкі тәртіп Ережесін бұзғаны үшін
университеттен шығарылады немесе олардың өтініштері бойынша қайталап
оқыту курсына қалдырылуы мүмкін.
Қашықтық технологияларды қолдана отырып оқу процесінің техникалық
қолдауы қашықтық оқыту Орталығымен жасалады. (тел.55-73-60, имя в Mail.Ru
Агенте cdo_kgu@mail.ru).
Қашықтық технологияларды қолдана отырып оқытуға студентте міндетті
түрде болуы керек:
- Windows XP или выше, пакет Microsoft Office 2007 или новее (MS Word,
MS Excel, MS PowerPoint), интернет браузер Mozilla Firefox или Google Chrome
және типтік бағдарлама камтамасыз ету компьютерде жұмыс істеу білу;
- мультимедиа проигрыватель;
- наушники, микрофон, web-камеру;
- интернетке шығу.
37
13. Студенттердің академиялық икемділігі
Академиялық икемділік – бұл өз оқу орнында немесе басқа оқу орнында
оқуды жалғастыруға игерген білім беру бағдарламаларды міндетті түрде кредит
ретінде қайта есептеулеп, белгіленген кезеңге: семестр немесе басқа ЖОО-на
бір оқу жылға (ел ішінде - ішкі академиялық икемділік немесе шетелдік -
сыртқы академиялық икемділік) білім алушылардың қозғалысы.
Білім
алушылардың
академиялық
икемділігі
ЖОО
аралық
ынтымақтастық
келісімдер
аясында,
айырбастау,
стипендиялық
бағдарламалар, халықаралық бағдарламалар, меморандумдар студенттік
айырбас, стажировка өту (тілдік оның ішінде) және зерттеу тәжирибе, сондай-
ақ жазғы сесместрге қатысу мақсатында жүзеге асырылады.
Барлық туындайтын сұрақтармен Сізге академиялық икемділік
координаторымен байланысуға болады: факультете – оқу жұмыс жөніндегі
орынбасары; университет бойынша – тіркеу бөлімінің басшысы Исмаилова
Анара Сабырқызы (каб. 130, бас ғимараты, телефон 39-06-24).
Қорытынды
Студент, сен ЖОО мен мамандық таңдауда қателескен жоқсың. Сенің
болашақтағы шығармашылық қабілетің сапалы дайындығыңа, оқу үрдісіне
белсенді түрде қатысуыңа байланысты. Жақсы мамандар әрқашан жұмыс
табады. Оқуда, студенттік өмірде жетістіктер мен жарқын болашақ тілейміз!
Document Outline - Ректор Хұсаин Хасенұлы Валиев
- 1. Университет туралы жалпы мәліметтер
- 4.3 Академиялық қарыз
- 6. Студенттік өзін-өзі басқару
Достарыңызбен бөлісу: |