Сіздің басыңыздан өткен киберқылмыс елімізде қаншалықты жиі орын алады деп ойлайсыз? Мүмкін таныстаыңызда болған шығар.
Бұндай менің таныстарымда, туыстарымда болмаған. Бірақ қазір біреуге заандап кредит алып алып жатады гой, оңай бәрі сол үшін инстаграмнан парақша ашып, ақша сұрауда көп кездеседі ау.
Болашақта осындай жағдай қайта орын алса, ҚҚО-на жүгінесіз бе?
Білмеймін, егер жақындарымды алдап, қомақты ақша алып алатын болса, бәлкім баратын шыгармын.
Киберқылмыстың алдын алу мақсатында қандай сақтық шараларын ұсына аласыз?
Барлық ақпараттардан хабардар болу керек деп ойлаймын. Өзі жайлы жеке ақпараттарды ашық түрде көрсетпеу керек, инстаграмм акаунтты закрытый қылу керек шығар.
ҚҚО-на бұрын соңды жүгінбегендіктен, олардың қызмет көрсетуін бағалай алмады.
Не көп уақыт қажет, немесе жылы жауып қоя салады деген ойда.
Қазіргі таңда киберқылмыс жасау оңай, біреудің атынан несие алу немесе әлеуметтік желілер арқылы ақша сұрау.
Қомақты ақша болса, ҚҚО-на жүгінеді.
Ақпараттардан хабардар болып, жеке басы жайлы ақпараттарды желілерге ашық салмаса, киберқылмыстың алдын-алуына болады.
Әлеуметтік желілерде адамдардың өзі жайлы ақпаратты жария етуі, киберқылмысқа алып келеді, себебі қылмыскерге ақпарат алу оңай.
Қылмыскер респонденттің инстаграм парақшасынан фото ұрлап, жалған аккаунт ашып, таныстарынан қарызға ақша сұраған.
Қылмыскер алдын-ала респонденттің және оның күйеуінің парақшаларын бұғаттап тастаған.
Респондент әлеуметтік желідегі парақшасының ашық болуы құрбан болуына алып келді деп ойлайды.
Респонденттің таныстары белгісіз парақшадан хат алған кезде күдіктеніп, респондентке тікелей жазған.
Респондент дәл сол сәтте таныстарына бұл жайт жайлы ескерту жасаған.
Киберқылмыс жайлы басынан өткен соң білді.
Қараңғы бөлмедегі хакер елестейді.
Қорытындылай келе, респондент киберқылмыс жайлы құрбан болғаннан кейін білді. Балнұрдың ойынша, оның әлеуметтік желілерге өзі жайлы ақпараттар мен суреттерді жариялауы киберқылмыс құрбаны болуына алып келді. Респондент ҚҚО-на мәселесімен жүгінбеді, себебі қылмыскерді таба алмайды деп ойлады. Балнұрдың бұрын-соңды ҚҚО-на жүгініп көрмегендіктен, өзінің сенім деңгейін бағалай алмады. Алайда, болашақта қомақты ақшамен қылмыс жасалатын болса, міндетті түрде жүгінеді деген ойда. Киберқылмыс жайлы ақпараттардан хабар болу және әлеуметтік желілерді жабық жүргізу киберқылмыстың алдын-алуына болады деп санайды.