42. Жеке өмiрбаяннын үлгiсiн жазыңыз. Өмірбаян жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылатын ресми құжат. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады.
1.Адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты- жөнін, туған күнін толық көрсетеді. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады , көлемі жағынан шағын болады.
2. Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады.Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп, қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі.
3.Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық саяси қызметтері өз тарапынан емес,басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар – А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, А.С.Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады.Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әртүрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді. Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың бірі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза,жүйелі түрде сиямен жазылады. Арнайы қағазға да жазылуы мүмкін.
Өмірбаян Мен, Серік Жүмаділұлы Қалымбетов, 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы, Бәйдібек би ауданы, Боралдай ауылында қызметкерлер отбасында тудым. 1990-2001 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы 3. Шүкіров атындағы №20 орта мектепте оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік окушы екенімді көрсете білдім. Әр түрлі қоғамдық жүмыстарды атқардым, спортпен шұғылдандым. Ата-анам бар: әкем – Ж. Қалымбетов Шымкент қаласында жекеменшік кәсіпорнында жұмыс істейді. Шешем ~ 3. Қалымбетова Шымкент қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілінен сабақ береді. 2001 жылы аталған мектепті бітірген соң, Қазақстан-Британ техникалыуниверситетіне мұнайшы-инженер мамандығын алу үшін окуға түстім. Бүгінгі таңда осы оқу орнының 2-курс студентімін, мен үйленбегенмін.