Рәміздер
Анықтамалары
1. Діни
Рәміз өзінің қалыпының бейнелілігінің арқасында рәмізделінетін
нысанның бейне-көрінісін жасақтайды. Тылсым күшке сенімнің діни
сана-сезімнен
тұратындығы белгілі
, өйткені,
осы эмоционалдық
механизмдер діни түсініктердің қалыптасуында басты роль
атқарады. діни санадағы рәмізді философиялық-әлеуметтік талдау
тұрғысынан қарастырған М.Н. Ересько діни рәміздің танымдық
ерекшеліктерін діни санадағы басқа элементтер – образ және
белгімен
салыстырмалы қарастыра келіп
, «теологтар осылардың
арасында
рәмізге басымдық береді, өйткені, ол
киеліні білдірумен
бірге
, рәмізделген заттың іске асуына қатысады», – деген
қорытынды шығарады.
2.
Мифтік
Әлемдік мифология ауқымынан шықпайтын, тіпті, типологиялық
сипаты мен оған сәйкес келетін дүниенің, жаратылыстың әртүрлі
құбылыстары мен объектілерінің пайда болуын,
аспан мен жердің
жаратылуын, адамзаттың алғаш қалай пайда болғанын және аңдар
мен құстардың шығу
тегі мен мінезқұлқын, ерекшеліктерін түсіндіріп
баяндайтын прозалық шығармалар.Бастапқы көне адамдар
өздерінің күнделікті тіршілігіне қажет заттарға ғана мән береді.
Міне, осының нәтижесінде олар қиялға жүгініп неше түрлі мифтер
ойлап табады.
3.
Өнердегі
Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша
формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі
бір анықтама
беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау
жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер
жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”,
“сезім тілі”, т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар
өнердің күрделілігі мен санқырлылығына
сай оның мән-маңызын
тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты
қарастырушылар да болды.
4. Саясаттағы Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр
халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-
мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба,
Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының
қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б.
сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі
деңгейде қабылданған саяси
шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және
зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.
Тақырыбы: Рәміздер түрлеріне сараптамалық кесте
Қабылдаған:Насурлаева Г.
Тобы:1510-12
Орындаған: Ширинбекова Әсел