Валиев Рейхан жм-715 10. Тақырып: «Остеомиелит. Жіктелуі (гематогенді және травматикалык, остеомиелиттің біріншілікті созылмалы түрі, остеоартриттер). Емі.»



бет1/7
Дата16.12.2023
өлшемі26,21 Kb.
#140244
  1   2   3   4   5   6   7

Валиев Рейхан ЖМ-715
10. Тақырып: «Остеомиелит. Жіктелуі (гематогенді және травматикалык, остеомиелиттің біріншілікті созылмалы түрі, остеоартриттер). Емі.»
Есеп №1.
1. Сіздің диагнозыңыз?
Жауабы: Оң жақ санның жедел гематогенді остеомиелиті ( метадиафизарлы тип бойынша).
2. Сан бөлігіне рентгенологиялық зерттеу жүргізілуі керек пе?
Жауабы: Жүргізілу керек себебі басқа сүйек жарақаты патологиясын ажырату үшін, бірақ жедел гематогенді остеомиелит жөнінде ақпарат ала алмаймыз себебі ол 10-14 күннен кейін көрінеді. Остеоперфорация жүргізіп сүйекішілік қысым мен іріңді сұйықтықтың бар жоғын анықтау үшін, Фистулография жыланкөздік қуыстарды анықтау үшін және сцинтиграфия жүргіземіз қабыну процесстерін бар жоғын анықтау үшін.
3. Қандай ем көрсетілуі керек?
Жауабы: Консервативті және пароссальды флегмоналар байқалған жағдайда оперативті, Антибиотикотерапия (Линкомицин, Морфоциклин, Фузидті қыщқылдар, Гентамицин.), имунотерапия арнамалы ( гиперимунды антистафилакоккты плазма,стафилакокты y глобулин, стафилаккокты анатоксин, бактериофаг) және арнамалы (продигиозанмен,лизоциммен, диоксиметилтетрагийдропиримидинмен ), Инфузионды терапия Повидон +Натрий хлориді+ Калий хлориді+ Кальций хлориді + Магний хлориді +Натрий гидрокорбанаты.
4. Ауырсынуды қалай тоқтату керек?
Жауабы: Ауырсынуды басу үшін іріңді инфильтратты жою керек ол үшін зақымдалған аймақты іріңді сұйықтықтан тазалап яғни фрезалы саңылаулар жасап, антисептикалық ерітінділермен (хлоргексидин,натрийгипохлориді, гидроксиметилхиноксилиндиоксид) санациялап декомпрессивті дренаж қоямыз сол кезде интоксикация басылып ауырсыну басылады.
5. Асқынулары қандай аурулар болуы мүмкін?
Жауабы: Асқынулары біріншілік және екіншілік созылмалы остеомиелит және септикопиемия нәтижесінде басқа мүшелерде абцесс дамуы.

Есеп №2.
1. Сіздің диагнозыңыз?
Жауабы: Оң аяғының сан бөлігінің жедел гематогенді остеомиелиті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет