Рельс тізбектерінің негізгі элементтері мен аппаратуралары
Рельс тізбегі электр тізбегі болып табылады, онда қуат көзі (ИП), жол қабылдағышы (П) және рельс желісі бар. Рельс желісі-бұл жапсырмалармен қосылған жеке рельс буындарынан жасалған екі рельс жіптері. Рельстік жіптер балластқа салынған шпалдарға бекітілген.
Рельстік желі барлық РТ негізгі бөлігі болып табылады, ол бойынша таратқыштан қабылдағышқа (жол релесі) сигналдар беріледі. Рельстік желінің құрамдас бөліктері жолдың рельстік жіптері, түйіспелі және бағыттамалық қосқыштар, оқшаулағыш түйіспелер мен дроссель-трансформаторлар болып табылады.
Рельстік желіде жылжымалы бірлік болмаған жағдайда қорек көзінен жол қабылдағышына сигналдық ток ағады. Жапсырмалармен бекітілген жекелеген буындардан тұратын рельстік жіптердің кедергісін тұрақтандыру үшін ток өткізгіш түйіспелерде түйіспелік қосқыштар орнатылады. Рельстерге қосылу тәсіліне байланысты олар штепсельді және дәнекерленген болып бөлінеді.
Электрлендірілген учаскелерде дәнекерленген мыс рельсті қосқыштарды қолданған жөн. Мұндай қосқыштар тек сигналдық ғана емес, тарту тогына да кедергіні азайтуға арналған.
Қазіргі уақытта темір жол желісінде тұтас дәнекерленген рельстік жіптер кеңінен қолданылады, оларда түйіспелі қосқыштары жоқ.
Рельс тiзбектерiнiң негізгі элементтері болып қорек көзі, жол релесі, рельс желілері, рельс жалғағыштары, кабельдік тіреулер, оқшаулағыш түйіспелер және дроссель-трансформаторлар табылады.Тұрақты және айнымалы тоқтағы рельс тізбектері аккумулятор, түзеткіш, трансформатор, электромагниттік және жартылай өткізгіштік түрлендіргіштерден қоректенеді. Аккумулятор – бұл химиялық әрекет энергиясын электірлік энергияға айналдыратын тоқтың электрохимиялық көзі. Олар стансалық және перегондық тұрақты тоқ рельс тізбектерінде сенімді электірлік жабдықталған учаскелерде қолданылады. Тұрақты тоқтағы рельс тізбегін аккумуляторлық батареясы бар буферлік режимде жұмыс істейтін түзеткіш арқылы айнымалы тоқ желісіне қосады. Айнымалы тоқ желісінде ақау болған жағдайда рельс тізбегі 8 сағат бойы АБН-72 типті аккумулятордан қоректенеді (автоблокировочный с намазными пластинами и номинальной емкостью 72 А●ч). Бұл аккумулятор мырыш аккумуляторларына жатады; аккумулятордың бір банкасының кернеуі 2,2 В; минималды және максималды есептік кернеулері 1,9 және 2,4 В. Қорегі таусылған аккумулятор санды мөлшерде оның сыйымдылығының 0,1-не тең тоқпен 11-12 сағат бойы зарядталады. Үлкен мөлшердегі тоқта аккумулятор қатты қызып, оның пластиналарының белсенді массасы бұзылады. Аккумулятор разрядталғанда максималды тарау тоғы аккумулятор сыйымдылығының 1/10-інен аспауы тиіс; аккумулятордың қысқа тұйықталуынан сақтану керек. Өйткені бұл аккумулятордың мүлдем істен шығуына әкеп соқтырады. Түзеткіштер айнымалы тоқты тұрақты тоққа түрлендіреді. Рельс тізбектерінде олар буферлік режимдегі аккумуляторлармен жұмыс істеу үшін арналған. Рельс тізбектерінде ВАК типті түзеткіштерлі пайдаланады. (выпрямитель автоблокировочный, купроксный, ВАК-14А, ВАК-14Б, ВАК-14М, ВАК-14). Трансформаторлар рельс тізбегі, келістіруші және оқшаулағыш элементтердің қорек көзі және кодалану көзі ретінде қызмет атқарады. Рельс тізбектеріне қорек беретін трансформаторларды жолдық деп атайды. РТ- де трансформаторлардың келесі түрлерін қолданады: ПОБС; П – путевой, О – однофазный, Б – с броневым сердечником, С – сухой, т.е. с естественным воздушным охлаждением, ПРТ25 – путевой, релейный, ПТ – путевой. Трансформаторы типа ПОБС типті трансформатор 50 Гц сигналдық жиілікте, ПРТ және ПТ 25 Гц жиілікте жұмыс істейді. Әрбір трансформаторға номиналды қуаттылық; біріншілік орамаға есептелген номиналды кернеу тән. Электрмагниттік статикалық түрлендіргіштер рельс тізбегін қоректендіру үшін арналған. Олардың 4 түрі бар: ПЧ50/25-100УЗ, ПЧ50/25-150УЗ, ПЧ50/25-300УЗ, ПЧ50/25-40УЗ. 100, 150, 300 және 40 сандары шығу қуаттылығына сәйкес келеді. Түрлендіргіштер 110 және 220 В кернеулі өндірістік желіден қоректенеді. Дроссельтрансформаторлар кері тартым тоғының оқшаулағыш түйіспелерді айнала өткізілуін қамтамасыз етеді және рельстік желінің төменгі мәнді кедергісін релелік және қорек беруші ұштарындағы аппаратураның жоғарғы мәнді кедергісімен келістіреді. Рельс тізбектерінде дроссель-трансформатордың екі түрін қолданады:
тұрақты тоқ электрлік тартымында: ауа аралығы бар ДТ-0,2-500;
ДТ-0,2-
1000; ДТ-0,6-500М типті дроссель-трансформаторлар;
айнымалы тоқ электрлік тартымында: ауа қуысы жоқ ДТ-1-150, ДТ-1-250 типті дроссель-трансформаторлар қолданылады.
Бірінші сан – негізгі ораманың 50 Гц жиілікті айнымалы тоққа толық кедергісін, екінші сан – дроссель-трансформатордың әр жарты орамадан өткізе алатын тартым тоғының мәні. Ауа қуысы жоқ дроссель- трансформатордың негізгі орамасының кедергісі осы орамадан ӛтетін тоққа тәуелді. Сондықтан да 1 саны шамамен негізгі ораманың кедергісін анықтайды. Дроссель-трансформатордың негізгі параметрі – біріншілік ораманың кедергісі зауытта реттелетін 1-2 мм ауа қуысы мәнімен анықталады.