Тақырыбы: Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің даму тарихы



Дата25.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145762
түріСабақ
Байланысты:
сабақ

Тақырыбы: Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің даму тарихы

Оқытушы: Канатова А.

Жоспары:

  • Даму кезеңдері
  • Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Жеке қауіпсіздік сабақтары: Кибербуллинг. Одан қалай қорғануға болады?

https://www.youtube.com/watch?v=4h3T5glFlrM

https://www.youtube.com/watch?v=rO0uamX2bDY

https://www.youtube.com/watch?v=dkOStuELMBY

Апта дәйексөзі

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі де өзге пәндер тәріздес даму кезеңдерінен өткен.

    • Бірінші кезең – әдістеменің эмпирикалық дамуы. Балалардың матемтикалық қабілеттерін дамытудың түп тамыры халықтық педагогикаға негізделген, яғни санамақтар, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер. Қазақ әдебиетінің құралдарын балаларды санауға үйретуге, заттың көлемі мен пішінін таныстыруда ұтымды пайдалана білген.
    • Осы кезеңде Ресейде педагогиканың негізін салушы Я.А. Коменский, И.Г. Песталоций, Л.Н. Толстой, Ф.Фребель алдын ала даярлықсыз мектептегі математика пәнінің бағдарламасын меңгерудегі қиындықтарды анықтаған.

Екінші кезең – ХХ ғасырдың 20-30 жылдары мектепке дейінгі қарапайым математиканың әдістеме ретінде қалыптасу кезеңі. Әдістеменің балаларды оқыту мазмұнын, әдіс-тәсілдерін анықтауда Е.И. Тихеева, Ф.Н. Блехер, Л.В. Глаголеваның еңбектерін атап өткен жөн.
ХХ ғасырдың басынан мектепке дейінгі балаларды оқытудың ғылыми негізделген дидактикалық жүйесі құрастырыла бастады. Бұл революцияға дейінгі кезеңде Ресейде әдістемелік құралдар отбасы мен балабақшадағы математиканы оқытуға бағытталған. Ата-аналар мен тәрбиешілер математиканы оқытудың мазмұнынмен таныстырылды.
1912 жылы В.А.Кемництің «Математика в детском саду» атты әдістемелік құралы жарық көрді. Оның мазмұны: ойындар, әңгімелер, жаттығулар, 1-ден 10-ға дейін санау, пішін, көлем оның өлшемі 1939 жылға дейін Ленинград балабақшасы санауға Л.В. Глаголеваның әдістемесіне негізделіп, таныстырған. Оның сандарды санау және бейнелеу арқылы үйретуге сүйенуді ұсынды. Сондай-ақ әдістерді бірнеше түрлерін ұсынған:
- тәжірибелік әдіс; - иллюстрациялық; - зерттеушілік; - көрнекілік;
- ойын әдістері.
Үшінші кезең – ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастау алды. Мектепке
дейінгі қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың ғылыми дидактикалық негізделген жүйесі құрылды. Оның мазмұнын анықтау, балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен тәсілдері, дидактикалық материалдар жинақтала бастады. Балаларды оқыту үрдісінде А.М. Леушина сан және санау түсініктерін дамытудың теориясы мен әдістемесін ұсынды.

Төртінші кезең – ХХ ғасырдың 60-70 жылдары. Сан және санау әрекеттерінің даму заңдылықтары зерттелініп, балаларды ерте жастан бастап таныстыруды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан негіздей бастады. Ерте жастан бастап балалардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып педагог- психологтер оқыту материалдар, дамытушылық ойындар, әдістемелік құралдар жазды. Бұл кезеңнің негізгі зерттеушілері: И.А. Френкель, Н.А. Менчинская, Н.Н. Лежавы, А.М. Леушина, Н.Г. Бакст. Ал, ХХ ғасырдың 80 жылдары ұарапайым математикалық үғымдарын қалыптастыру әдістемесінің түрлі мәселелері зерттелінді. Келесі зерттеушілерді атап айтсақ, Т.В. Тарунтаева, В.В. Данилова, Г.А. Корнилова, Т.Д. Рихтерман еңбектерінде баяндалды.

Бесінші кезең – ХХ ғасырдың 80-90 жылдары. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сәйкес мектепке дейінгі қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың біршама жаңашыл идеялары ұсынылды. 80 жылдардан бастап әдістеменің мазмұнын жаңарту жолдарымен қатар, жаңашыл әдістерді қарастыру басталды. Қазақстандағы математиканы зерделеуші ретінде педагог
Енді алтыншы кезең ретінде ХХІ ғасырдың педагог-зерттеушілердің қосып жатқан үлестерімен бөліскіміз келеді. Атап өтсек, Құрманалина Ш.[13], Оспанов Т.Қ.[17], Абдрахамонов Қ., Ермекбаева А.[1], Баймұратқызы Б.[6], Сансызбайқызы М., Қосанов Б.[14], Акпаева А.Б., Лебедева Л.А.[2], Балабаева А.И. [7] және т.б.

«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

  • 1) сенсориканы (1 жастан 3 жасқа дейінгі бөбек жасы топтарында), математика негіздерін;
  • 2) құрастыруды;
  • 3) жаратылыстануды қамтиды.
  • Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар Үлгілік оқу жоспарларында белгіленеді.

  • Жас топтары бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің аптадағы жалпы көлемі келесі:
  • 1) ерте жас тобы (1-2 жастағы балалар) –ұзақтығы 7-15 минуттан 7 сағат;
  • 2) І кіші топ (2-3 жастағы балалар) –ұзақтығы 7-15 минуттан 9 сағат;
  • 3) ІІ кіші топ (3-4 жастағы балалар) –ұзақтығы 7-15 минуттан 11 сағат;
  • 4) ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар) –ұзақтығы 15-20 минуттан 12 сағат;
  • 5) ересектер тобы (5-6 жастағы балалар) –ұзақтығы 25-30 минуттан 17 сағат;
  • 6) орта білім беру ұйымындағы мектепалды даярлық сыныбы (6-7 жастағы балалар) –ұзақтығы 25-30 минуттан 20 сағат.

Қорытынды:
Даму кезеңдері неше кезеңнен тұрады?

Үйге тапсырма: Презентация дәріс бойынша 3 сұрақ дәріс бойынша «Баланың логикалық ойлауын дамытуға арналған ойын» 3 (мақсаты, міндеті, барысы, қай жас тобына арналған)


Кері байланыс: бұрын не білдім, бүгін не білдім, нені ұмытпауым керек?

Топтық жұмыс:


1NEXT
2
3NEXT

4 жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды таныстыру

3 жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды таныстыру

5 жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды таныстыру



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет