Рельс тізбегінің принципиалды


Кодалық рельс тізбегінің электрлік принципиалды сұлбасы, оның



бет5/8
Дата27.09.2023
өлшемі407,59 Kb.
#110483
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мариям

Кодалық рельс тізбегінің электрлік принципиалды сұлбасы, оның

жұмыс принципі, құрылғыларының тағайындалуы және олардың сипаттамасы


Жиілігі 25 Гц айнымалы токтың кодтық рельстік тізбектері айнымалы токтың электрлік тартымымен жабдықталған аралықтарда қолданылады. Айнымалы токтың кодтық рельстік тізбегі бағдаршамдардың көрсеткіштері мен АЛС іс-қимылдарының арасында байланыстыру үшін кодтық сигналдарды рельстік желі бойынша беруді қамтамасыз етеді. 25 Гц айнымалы токтағы кодалық рельс тізбегінің принципиалдыі сұлбасы 1.1-суретте келтірілген.
Жолдық дроссель-трансформаторлар кері тартым тогын оқшаулағыш түйіспелерді айналып өтуге және қоректендіруші және релелік ұштардың аппаратурасымен рельс тізбегінің төмен сомалы кіріс кедергісін келісуге арналған. Айнымалы токтың электрлік тартымы бар желілерде n=3 трансформация коэффициенті бар ДТ-1-150 типті жол дроссельтрансформаторлар орнатылады. Рельс тізбектерінің аппаратурасы дроссельтрансформатордың қосымша орамасына кабельмен қосылады, ол дроссельтрансформатордың корпусына бекітілген муфтада қосымша ораумен жалғанады.
КЖ, Ж немесе 3 кодалық сигналдары трансмиттерлік реле Т контактісімен жіберіледі(алда орналасқан блок-учаскелердің жағдайына байланысты).
Айнымалы ток электрлік тартылысын ендірудің бастапқы периодында рельс тізбектерінің автономды қоректенуіне арналған 50/25 Гц жиіліктегі статистикалық түрлендіргіштер болмаған. Автоблокировканың жоғарғы вольттық желісі бойынша жиілігі 25 Гц-тік энергия берілуі желілік, жолдық және сигналдық трансформаторларды алмастыру үшін үлкен шығынды қажет ететін болғандықтан 25 Гц жиілікті пайдалану мүмкін болмады. Сондықтан рельс тізбектерінде 75 Гц сигналдық жиілік қолданылды. Бұндай жиіліктегі ток тартымдық подстансаларда машиналық түрлендіргіштермен жасалынды. Онда екі тәуелсіз желілерден сигналдық нүктелердің резервтік қорегін қамтамасыз етуде үлкен қиындықтар туды. ПЧ-50/25 типті жиілік түрлендіргіштері жасалғаннан кейін сигналдық ток жиілігі 25 Гц РТ-не жаппай ауыстыру басталды. Осындай түрлендіргіштер болғанда автоблокировканың сигналдық нүктелерінің негізгі қорегі жоғарғы вольттық желіден алынатын өндірістік жиіліктегі токпен жүзеге асырылады, ал резервтік қорек электр беру желісінен қоректендіріледі. Жиіліктің үлкеюімен бірге рельс желісінің өшуі өсетін болғандықтан, жиілігі 75 Гц рельс тізбектерімен салыстырғанда жиілігі 25 Гц рельс тізбектерінде қолданылатын қуат азаяды; балласт кедергісінің төменгі мәнінде тұрақтырақ жұмыс істейді, шунттық сезімталдылығы әлдеқайда жоғары.
Сонымен, РТ-н қоректендіру ПЧ-50/25 жиілік түрлендіргіштер арқылы жүзеге асады. Түрлендіргіштің кірісі жиілігі 50 Гц болатын айнымалы ток торабына қосылған. Бұл жиіліктегі ток әсерінен контурдың индуктивтілігі ырықсыз өзгертіледі. Осының салдарынан түрлендіргіш шығысында жиілігі 25 Гц болатын өшпейтін тербелістер пайда болады. Тербеліс контурының конденсаторлары бөлек КПЧ блогында орналастырылған. Түрлендіргіш шығысында РТ-н реттеу үшін қажетті 5-175 В кернеуі алынуы мүмкін.
Код датчиктері ретінде шектес блок-учаскелердің рельстік тізбектерінде оқшаулағыш түйіспелердің қысқа тұйықталуын сұлалық бақылауды жүзеге асыру үшін кезектесетін КПТШ-515, КПТШ-715 штепсельді типті кодтық жол трансмиттерлері пайдаланылады.
Рельс тізбегінің қалыпты жұмыс режимі – кодалық. Кодтар
датчигікодалық трансмитер рельс тізбегінің қоректендіруші соңында релелік шкафта орнатылады. Импульстік жол релесі рельс тізбегінің кіріс шетінде релелік шкафта болады.
Жолдық қабылдағыш ретінде ИМВШ-110 немесе ИВГ-М импульстік жол релесі пайдаланылады. ИМВШ-110 релесі контактілердің жануы, түйіспелі пластиналардың сынуы салдарынан жеткіліксіз коммутациялық ресурс болады, бұл оны жыл сайын РТУ-да тексеруді талап етеді. ИМВШ110 релесінің ішінде корпусында төрт кремнийлі диодтан тұратын түзеткіші бар панель бекітілген.
Қазіргі уақытта кодтық рельс тізбектерінде ИМВШ-110 орнына ИВГ-М типті импульсті геркон релесі орнатылады, онда коммутациялық элемент ретінде сұйық металл (сынап) магнитпен басқарылатын геркон қолданылады, бұл жол релесінің қызмет ету мерзімін 10 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 6 В және 0,5 А кернеу кезінде тұрақты токтың электр тізбектерін ауыстырып қосуды 5 ∙ 108 кем емес қамтамасыз етеді.Салыстыру үшін ИМВШ-110 релесі ·107 ауыстырып қосуларды қамтамасыз етеді.
ИВГ релесі Iкласты сенімділік релесіне жатпайды. Сондықтан, ол ИМВШ-110 релесі сияқты, контактілердің дұрыс жұмыс істемеуі қауіпті істен шығуға әкеп соқпайтын сұлбалар қолданылуы мүмкін. Контактілер жұмысының дұрыстығы ДА типті дешифратор сұлбасымен тексерілуі тиіс.
Рельс тізбегінің шектегіші 200 Ом және қуаты 150 Вт болатын реттелмейтін резистор болып табылады. Ол әрқайсысының кедергілері 100 Ом және қуаты 75 Вт болатын екі тізбектей жалғанған ПЭВ-75 резисторларынан тұрады.
Дроссель-трансформаторлармен аппаратураны сәйкестендіру үшін релелік соңда ПРТ – А-ПТ типті және қоректендіргіш соңда ИТ типті трансформаторлар орнатылған.
Аппаратураны тарту тогы мен Найзағайлы разрядтардың әсерінен туындайтын импульсті асқын кернеулерден қорғау РВНШ-250 разрядтағыштарының немесе тегістегіштердің көмегімен жүзеге асырылады.
Кодтық рельс тізбегінің шекті ұзындығы-2500 м. шекті ұзындықтағы РЦ тұтынатын қуат қалыпты режимде 54 В•А құрайды, қысқа тұйықталу режимінде 100 В•А дейін өседі.
Тартқыш токтың кедергі әсерінен және оның гармоникасынан импульстік жол релесі ФП-25 жол сүзгішімен қорғалады. Фильтр 25 Гц сигналдық токтың өткізілуіне бапталған және тартқыш тогы мен оның гармонигі үшін үлкен кедергіні білдіреді. ФП-25 сүзгісі 50 Гц жиілікте 100 еседен артық кедергіні әлсіретеді.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет